Физика
9-сынып емтихан тапсырмалары
Жалпы білім беретін мектептерге. ІІІ нұсқа
А бөлімі
1. Халықаралық бірліктер жүйесіндегі сәйкес жұпты көрсетіңіз
А) Салмақ - кг
В) Ұзындық – м
С) Масса - с
D) Ток күші – В
[1]
2. Жеңіл көлік S
1
=100 м жолдың бірінші бөлігін 10 с уақытта, S
2
=200м екінші
бөлігін 10 м/с жылдамдықпен жүріп өтті. Жеңіл көліктің орташа
жылдамдығын табыңыз.
А) 1 0 м/с
В) 25 м/с
С) 30 м/с
D) 40 м/с
[1]
3. График бойынша көліктің үдеуін табыңыз
А) -4 м/с
2
В) -2,4 м/с
2
С) 2,4 м/с
2
D) 4 м/с
2
[1]
4. 10 Н күш денеге 1 м/с
2
үдеу береді. Денеге қандай күш 10 м/с
2
үдеу береді?
А) 1 Н
В) 2 Н
С) 10 Н
D) 100 Н
[1]
5. Радиусы 1 м болатын дөңгелек 6,28 м/с сызықтық жылдамдықпен
бірқалыпты айналады. Дөңгелектің айналу жиілігін табыңыз.
Жылдамдық(м/с)
Уақыт (с)
20
8
5
0
82
Физика
9-сынып емтихан тапсырмалары
А) 1 Гц
В) 2 Гц
С) 3,14 Гц
D) 6,28 Гц
[1]
6. Сұйықтың қайнау температурасы ауаның қысымына қалай тәуелді?
А) Қысым көтерілгенде, сұйықтың қайнау температурасы төмендейді.
В) Қысым төмендегенде, сұйықтың қайнау температурасы көтеріледі.
С) Қысым төмендегенде, сұйықтың қайнау температурасы төмендейді.
D) Қайнау температурасы қысымға тәуелді емес.
[1]
7. Сұйықтар мен газдарда ағындар мен қозғалыстары арқылы тарайтын жылу
алмасудың түрі.
А) Жұмыс
В) Конвекция
С) Жылу сәулеленуі
D) Жылуөткізгіштік
[1]
8. Жылу қозғалтқышының алған энергиясы 1 кДж, ішкі энергиясы 600 Дж –
ге ұлғайды. Ішкі энергияның өзгерісін анықтаңыз.
А) 300 Дж
В) 400 Дж
С) 600 Дж
D) 1600 Дж [1]
9. Кедергісі 10 Ом электр шамы арқылы 10 А ток өтеді. Электр шамының
ұштарындағы потенциалдар айырымын табыңыз.
А) 1 В
В) 10 В
С) 100 В
D) 1000 В [1]
10. Линзаның фокустық арақашықтығы 0,25 м. Линзаның оптикалық күші
неге тең?
А) -1 дптр
В) 0,25 дптр
С) 1 дптр
D) 4 дптр [1]
|