№
|
Бөлім атауы
|
Бөлім мазмұны
|
Оқыту нәтижелері
|
Бағалау критерийлері
|
І
|
І бөлім
Жалпы микробиология. Микробиология және вирусология ілімінің даму тарихы. Микробиологиялық зертхана. Микроскоп. Микроскоптық зерттеу әдістері
|
Микроб әлемі және адам өміріндегі алатын орнын; микробиология және вирусология түсініктемесін анықтау; микробтың табиғатта таралуы және адам патологиясындағы рөлін; микробиология және вирусология ілімінің мейірбикеге қажеттілігін; микробиология және вирусология ілімінің дамуындағы Қазақстан және Ресей ғалымдарының қосқан үлестерін; микробиологиялық және вирусологиялық зертханаларының арнайы 3 категориясындағы (негізгі, режимдік, арнайы режимдік) жұмыс ережесін; микробиологиялық және вирусологиялық зертханаларды ұйымдастыру, жабдықтау принцептері мен ерекшеліктерін; зертханадағы зиянды микробтармен жұмыс істеу қауіпсіздігінің деңгейін; зертхана категорияларын және зертхана қызметкерлерінің зақымдануын, зиянды микробтардың зертханадан сыртқа шықпауын қамтамасыз ететін еңбек қауіпсіздік ережелерін; жарық-сәуле микроскопының бөліктерін; фазалы-контрасты микроскопиялау принцептерін; қараңғыланған көру алаңы арқылы микроскопиялау принцептерін; люминесценттік әдіспен микроскопиялау негізін; электронды микроскоптың көрсету шамасын; иммерсиялық микроскопиялау техникасын.
|
Алған теориялық білімін өз бетінше талдауға және практика жүзінде білімін қолдану; лаборанттың жұмыс орнын дайындау; сүртімді бояу орнын дайындау; спирт шамын, газ шамын қолдану; жұмыс орнын және қолды зарарсыздандыру үшін ерітіндіні қолдану; микроскопқа жарық түсіру; иммерсиялық жүйемен микроскопиялау; боялған сүртімді микроскопиялау; микроскопқа күтім жасау.
|
1.Экспресс-бақылау;
2.Тест тапсырмалары;
3.Ауызша жауап
4. Ақпарат көздерімен жұмыс жасай алуы
5. Презентацияны қорғауы
|
ІІ
|
ІІ бөлім
Микроденелердің жіктелуі, морфологиялық негіздері
|
Негізгі бактериялар түрлерін; негізгі жасушалар органелласын және олардың белгіленуін; вирус және бактерия негізгі топтарының қысқа сипаттамасы; тірі дақылдармен айналым ережелері; жағынды бекіту мақсаты мен әдістері; сұйық және тығыз қоректік ортасында препараттарды дайындау техникасы; негізгі бояушылар мен қарапайым және күрделі жағын-препараттарды бояу әдістері; микроденелердің қозғалғыштарын зерттеу әдістері; споралар және капсуланы бояу техникасы; қышқылға тұрақты бактериялардың химиялық құрамының ерекшеліктері және оларды табу әдістері (Циль-Нильсен бойынша бояу); актиномицеттер, спирохеттер, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, вирустар құрылыстарының ерекшеліктері, токсономикалық жағдауы, жіктелуі, дақылдық және морфологиялық ерекшеліктері.
|
Зерттеуге материалдарды алу; зерттейтін материалдан тұрақты жағынды дайындау және Грамм-Синев бойынша бояу; жағынды бактериялардың тинкториялдық қасиеттерін және морфологиясын микроскоптың иммерсиялық жүйесімен анықтау; дайын болған препараттарда капсулаларды (Бури) және спораларды (Ожешко) табу; басылған және ілмелі тамшы әдістерімен бактериялардың қозғалғыштығын анықтау.
|
1.Экспресс-бақылау;
2.Тест тапсырмалары;
3.Ауызша жауап
4. Ақпарат көздерімен жұмыс жасай алуы
5. Презентацияны қорғауы
|
ІІІ
|
ІІІ бөлім
Микроденелердің физиологиялық қасиеттері
|
Микроб жасушасының химиялық құрамын; бактериялардың қоректену түрлеріне және қуат алу көздеріне қарай жіктелуін; бактериялардың тыныс алуына қарай жіктелуін; адам денесіндегі бактерия ферменттерінің маңызын; қоршаған орта объектілерінің биологиялық бөлінділермен ластануын, яғни эпидемиологиялық қауіпсіздікті анықтайтын адам денесінің қалыпты микрофлорасының кейбір өкілдерін; дисбактериоз жағдайы және қалпына келтіруді; залалсыздандырудың заманға сай жаңа әдістерін; залалсыздандырудың (ошақтық, күнделікті, қорытынды) заманға сай жаңа әдістерін; асептика және антисептика әдістерін; заласыздандыру және зарарсыздандыру сапасын бақылайтын және гигиеналық нормативті анықтайтын микробиологиялық көрсеткіштерін; залалсыздану үшін қолданылатын физикалық әдістер және химиялық өнімдер.
|
Физиологиялық ерітінділерді және негізгі қоректік құрамдарды (ЕПА, ЕПС, Гисс қатарын, сарысулы агар), дифференциалды-диагностикалық орталар (Эндо,и Левин, Плоскирев), анаэробты өсіретін орталарды (Кита-Тароцция, Тукаев сүті) дайындауды; құралдарды залалсыздандыру; қайнату және Пастер пеші арқылы жүргізілген залалсыздандыру жағдайының сапасын бақылау үшін қойылған бактериалдық тест-сынама зерттеу нәтижесін қорытындылау және хаттама толтыру; микробқа қарсы әсерін анықтау үшін антисептикалық және залалсыздау ерітінділерімен қойылған бактериалдық зерттеу нәтижесін қорытындылауды және протокол толтыру.
|
1.Экспресс-бақылау;
2.Тест тапсырмалары;
3.Ауызша жауап
4. Ақпарат көздерімен жұмыс жасай алуы
5. Презентацияны қорғауы
|
ІY
|
IV бөлім
Микроб экологиясы, табиғатта таралуы. Сыртқы орта факторының микробқа қарсы беретін әсері. Қоршаған орта объектілеріндегі микробтарды жою.
|
Экология ғылымын анықтау; су, ауа, топырақ микрофлорасын; табиғатта зат алмасуындағы микробтың рөлін; фитопатогенді микроденелерді; шикізатқа, дайын дәрі өнімдеріне және қолданылатын дәрілік қосындыларға қойылатын фармакопеялық талаптарды; пирогендер туралы түсініктемені, стерильді дәрілер ұғымын; залалсыз дәрілерді дайындауға арналған талаптарды; адам денесінің тұрақты, тұрақсыз микрофлорасын және маңызын; қоршаған орта объектілерін адам денесінің бөлінділерімен ластанғандығын білдіретін тазалық көрсеткіш микроденелер өкілдерін және оның эпидемиялық қауіпсіздігін; заласыздандыру процесінің жаңа әдістерін; ошақтық, күнделікті және қорытынды заласыздандыру процесінің жаңа әдістерін; асептика және антисемтика әдістерін; заласыздандыру және зарарсыздандыру процесінің (қоршаған ортадан анықталған және жойылған патогенді, шартты патогенді, тазалық көрсетуші микроденелерге арналған тиімді шаралар) сапасын білдіретін гигиеналық нормативтер мен микробиологиялық көрсеткіштерді; заласыздандырушы физикалық және химиялық заттарды.
|
Глюкозды пептонды ортаға қолдан алынған жұғынды егу; жабық бөлме ауасынан ЕПА себін жасауды және ауаның бактериялогиялық жағдайына қорытынды жасау; зертхана ыдысын; тампондарды, құралдарды залалсыздандыру; қайнату және Пастер пеші арқылы жүргізілген залалсыздандыру жағдайының сапасын бақылау үшін қойылған бактериалдық тест-сынама зерттеу нәтижесін қорытындылау және протокол толтыру; микробқа қарсы әсерін анықтау үшін антисептикалық және заласыздау ерітінділерімен қойылған бактериалдық зерттеу нәтижесін қорытындылауды және протокол толтыру; микробқа қарсы әсері жоқ дайын дәрі препараттарының және дәрілік шикізаттардың микробиологиялық тазалығын анықтау; дәрі препараттарының залалсыздығын анықтайтын фармакопеялық әдістерді меңгеру.
|
1.Экспресс-бақылау;
2.Тест тапсырмалары;
3.Ауызша жауап
4. Ақпарат көздерімен жұмыс жасай алуы
5. Презентацияны қорғауы
|
Y
|
V бөлім
Микродене генетикасы. Биотехнология. Гендік инженерия.
|
Фенотиптік және генотиптік өзгеру және олардың қасиеттерінің байқалуын; антибиотиктердің әсер беру сипаттамасын; антибиотиктердің алыну көзін; антибиотиктердің микробқа қарсы әсер беруі бойынша жіктелуін; антибиотиктердің микробқа қарсы әсер беру спектрін; макроденедегі асқынуларды; микробқа қарсы қолданылатын препараттарға қойылатын талаптарды; жұқпалы аурудағы химиялық алдын алу және емдеу туралы түсінікті; вирустық инфекциядағы этитропты емдеуде қолданылатын препараттарды; микроденелердің антибиотикке сезімталдығын санды, сапалы әдістермен анықтау амалдарын.
|
Қатты агардағы S және R формалы микроб колонияларын анықтау және културалдық қасиетіне сипаттама беру; микроденелердің антибиотикке сезімталдығын сапалы әдіс диск қағазы арқылы анықтау және қорытындылау.
|
1.Экспресс-бақылау;
2.Тест тапсырмалары;
3.Ауызша жауап
4. Ақпарат көздерімен жұмыс жасай алуы
5. Презентацияны қорғауы
|
|
|