ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
«Болашақ» жоғары медициналық колледжі
БЕКІТЕМІН
Колледж директорының м.а.
_____________Қалжанова А.Қ.
«_____»_____________ 2022 ж.
Тіркеу №_____
«Фармациядағы микробиология, вирусология, эпидемиология және жалпы гигиена негіздері»
пәнінен жұмыс оқу бағдарламасы
Мамандық: 09140100 - Фармация
Біліктілігі: 4S09160101 - Фармацевт
Курс: 1 Топтар: ФМ 11-22 (1,2);
Оқыту нысаны: күндізгі; 11 сынып негізгі орта білім базасында
Сағат саны: 72
Құрастырған: Абишева Раушан Едигеевна
«Жалпы кәсіптік білім беру пәндері» циклдік әдістемелік комиссиясы отырысында қаралып, мақұлданды.
Хаттама № 1 «31» тамыз 2022ж. ЦӘК төрайымы: ____________ Қарамырза Гүлдана Жайшылыққызы
Қызылорда - 2022
Оқу семестрі/ сағаты: 72 сағат
|
Семестр
|
72 сағат - ФМ 11-22 (1,2); ІІ семестр
|
|
|
Курс
|
І
|
Тобы
|
ФМ 11-22 (1,2);
|
Жұмыс оқу жоспары және білім беру бағдарламасы бойынша оқыту уақытының көлемі 90 минут
|
Барлығы: 72
|
|
Теориялық сабақтар
|
24
|
Тәжірибелік сабақтар
|
48
|
Бақылау түрі:
|
Жазба жұмысы
|
Оқыту мерзімі: ІІ семестр
|
Басталу уақыты: 01.02.2023ж.
|
|
Аяқталу уақыты:
|
21.04.2023ж.
|
Өткізілу орны:
|
|
Оқытуға қажетті оқу құралдары мен жабдықтар, ұйымдастырушылық үдерістер: әдебиеттер, электрондық оқу құралдары, интернет ресурстары, бейнефильмдер, презентациялар;
|
Негізгі және қосымша әдебиеттер
|
Негізгі əдебиеттер:
Стамқұлова А.Ә. «Жалпы және жеке вирусология» Алматы, 2010 ж
Толысбаев Б.Т. Микробиология және иммунология: оқулық, Алматы: Нур-Принт. 2008.
Шоқанов А. Микробиология және иммунология: оқулық, Алматы: Арыс, 2003.
Дарқанбаев Т.Б., Шоқанов Н.Қ. Микробиология және вирусология негіздері. Алматы, “Қайнар”, 1982.
Мищустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. –М.: Колос, 1878.
Рамазанова Б.А. «Жеке бактериология» Алматы, 2010 ж
Қосымша əдебиеттер:
Алмагамбетов Қ.Х. Микрорганизмдер биотехнологиясы. Оқулық. Астана: 2008.
Березин В.Э. Основы вирусологии Учебное пособие . А. Наука 2002.
Букринская А.Г. Вирусология М. Наука 1986.
Гусев М.В. , Минеев Л.А. Микробиология.- М.: Изд-во Москва ун-та, 1985.
Громов Б.В. Строение бактерий.-Л.: Изд-во Ленингр. Ун-та,1985.
Калакуцкий Л.В. Агре Н.С. Развитие актиномицетов – М. МГУ 1983.
Кондратьева Е.Н. Хемолитотрофы и метилотрофы М. МГУ 1983 г.
Колешко О.И. Микробиология.-Минск:Бышэйшая школа, 1977.
Cтейниер Р., Эдельберг Э., Ингрем Д. Микр микробов: в 3-х т . М. Мир 1979
Тұрашева С.К. Клеткалық биотехнология: оқулық. Алматы: Дәуір, 2011.
Ағылшын тілінде:
Tortora J. Funke B.R. Case Ch.L. Mikrobiology. The Bendjaimin. Publishing.Inc. Califomia. 1992 810 p.
Ресурстар :
http://rmebrk.kz/book/65946
http://vmede.org./sair/Gigiena_ob_bolshakov.
http://tvmk.kz/f/medicinskaya_mikrobiologiyavirusologiya_immunnologiya_borisov_lb.pdf
|
Оқытушының байланыс ақпараттары:
|
Аты-жөні: Абишева Раушан Едигеевна
|
Тел.: 87022600691
е mail: are30@mail.ru
|
Пән/модуль сипаттамасы
Қазіргі заманғы медицина алдына қойылған маңызды мәселерді шешуге микробиология және вирусология саласында жүргізіліп жатқан зерттеулердің маңызы жоғары, оның үстіне бұл зерттеулер кейінгі кезде үлкен жетістіктерге ие болып отыр. Микробиология және вирусология ілімі тек қана теориялық пән емес, керісінше көптеген аурулардың даму кезеңі мен таралу жолдарын анықтайтын қолданбалы негізгі ілімге ие. Бұл ілім әрбір медицина қызметкерлеріне, әсіресе, орта буын мамандарына өте қажет, себебі орта буын мамандарының үлестік шамасы медицина қызметкерлерінің ішінде өте жоғары. Орта буын медицина мамандары өз біліктілігін толық пайдалана алуы үшін міндетті түрде жұқпалы ауру қоздырғыштарын, олардың жұғу механизмін, клиникалық көріністерін, ауру ағымын, науқасты күту ерекшеліктерін, зиянкестіліктің алдын алу шараларын білуге тиіс.
Фармацевт мамандығын дайындау үшін микробиология және вирусология пәнін оқытудың негізгі мақсаты білім алушыларға жалпы және санитарлық микробиологиядан, иммунологиялық жүйеге негізделген жеке микробиологиядан білім болып саналады. Сонымен қатар, фармацевт заманауи биотехнологиялық процестерді, биотехнологиялық әдіспен дайындалған дәрі-дәрмектерді пайдалана алуды, дәріхана өнімдерінің сапасын сақтау шараларын, әсіресе ерітінді залалсыздығын, антибиотиктер мен бактериялық препараттарды стандарттау, дәрілердің пайдалану мерзімін, сақтау ережелерін толық білуге міндетті. Фармацевт маманын дайындауға арналған оқу бағдарламасына 72 сағат бекітілген, оның ішінде 24 сағат теория, 48 сағат практика. Орта буын медицина қызметкерлерін дайындауға арналған микробиология және вирусология пәнінің негізгі нысаны – бұл Қазақстан денсаулық сақтау мекемелерінің, қоғамның қойып отырған талаптарына сәйкес халықтың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету үшін кәсіби мамандарды дайындау жұмысының сапасын арттыру.
|
Қалыптастырылатын құзыреттіліктер
Білім алушылардың адам патологиясындағы зиянды микроденелер мен вирустардың алатын рөлі және жұқпалы ауруларды азайту мен жою амалдары туралы түсінігін, білімін қалыптастыру; емдеу мекемелерінде эпидемияға қарсы және залалсыздандыру шараларын сақтауға арналған бактериологиялық мониторинг ұйымдастыру білу; микробиологиялық және вирусологиялық зерттеуге тексеру материалдарын дұрым жинай білу және өңдей алу; бактериялық зақымдану кезеңінде қалыптасқан жағдайды дұрыс бағалай алу және алғашқы көмекті көрсете білу; фитопатогенді микроденелердің түрлерін, таралуын, өсімдікке берілу жолдарын, зақымдану механизмін, өсімдік ауруларының белгілерін ажырата білу; дәріхана өнімдерінің және дәрілік шөптердің микробпен зақымдануының алдын алу шараларын жүргізе білу; медициналық этика және деонтология; қатерлі, қауіпті жағдайды дұрыс бағалай алу және алғашқы көмекті көрсете білу; науқасқа көмек көрсетуде жауапкершілікті дамыту.
|
Пререквизиттер
Жалпы биология, медициналық биология және медициналық генетика, химия, экология
|
Постреквизиттер
Анатомия, физиология, жұқпалы аурулар, биохимия, цитология, гистология, гендік инженерия, биотехнология
|
Оқытуға қажетті құралдар, жабдықтар
Интерактивті тақта, микроскоп, плакатар (суреттер), презентация, таратпа материалдар
|
Семестр бойынша сағаттарды бөлу
Достарыңызбен бөлісу: |