«БЕКІТЕМІН»
№79 негізгі мектебінің директоры
_________________ С. Әбікенова
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №79 НЕГІЗГІ МЕКТЕБІ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
2021-2023 жылдарға арналған
МЕКТЕПТІҢ ДАМУ ЖОСПАРЫ
2021 жыл
Міндеті және пайымдау
Міндет: Педагог қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру және кәсіби әлеуетін дамыту, оқыту үдерісін заманауи білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету, сандық білім беру ресурсын оқу - тәрбие үдерісіне пайдалану және ұлттық құндылықтар негізінде көпмәдениетті тұлға тәрбиелеу.
Пайымдау: Бәсекеге қабілетті зияткер тұлға - саналы азамат қалыптастыру.
№79 негізгі мектептің миссиясы:
Стратегтялық бағыт- мұғалімнің сапалы білім беруге қол жеткізуін қамтамасыз ету, зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған табысты азаматты қалыптастыру.
Мектепке дейінгі мекеме тәрбие мен оқыту
2020-2021 оқу жылында Қызылтам ауылында «Жанайым» шағын орталығында 20 бала, мектеп алды даярлық тобында 11 бала тәрбиеленуде.
-
Жалпы негізгі білім беру
-
2020-2021 оқу жылында №79 негізгі мектеп бойынша 9 сынып комплектісінде – 78, мектепалды даярлық сыныбында - 11 бала білім алуда.
-
Мектеп карантиндик шараларға байланысты ІІ ауысымда жұмыс жасайды.
-
Мектепте оқу-тәрбие жұмысына 23 педагог қызметкер тартылған. Олардың 96% жоғарғы білімді мамандар.
-
Білім беру секторы – барлық елдердің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін басты фактордың бірі. Білім беру үрдісін реформалаудың, мамандарды даярлаудың барлық денгейлері мен бағытын қамтуы инновациялық қызмет үшін, білім берудің барлық түрлерінің материалдық- техникалық және әдістемелік базасын ұлғайту шаралары іске асырылуда.
-
Мектепте 2012 жылы 1 мультимедиялық кабинет және 1 лингофон кабинет жабдықталған.
-
2017 жыл 5 интерактивті тақталы кабинет жабдықталды.
-
Мектеп мұғалімдерінің 100% компьютерлік техникамен жұмыс жасауға қол жеткізді.
-
Физика, химия кабинеттері қазіргі заман талабына сай құралдармен қамтылмаған, зертханалық сабақ, сарамандық жұмыстар жүргізуге қажетті құрал‑жабдықтар қарастырылмаған және компьютер сыныптарында кондиционерлер жоқ.
-
Мұғалімдердің қашықтықтан әдістемелік өзара қарым-қатынасы үшін жағдай интернеттің кең жолақты желісіне 100 пайыз қосу қажет.
-
Достарыңызбен бөлісу: |