ІІІ.Жұмыстың зерттеу бөлімі ІІІ.1.Картоп чипсиіндегі үлкен қауіп Әр күні миллиондаған адамның жеген чипстері өздеріне қауіп төндіруде. Кейбір тағам өндіруші ұйымдар темекідегі секілді чипс қораптарының сыртына да денсаулыққа зиянды деген ескертулер жазылу керектігін ұсынуда. «Чипси жеудің май жеуден айырмашылығы жоқ» деген мамандар, қатерлі ісіктен бастап салмақ қосуға, қант диабетінен бедеулікке және бірнеше ауруларға себеп болатынын айтып дабыл қағуда. Құрамында 10 пайыз мөлшерде май бар. Бір күнде 35 грамм чипси жеген адам 1 жылда 5 литр май ішкенмен бірдей болады. Әлемдегі көптеген ұйымдар, университеттер чипстің зиянды екенін айтып, түсіндірседе, адамдар жеуді тоқтататын емес. Керісінше жыл сайын чипси жейтін адамдардың саны артып келеді. Чипсидің құрамында майдан басқа тұздың бар болуы, одан да денсаулыққа қауіпті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыны мен Американың азық – түлік ұйымының айтуы бойынша, әр бір ересек баланың күніне ең кем дегенде 6 грамм тұз бен 65 грамм май жеуі керек, Күніне 2 пакет чипси жейтін адам бұл мөлшерден артық жеген болады. Шамадан тыс жеген май мен тұз, холестирин, миокард инфаркті және паралич сияқты қауіпті ауруларға жол ашады. Англияда YouGovатты ұйым тарапынан жасалған зерттеуде, халықтың үштен бірінің әр күні бір пакет чипси жейтіні, үштен екісі аптада бірнеше пакет чипс жейтіні мәлімденді.Чипстегі қауіптердің маңыздылығына тоқталып осы мәселе бойынша кітап жазған Майкл Мос,ондаған жыл зерттеу жүргізіп үлкен азық-түлік өндіретін фабрикалардың мида тәбетті қоздыру орталығына әсер ететін өнімдер шығаратынын мәлімдеді. Қазіргі таңда чипстердің өзіне тәуелділік қалыптастыратынын айтқан Мос: «Чипсиді тістеген кезде дауысы қаншалықты қатты шыққан сайын, адамның соншалықты көп чипси жегісі келетін сезім пайда болады» деді.