Сабақтың мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейте отырып, «Сүйіспеншілік» құндылығының мәнін ашу. Сабақтың міндеттері: Білімділік: Оқушыларға отбасының маңыздылығы жөнінде түсінік бері;
Дамытушылық: Оқушыларды отбасы құндылықтарын қастерлеуге баулу;
Тәрбиелік: Оқушыларды мейірімділікке, қамқорлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
|
Ресурстар: (құралдар мен материалдар) Оқулық , дәптер
және интер тақта,шар.
|
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылардың сабаққа қатысуларын және оқу құралдарын тексеру.
ә) 5 «Т» ережесін еске түсіру.
Тәртіп +cүйіспеншілік
Талап
Тазалық
Тыныштық
Татулық
ІІ.Тыныштық сәті. (Жағымды күйге ену)
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын алып, шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!
Балалар «Нұрға боленуде» қандай әсерде болдыңыздар?
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Тақырыбы: 18– сабақ, 95-97 беттегі
Ш. Айтматовтың «Мұрап» атты мәтінін оқып келу.
1. Мәтіннен қандай ой түйдіңіздер?
2. Қаратайдың отбасына қандай сипаттама берер едіңдер?
3. Отбасының берекелі болуы кімге байланысты деп ойлайсыңдар?
|
|
ҮІІ.Топпен ән айту. Ана туралы жыр
Сөзі: Ғ.Қайырбековтікі
Әні: Ш.Қалдаяқовтікі
Әлемнің жарығын
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін
Жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың
Қанатын самғаған.
Балалық құштарым
Өзіңе арнаған
Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап
Өсірген жемісің.
Самал жел, сая бақ
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей
Көзіңнен танимын.
Өтеуге борышым,
Анашым жан сырым.
Іздедім сен үшін
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын
Сыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ем ай, күнін
Қолыма түспеді
|
|