Қызылорда облысы.Қазалы ауданы.Қазалы қаласы.№3 «Өрімтал» балабақшасы ІІ санатты тәрбиеші Райымкулова Мауегул Узбековна Білім беру саласы



Дата08.06.2018
өлшемі21,3 Kb.
#41675
Қызылорда облысы.Қазалы ауданы.Қазалы қаласы.№3 «Өрімтал» балабақшасы

ІІ санатты тәрбиеші Райымкулова Мауегул Узбековна

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды

қалыптастыру



Тақырыбы: 4 санымен таныстыру. Үлкен, кіші, кішкентай.

Мақсаты: 4 цифрын 4 санының таңбасы ретінде таныстыру. Сандық қатардағы орнын

анықтау. Өзге цифрлар арасынан табу. Заттарды көлеміне қарай салыстыруды

үйрету.Баланың зейінін дамытуға ықпал ету.

Блингвалды компонент: төрт- четыре, үлкен-большой, кіші-мальнкий.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, санау, жұмбақ шешу.

Көрнекіліктер: сандар, геометриялық денелер, үлестірмелі материалдар,

Математика әлемі.




Іс-әрекеті кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Достарымды көргенде,

Қуана қарсы аламыз.


Өлең жолдарын қимыл-қозғалыстар арқылы жасаймыз.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Бүгін бізде ашық ұйымдастырылған қарапайым математикалық ұғым оқу іс-әрекеті.

Бүгінгі тақырыбым 4 цифырымен танысу және үлкен, кіші, кішкентай сөздерін пайдалана отырып, заттарды көлеміне қарай салыстыруды үйренеміз.

-Балалар тыңдаңдаршы біреу есік қағып тұрған сияқты.

Қонаққа «Математика аншайымы» келеді.

Сәлеметсіңдерме, балалар!

-Балалар мені таныдыңдар ма?

-Мен математика ханшайымымын.

Бүгінгі көңіл күйлерің қалай?

Ендеше математика әлеміне барғыларың келе ме?

Мен сендерді математика әлеміне саяхатқа шақырып келдім.

Онда пойызға отырып жолға шығайық.

Қане кімніңбойы ұзын,

Паравозы ол пойыздың

Қатар-қатар тұрайық

Пойызды біз құрайық.

-Балалар әндетіп математика әлеміне де келіп жеттік. Қараңдаршы қандай ғажайып әлем. Неткен әдемі пішіндер, сандар.

Балалар қараңдаршы біздің өткен сандарымызда тұр екен. Олар бір-бірімен адасып қалған сияқты. Ретімен қойын тура және кері санайықшы

Мұнда бүгінгі танысатын 4 санымызда бар екен.

Математика ханшайымы:

-Балалар менің сендерге бірнеше тапсырма тапсырмаларды орындайсыңдар ма?

Орнымызға отырып тапсырмаларды орындайық.

1-тапсырма.

1-4-дейін тура және кері қазақша, орысша ағылшынша санау.



2-тапсырма

Сандар туралы тақпақтар айту.

1-саны:

2-саны:


3-саны:
4-саны:

3-тапсырма:

Үлестірмелі материалмен жұмыс.Балаларға үстел-үстіне сандар карточкасын таратып беру. Карточкадағы, санды жолақша ішіне дөңгелектер арқылы қою.



4-тапсырма

Есеп жұмбақтар шешу

1 «Көршісін тап»

2. 3.


Үш алманы бақтағы,

Кірпі барып жинады.

Ең әдемі тәттісін,

Түлкіге ол сыйлады,

Кірпідегі алманың,

Санап көрші қалғанын.



Сергіту сәті

Мынау менде басбармақ,

Бар жұмысты басқарат.

Төрт досы бар өзінің,

Кәне, кәне санайық,

Санап біліп алайық.

1,2,3,4

5-тапсырма

Заттардың санына қарай цифрды қой. Балаларға әр түрлі үлгідегі суреттер таратылып беріледі.



6-тапсырма

Үлкен, кіші, кішкентай сөздерін пайдалана отырып. Заттарды көлеміне қарай салыстырып табу.

Балалар Математика ханшайымы мен қоштасып, қайтайық.

Математика ханшайымы: балалар сендер өте ақылды, білімді екенсіңдер мен сендерге мына 5 санын сыйлыққа беремін. Тапсырмаларымды өте жақсы орындадыңдар. Сау болыңдар.

-Балалар пойызға отырып балабақшаға қайтайық. Міне балабақшаға келдік.


Сәлеметсізбе


-Иә

Көңіл күйіміз жақсы.

Иә барғымыз келеді

Балалар пойызды құрып әндетіп жүреді.

Шыңғыс 1 санды, Әнуар 2 санды, Айсұлу 3 санды әкеліп қояды.
1,2,3. 3,2,1

-Иә орындаймыз


Балалар қазақша, орысша, ағылшынша санады.



Инабат

-Мені білгің келсе,

Мен таяқша бірмін.

Барлық санға жол бастап,

Ең басында тұрмын.

Нұрай

-Басында бар ілмегі,

Ортасында тірегі.

Толқын қанша жүзседе,

Тұрады үнемі екінші.



А. Нұрасыл

-Мен ғой үштің таңбасы,

Зейін қойып тыңдашы.

Екі қысық қосылған,

Үш жазылған осыдан.

Әнуар

Достар мені «төрт» дейді,

Беске бірім жетпейді.

Қуанар кейде анасы,

Төрт алғанда баласы.
Балалар санды таңдап алып, жолақша ішіне текшелерге дөңгелектер арқылы қойып шығады.

1,2,3. 2,3,4 сандары


2 алма.
Балалар өлең жолдарын қимыл-қозғалыспен жасайды.

Көрсетілген суретті санап, цифрмен белгілейді

Үлкен доп, кіші доп. Үлкен шәйнек, кіші шәйнек. Үлкен кесе, кіші кесе.

Сау болыңыз








-Балалар саяхат ұнады ма?

Біз қайда бардық?

Тапсырмалар ұнады ма?

Қандай санмен таныстық?

Ендеше сол 4 санының формасын мата қиындысынан желімдеп қағаз бетіне жасайықшы.

Балалардың іс-әрекетін бағалау, мадақтау.



-Иә

-Математика әлеміне



-Иә

4 санымен



4 санын кішкене мата қиындыларын алып, қағаз бетіне желімдеп жасады.



Күтілетін нәтиже:
Біледі: 1-ден 4-ке дейінгі сандарды танып санауды.

Игереді: Заттарды цифрмен сәйкестендіруді.

Меңгереді: Заттық көлеміне үлкен , кіші, кішкентай

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет