Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы Жосалы кенті Ү. К. Томанов атындағы №183 орта мектептің ғылыми-әдістемелік орынбасары Таширова Жадыра Нурадинқызы Топтық жұмыстар арқылы оқушылардың шығармашылығын қалай дамытуға болады?
Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы Жосалы кенті Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектептің ғылыми-әдістемелік орынбасары Таширова Жадыра Нурадинқызы
Топтық жұмыстар арқылы оқушылардың шығармашылығын қалай дамытуға болады? Қазіргі таңда әлем қарыштап дамып жатыр.Өркениетіміз бен мәдениетіміздің дамуы арқылы біз бәсекеге қабілетті елдердің көшбасшысы болуға толықтай мүмкіндігіміз бар.Ал өркениет пен мәдениетті дамытатын кімдер? Ол,әрине,білімді ұрпақ.Ал білімді ұрпақты тәрбиелеп,көшбасшы қатарына қосу үшін біз,педагог қауымы қандай қажеттілікке қол жеткізуіміз керек? Оқушымыз көшбасшы болу үшін қандай білімнің түрін қолдануымыз қажет?ХХІ ғасырдың оқушысын қалай дайындауымыз керек және өзіміз соған лайықтымыз ба?Міне осындай сұрақтың төңірегінде көп ойланамыз.
Әрине,Сол міндеттерді жүзеге асыру үшін әр мұғалім өзінің тәжірибесіне жаңалықтар мен өзгерістерді енгізіп отырғаны дұрыс.Сонда ғана мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі дами түседі.Сонымен бірге мұғалім көрсеткіші оқушының білім сапасы арқылы дәлелденеді.Ал оқушының білім сапасын қалай арттырамыз деген мәселе, бұл күн тәртібіндегі бірінші мәселе екені белгілі.Осы мақсатта өзім жұмыс жасап жүрген Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы,Жосалы кентіндегі Ү.К. Томанов атындағы №183 орта мектепте 8 «а» және 3 «А» сынып оқушыларының білім сапасын арттыру үшін және пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуын, кәсіби шеберлігін, бақылау дағдыларын дамыту мақсатында бірлескен түрде білім кеңістігінде кеңінен танымал жапондық Lesson Study тәсілін жүзеге асыруды жоспарладық.
Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл екені белгілі. Не себептен бұл сыныптар таңдап алынды?-деген сұрақтар туындауы мүмкін.Себебі:өткен оқу жылы қорытындысымен бұл оқу жылындағы білім сапасын салыстыру барысында бұл сыныптардың білім сапасының төмендеп кеткені байқалды.Сол себептен пән мұғалімдері ақылдаса келіп,нысанаға осы сыныптар таңдалып алынды.Зерттеу сабағын бастамас бұрын мұғалімдерден шағын екі топ құрылды.Әр топтың модераторы болып,көшбасшы мұғалімді тағайындадық.Алдын ала сыныптың сабақтарына қатысып,бақылау жұмыстары жүргізілді.Сауалнамалар алынды.Сауалнама барысында оқушыларға «Сабақтың қай бөлігі ұнайды?Қандай сабақтар қиындық келтіреді?Қай пәндерге қызығасың?Үй тапсырмасын жасауда қиындық келтіретін тұстар бола ма? т.б деген сияқты сұрақтарды қамтыдық.Сауалнама нәтижесі бойынша оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауда қиналатындықтары байқалды.Тапсырманы орындауда көмек қажет ететіндіктерін білдік.Осындай зерттеулерге сүйене отырып,зерттеу сабағының мақсатына:Оқыту мен оқуды талдай отырып,топтық жұмыс түрлері арқылы оқушылардың білім деңгейін қалай көтеруге болады? Деген сұрақты қойдық.Зерттеу сабағы үшін 8 «а» сыныбына алгебра, 3 «а» сыныбына әдебиеттік оқу пәндері таңдалып алынды.Топ мүшелері алдын ала бірлесіп,Lesson study жоспарын жасадық.Зерттелетін оқушылар таңдап алынып,бақылаушы мұғалімдер бекітілді.Төрт тізбектелген сабақ өткізілді.Топ мүшелері әр сабақтың жоспарын пән мұғалімдерімен ақылдаса отырып жасады.Сабақтан соң оқушылардан сұхбат алынып,кері байланыс жасалды.Сабақтан соң топ мүшелері ақылдасып,талқылып,елесі сабақтың жоспарын жасады.Бұл жұмыс жоспарлы түрде әр сабақ сайын жүргізіліп отырды.
Енді осы зерттеу сабақтарында біз нені байқадық?Оқушылардан сұхбат алу барысында не нәрсеге көңіл бөлу керек екенін білдік?
Оқушылар 1-сабақта берілген тапсырмаларды ұйымшылдықпен қызыға орындап отырды.Бірақ көп жағдайда мұғалім жетелеуімен жұмыс жасады. Тапсырмаларды дайындағанда оқушылардың деңгейінде ескерген дұрыс.Қасындағы оқушымен ой бөлісуге назар аудармай,тек өз бетінше жұмыс жасап отыра береді.Келесі сабақта логикалық,шығармашылық тапсырмалардың түрін көбейтуді жоспарладық.Оқушылар 3-4 сабақтарда топпен жұмыс жасауға дағдыланып,берілген тапсырмаларды бірге талқылауға ұйымдаса ат салысты.Сабақ барысында қолданған «органайзер», «Сөйлейтін қабырғалар», «лото», «бинго» т.б сын тұрғысынан ойлауға жетелейтін әдістер оқушылардың бірлесе жұмыс жасауына оң әсер берді деп ойлаймын.Соңғы сабақтардан соң оқушылардан сұхбат алғанда олар: «бұл сабақтардың өдеріне жақсы әсер бергенін айтты.Бірінші сабақтарға қарағанда үшінші,төртінші сабақтарда жауапкершілікті сезініп,қасыдағы оқушымен бірлесіп жұмыс жасау керек екенін түсіндім.Алдыңғы сабақтарға қарағанда осы сабақтарда есепті жақсы шығарған сияқтымын»- деді (В деңгейінде таңдап алған оқушы).
Осы зерттеу сабақтарының нәтижесінен нені байқадық?
А деңгейіндегі оқушы өзіне берілген тапсырмаларды белсенділікпен орындай отырып,топ мүшелерінің толық қатысуына ықпал жасады.Өзінің бойындағы көшбасшылық қасиетті көрсете отырып,сынып ішінде ынтымақтастық орта қалыптастыра білді.Берілген логикалық тапсырмаларды тереңнен ойлап,нәтижесін табуға тырысты.
В деңгейіндегі оқушы бұрын сабақ процесінде немқұрайлы отыратын.Тіпті 1-сабақта мүлдем ешнәрсе жазбаған болатын.Одан кейінгі сабақтарда жауапкершілікті сезініп,қасындағы оқушылармен бірге есептің шешімін табуға тырысты.Берілген формулаларды қорытып,пікір айтуға,қол көтеріп жұмыс жасауға қалыптаса бастады.
С деңгейіндегі оқушы алғашқы сабақтарда тек берілген тапсырмаларды көшірумен шектелген болатын.Соңғы сабақтарда тақтаға шығып,есеп шығарып,өзінде қозғалыс бар екенін көрсетті.Жеңіл есептердің қатесін тауып,өз бетінше жұмыс жасауға талпынды.
Бұл зерттеу сабағы оқушылар үшін ғана емес мұғалімдер үшінде оң өзгеріс берді.Себебі әріптестерім әр сабақ жоспарын жасауда ізденіп,ұыныстар айтып отырды.Олардың кәсіби дамуына,оқушылардың пікірлерін тыңдап,қажеттіліктерін байқауға,сынып оқушыларын бақылау әдісін үйренуге көп көмек болды. Зерттеу соңы талқыланып, нәтижесінде жалпы сыныптағы әр түрлі деңгейдегі оқушылар бойынша өзгерістерді анықтап, алдағы уақытта басқа да пәндер бойынша жалғастыру жұмыстарын жүргізуге ұсыныс айтылды.
Әрине,мен бұл пікіріммен бір сыныптың білім деңгейінің нәтижесін тізбектелген төрт сабақ негізінде жолға қоя алдым деп айта алмайын.Бұл Lesson Study –зертеу сабағы үнемі мектепте мұғалімдер арасында қызығушылық танытып,ұйымшылдықпен жүргізіліп отыратын үдеріс.Сондықтан оқушылардың білім сапасын көтеру үшін және мұғалімдерге әдістемелік көмек болуы үшін алдағы уақытта да бұл жұмысты жалғастырамыз деп ойлаймын.