Қызылорда облысының білім басқармасы



бет3/5
Дата02.02.2023
өлшемі207 Kb.
#167203
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
ЖОБ жаңа үлгі ФМ

VІ бөлім
Инфекция және иммунитет туралы ілім. Иммунды алдын алу және емдеу шаралары. Аллергиялық зеттеу әдістері

Инфекция және инфекциялық үрдістер, белгілері, кезеңдерін; инфекция көзі және берілу жолдарын; микроб және токсиннің денеде таралу жолдарын; патогенді, шартты патогенді бактериялар, сапрофиттер ерекшеліктерін; жұқпалы аурудағы микродене рөлін; инфекциялық процестің стадиялары мен деңгейін; ауруханалық инфекциялар түрлерін; ауруханалық инфекцияның этиологиясы мен эпидемиологиясын; ауруханалық инфекцияның патогенезі мен клиникасын; жұқпалы ауруларды нақтамалауда биологиялық зерттеу әдісінің маңызын; заманға сай ілім бойынша иммунитетке түсініктеме беруді; иммунитет түрлерін; арнайы емес тұрақтылықтың негізгі компоненттерін; патогенді микроденелердің тері және шырышты қабық арқылы енуін болдырмайтын факторларды; иммундық жауаптағы фагоцитоз рөлін; антиген, антитела қасиеттерін; серологиялық зерттеу әдісі және оның жұқпалы ауруды нақтамалаудағы алатын орны.

Зертханалық жануарларды зақымдауды және сою амалдарына бейімделуді, зақымданған жануарлар ағзаларынан сүртім дайындауды, сүртімнен ауру қоздырғышын анықтау және зерттеу материалын жасанды орталарға егу; санды, сапалы агглютинация реакцияларын қою, қорытындылау; тері аллергиялық реакцияны қою, бағалау әдістерін.

1.Экспресс-бақылау;
2.Тест тапсырмалары;
3.Ауызша жауап
4. Ақпарат көздерімен жұмыс жасай алуы
5. Презентацияны қорғауы




VІІ бөлім
Жеке микробиология. Іріңді қабыну ауруларының қоздырғыштары

Патогенді грамм оң коктармен, грамм теріс нейсериялармен шақырылатын аурулардың микробиологиялық нақтамалану принцептерін; коктық және нейсериялық инфекцияларының эпидемиологиясы, патогенезі және клиникалық көріністерін; зерттеу материалын жинау, зертханаға жеткізу ережелерін; патогенді грам оң коктармен, грам теріс нейсериялармен шақырылатын аурулардың алдын алу, емдеу амалдары.

Стафилокок және стрептококтық инфекцияларында зерттеу материалын жинау; зерттеу материалынан сүртім дайындап, Грам-Синев әдісімен бояу; қоздырғыштық морфологиялық, тинкториалдық қасиетін анықтау; сұйық, қатты, дифференциалды диагностикалық құрамдарды (қантты сорпа, ЖСА, қанды агар) дайындап зерттеу материалын (таңдайдан жұғын) егіп, 370С, 24 сағ.инкубациялауды; күдікті колонияларды таңбалап, таза дақылды бөліп, бактериологиялық және микроскоптық әдістер арқылы қоздырғышты идентификациялау; нәтижені қорытындылау және протокол жауап жазу.

1.Экспресс-бақылау;
2.Тест тапсырмалары;
3.Ауызша жауап
4. Ақпарат көздерімен жұмыс жасай алуы
5. Презентацияны қорғауы






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет