35
Қазақ тілі мен әдебиеті
9-сынып емтихан тапсырмалары
2-тапсырма.
Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді
берілген сөздермен бастаңыз.
Мысалы:
Алаш аты тарихта кездесетін ең көне атаулардың қатарына жатады.
Тарихта_____________________________________________________________
Жауабы:
Тарихта
алаш аты
—
ежелгі атаулардың бірі.
1. Ескі шежіре деректерінде Алаш атауы қазақ халқының синонимі ретінде келтіріледі.
Алаш атау_____________________________________________________________
_______________________________________________________________________
2. Қадырғали Жалаиридің өзі деректерінде қазақтың орнына Алаш атауын қолданады.
Алаш атауын___________________________________________________________
____________________________________________________________________
3. Алаш — ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін
анықтау әрекеті.
Ел ретінде ____________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Елге демократия, білім-білік алып келу үдерісінің бастауында тұрғандар да осы зиялы
қауым өкілдері болды.
Зиялы қауым өкілдері ___________________________________________________
_________________________________________________________________________
5. Алаш зиялылары Отанға адал қызмет етуді мақсат етті.
Отанға ________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
6. Алаш қайраткерлері қазақ халқын азат ел ету бағытындағы мақсатты ойларын бес
тұғырға негіздеді .
Қазақ халқын __________________________________________________________
_________________________________________________________________________
7. Түпкі мақсатымыз — ғылым мен ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене
отырып, ұлттық-демократиялық мемлекет құру.
Ғылым мен ___________________________________________________________
_________________________________________________________________________
8. Алаш идеясының аясында мыңдаған қазақ бірікті.
Мыңдаған қазақ________________________________________________________
________________________________________________________________________
9. Алаш зиялылары ұлттық әскер құрып, қуатты мемлекетке айналу идеясын автономия
құрудан бұрын ойластырған еді.
Қуатты мемлекетке айналу _______________________________________________
________________________________________________________________________
10. Алаш қозғалысының негізгі идеясы демократиялы қоғам қалыптастырып, тәуелсіздік
пен дамудың алғышарты ретінде қазақтың ұлттық мемлекетін құру болатын.
Қазақтың ұлттық мемлекетін құру______________________________________
________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: