155
Дүниежүзі тарихы
9-сынып емтихан тапсырмалары
В бөлімі
16. ХХ ғасырдың соңғы ширегіндегі өркениет пен бұхаралық
сананың дамуындағы ең
маңызды үдерістің бірі дәстүрлі мәдениет түрлері мен күнделікті өмірдің өзара
жақындасуы және өзара әрекеттесуі болды. Ғылыми-техникалық
революция мәдени
құндылықтарды бұқараның барлық топтарына қолжетімді етті. Бұқаралық мәдениет
дегеніміз-талғамына сай бұқара халық арасында кеі тараған, техникалық жағынан қәзіргі
заманғы коммуникативтітехнологиялар көмегімен көшірмелері
еселеніп тарап отырған
мәдениеттің заманауи түрі.
Бұқаралық коммуникация құралдарының үш құрамдас бөлігі бар, олар:
1. _______________________ (газет, журнал)
2. _______________________(жарнама, кино, сән)
3. _______________________( ғаламтор, телефон)
17. ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО мен Батыс елдері арасында «Қырғиқабақ соғыс»
кезеңі басталды. «Қырғиқабақ соғыс» дегеніміз-КСРО мен АҚШ арасындағы екіжақты
текетірес. Екі ірі мемлекет капиталистік және социолистік екі лагерь құрды.
АҚШ пен
Батыс Еуропа капиталистік лагерді, Кеңес Одағы мен оның
одақтастары мемлекеттік
эономикасы бар социолистік лагерді қалыптастырды.
Мәтіндегі түсінікті және берілген оқиғалар тізімін пайдалана отырып,
осы кезеңге
жататын 3 дұрыс жауапты көрсетіңіз:
1) Лозанна бітім шарты
2) Куба дағдарысы
3) Сакария шайқасы
4) Кеңес әскері Ауғанстанға енуі
5) Маршалл жоспары
6) «Араб көктемі» оқиғасы
7) Сан-Ремо келісімі:
8) Версаль-Вашингтон жүйесі