Қызылорда облыстық ОҚу орталығЫ (Әдістемелік кабинет)



Pdf көрінісі
бет17/150
Дата29.05.2022
өлшемі9,12 Mb.
#145391
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   150
Байланысты:
1614757458 11 -emtihan-tapsyrmalarynyn-zhinagy -9-synyp -1-tom
OnlineMektep - BilimLand
Қазақ әдебиеті
9-сынып емтихан тапсырмалары
 
В бөлімі 
 
Үзіндіні оқып, сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз. 
 
Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романынан үзінді 

Кешкірген бұлыңғыр күн, жапалақтаған қар... Арыз айтуға қыз келер деп кім 
ойлаған!? Келген бетінде кие сөйлеп, бәрінің көңілін сөзіне аударып әкеткен Ұлпан қыз 
екендігін аңдатпауға тырысып еді. Солай бола тұрса да, қыздың аты қыз ғой, атақты 
батыр, атақты әділ би атанған Есенейге қыз көзімен бір қарап қалғанын өзі де сезбеген. 
Қыр жайлаулардан құлап келе жатқан Есенейдің жылқысы екенін аулы біліп 
отырған. Қалың, қара шұға жалбағай бет-аузын жауып кеткенімен, атандай қара кер аттың 
үстіндегі зор денелі адамның Есеней екенін Ұлпан да ішінен таныған. Бес жасар кезінде 
көргені де, қорқатыны да есіне түскен. Бірақ өзін танытпай кетті. 
Есеней тобы аңырып қалды. Не істеу керек? Қара жорғаны қыздың айыбы деп қалай 
алып қалар? Сұңғыла қыз бұларға бір ұяларлық ұпай салып кетті емес пе!? Ие, «малым — 
жаным садағасы, жаным — арым садағасы» дейтін елдің нақылын еске алсаң, лайықты 
жұмыс болмапты.
— Артықбай батырға тізе көрсеткендей болып келгеніміздің өзі қандай айып! 
Қызының атын айыпқа алып қалғанымыз - екінші айып. Арыз айта келген қыздың атын 
айыпқа алып қалғанымыз айып біткеннің ішінде ел естімегені болар! — деп түрікпен 
Мүсіреп Есенейдің бетіне тура қарады. 
Есеней өмірінде айып тартып көрмеген, айып-жазасы болған адамдарға қатал жаза 
беруді жақтайтын би еді. Болмашыдан айыпты болғанына әрі күлкісі келеді, әрі шешімін 
таба алмай тұрғаны анық. Артықбай - оны бір рет намыс өлімінен айырып алған, екінші 
рет өлімнің өзінен айырып алған кәрі жолдасы, батыр адам. 
— Қара жорғаның мойнына ат қосақтап қайтарған дұрыс болар! — деді түрікпен 
Мүсіреп. 
— Айналайын адаcым-ай, таптың, таптың! Менің кәрі бозымды бірге қосақтап 
жібер! — деді ақ көңіл аңшы. 
Есеней «жөнел!» деген бұйрығын Кенжетайға иегімен нұсқады. 
(250 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет