Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектеп Ғылыми жобаның тақырыбы



бет6/18
Дата28.02.2022
өлшемі56,99 Kb.
#133706
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Картоп чипсилерінің зияны

ІІ. Негізгі бөлім:
ІІ.1. Картоп чипсилері туралы жалпы мағлұматтар, шығу тарихы
«Чипси» ағылшын тілінен аударғанда (ағылш. chips — жоңқа) жоңқа деген ұғымды білдіреді екен. Бүгін атаулы дата болған соң, аталған жеңіл астың дүниеге келу тарихын сіздерге ұсынып отырмын. Жұқалап жапырақтап турап қайнатылған және ыстық ауамен кептірілген я болмаса картоп езбесінен жұқа қабатты етіп кептірілген дайын қытырлақ картопты өзге елдерде «картоп вафлиі» деп те атайды. Ал «чипси»-ды байқаусызда ойлап тапқан Джордж Крам атты үнділік азамат. 1853 жылдың 24-ші тамызында АҚШ-тағы Сараторга-Спрингс демалыс орнындағы Moon Lake Lodge мейрамханасында шеф-аспазшы қызметін атқарып жүргенде аталған асты жасаған екен. Аңыз-дәйектер айтуынша, Moon Lake Lodge -дің ең таңдаулы фирмалық асы болып «картоп фриі» саналған. Бірде теміржол кәсіпкері Вандербильт кешкі ас үстінде тамақ жеуден бас тартады. Сол кезде артық салмақты кәсіпкеррді аяған шеф-аспаз Крам,Вандербильтке арнап тамақ жасай бастайды. Қалыңдығы жұқа қағазбен тең картоп турап, қуырады. Түрлі дәмдеуіштер қосып дайындайды. Алайда бұл тамақ кәсіпкер мен достарына қатты ұнайды. Сүйікті тамақтарына айналады.1929 жылы Фриман Макбет деген өзі өзідігінен үйренетін «чипси» маманы, «чипси» пісіретін қазандық ойлап тапты. Міне, сол уақыттан бері (чипсидың пісіру әдісі ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ. Дәл осылай жасалып келеді: шикі картоптың арнайы сұрыпын таңдап алады, кір тазалайтын щеткамен кірінен жақсылап тазалап, арнайы ыдысқа картоптазалағыш суға салынады. Тазаланған картопты келесі жіңішкелеп турайтын құралға апарып, дөңгелете кеседі. Ертеректе пышақшалары кәдімгі тегіс болды, бірақ аспаздарға бұл іш пысарлық болып көрінсе керек, әйтеуір соңғы кездері бұйра-ирелең турайтын құралдар пайдаланылды. Кесілген жапырақшалар үлкен қамбаға түседі. Мұнда қалған крахмалдар тазартылады да арнайы қайнатылған маймен кептіріледі. Майға осылайша булана-қуырылып жатқанда тұз араластырылады. Сондай-ақ чипсиға құмартатын дәм беру үшін «кесілген-тұздалған картопты» арнайы дәмдеуіштер толы қамбаға салып, булайды. Қорапшалар алдын арнайы тексеруден өткізіледі. «Іріктеуші маман» деп аталатын құрал чипсидың әрбір жапырағын тексереді. «Чипси» дайындаудың бар уақыты небәрі 15 минутты талап етеді. Сондықтан чипсиды үй жағдайында жасауға болады. Тек аталған құрылғылардың үй жағдайын арналған үлгісін сатып алсаңыз болғаны. Алғашында чипси тек элиталық мейрамханаларда ғана сатылатын. Кейіннен қытырлақ картоп азық-түлік дүкендерінінің сөрелерін де жаулап, біртіндеп фастфуд қатарына енді. Бүгінде диетологтар мұны балалар жеуге болмайтын тағамдардың тізіміне қосып отыр. Чипсиды алғаш ойлап тапқан адам – америкалық қымбат мейрамханалардың бірінде бас аспазшы болған Джорд Крам деген азамат. Тіпті чипсидың нақты қай жылы, қай күні пайда болғаны да белгілі: 1853 жылдың 24 тамызы. Бірде мейрамханаға келген қонаққа өте қалың кесілген фри картобы ұнамай, бас аспазшыны әбден сөгеді. Елдің алдында қатты қысылған Крам картопты жай ғана жұқа емес, тіпті өте жұқа етіп дөңгелектеп кесіп, екі жағын кезек-кезек қытырлақ болғанша майға қуырған екен. Осы тағамның дәмін татып көрген қонақ риза болып, осы тағамды чипси деп атаған екен. «Чипси» ағылшын тілінен аударғанда «бөлшек» дегенді білдіреді. 1932 жылы Америкада картоп чипсиларының дәмін түрлендіріп жасау үшін тіпті ұлттық институт та құрылған. Ал Ресейде алғаш чипсы Ленинград блокадасында пайда болыпты. Мұнда балаларға картопты жұқа етіп кесіп, пешке қақтап берген екен. Бүгінде балалар сүйіп жейтін бұл тағам картоптың белгілі бір сорттарынан немесе картоп ұнтағынан, басқа да зиянды қоспалардан жасалады. Мамандар чипсиға адам тез үйір болады дейді. Алайда бұл тағамның ағзаға ешқандай пайдасы жоқ екенін айтып, мамандар дабыл қағуда.
Қазіргі таңда қолдарынан келгенше мамандар ол нәрселердің құрамын тексереді. Талап сай емес болса сатуға тыйым салады. Қазіргі таңда екінің бірі сухарикиге әуес. Оның зиянын білмейді. Және оны алғанда құрамымен танысып, жарамдылық мерзімін қарамайды. Сондықтан осындай жайттарға ұшырайды."Кириешки" атымен танылған қытырлақ нанның адам денсаулығына пайдасы болмаса да, оны көп тұтыну зиян екені дәлелденген. Қытырлақ нанның негізгі құрамы арнайы сұрыпты ұннан жасалғанымен, түрлі дәмдеуіштер мен көп мөлшердегі тұздар ұнның барлық дәрумендерін жояды екен. Ал үй жағдайында оның құрамындағы май мен тұзды қалай анықтауға болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет