37
Қазақ тілі мен әдебиеті
9-сынып емтихан тапсырмалары
2-тапсырма.
Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз.
Сөйлемдерді
берілген сөздермен бастаңыз.
Мысалы:
Еліміздің ең жоғары Заң құжаты — Конституция.
Конституция ___________________________________________________________
Жауабы:
Конституция
мемлекетіміздің ең маңызды Заң құжаты болып саналады
.
1. Ата Заңымыз еліміз үшін қиын кезеңдерде халықтық референдум жолымен қабылданды
және күрделі мәселелерді шешудің түйінді формуласы ретінде орнықты.
Еліміз үшін _______________________________________________________
________________________________________________________________________
2.
Ата Заң демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетке тән ортақ
құндылықтардың қорғалуын қамтамасыз етеді.
Мемлекетке тән_____________________________________________________
_________________________________________________________________________
3. Бүкіл мемлекеттік
құрылымды айғақтайтын, елдіктің бастауы болып табылатын құжат
биыл 25 жасқа толып отыр.
Биыл _________________________________________________________
_______________________________________________________________________
4. Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды
дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады.
Әлемдегі __________________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет халықтық талқылауға салынған да, елдің көптеген
пікірі ескерілген де осы-1995 жылы қабылданған Конституция.
1995 жылы ___________________________________________________________
______________________________________________________________________
6. Міне, осы төрт мәселе біздің республикамыздың
негізгі принциптері болып
саналады.
Біздің _________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
7. Бұл — мемлекетімізде адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары өте жоғары
дәрежедегі құндылық ретінде бағаланатындығының айқын дәлелі.
Мемлекетімізде ___________________________________________________
____________________________________________________________________
8. Ата Заң халыққа мемлекеттің сенімді қорғауында екенін терең сезінулеріне жағдай
туғызды.
Халыққа ___________________________________________________________
________________________________________________________________________
9. Сондықтан да Конституция күні біз үшін қасиетті күн болу керек.
Біз үшін ___________________________________________________________
_________________________________________________________________________
10. Өйткені, Ата Заңымыз — Қазақстанның әлемдік өркениетке
қарай қарыштай қадам
басуының алғышарттарын жасап берген жасампаз құжат.
Қазақстанның ________________________________________________________
________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: