1) осы Шартқа, білім беру ұйымының Жарғысына, білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидаларына және білім беру ұйымы қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес білім алушыдан адал және тиісті міндеттерді орындауын талап етуге құқылы.
4. Білім беру ұйымы өзіне мынадай міндеттемелер алады:
1) Күндізгі оқу нысаны бойынша 0105000 – «Бастауыш білім беру»мамандығы 0105083 – «Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша оқитын ББ-Б-18 тобының білім алушыларын оқу үдерісінің кестесіне сәйкес 2021-2022 оқу жылында төмендегі кәсіптік практика түрі бойынша практикадан өту үшін кәсіпорынға жіберу:
- «Баланың мектептегі алғашқы күні»– 01.09-07.09.2021 ж.
2) білім алушыларды осы Шартта көрсетілген міндеттер мен жауапкершілікпен таныстыру;
3) кәсіптік практиканың бағдарламасын және кәсіптік практикадан өтудің күнтізбелік кестесін кәсіпорынмен бірге әзірлеу және келісу;
4) кәсіпорынға (ұйымға) кәсіптік практиканың басталуынан екі апта бұрын білім алушылардың санын көрсетіп, кәсіптік практиканың бағдарламасын, практикадан өтудің күнтізбелік кестесін ұсыну;
5) білім беру ұйымының тиісті мамандықтары бойынша оқытушылар және өндірістік оқыту шеберлері арасынан практика жетекшілерін білім беру ұйымының басшысының бұйрығымен бекіту;
6) кәсіпорынның қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын еңбек тәртібін және ішкі тәртіп ережелерін білім алушылармен сақталуын қамтамасыз ету;
7) білім беру бағдарламасы мен оқу процесінің кестесіне сәйкес білім алушының кәсіптік практикадан өтуін ұйымдастыру және мерзімді бақылауды жүзеге асыру;
8) кәсіпорынның қызметкерлеріне білім алушылардың кәсіптік практикасын ұйымдастыруға және өткізуге әдістемелік көмек көрсету;
9) қажеттілігіне қарай кәсіпорынға білім алушылардың оқу жетістіктері туралы мәліметтер беру;
10) егер практикадан өту барысында білім алушылардың қатысуымен жазатайым келеңсіз оқиғалар болған жағдайда оларды тергеуге қатысу;
11) білім беру ұйымы таратылған немесе білім беру қызметі тоқтатылған жағдайда кәсіпорынды (ұйымды) хабардар ету және басқа білім беру ұйымында білім алуды жалғастыру үшін білім алушыларды ауыстыру бойынша шаралар қабылдау.