Сыныбы: 10 сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт)
Сабақтың тақырыбы:
Қазақ халқының әдет-ғұрып,салт-дәстүрлері
Сабақтың эпиграфы: “Әдет-ғұрып замандар бойы сыннан өтеді.Өз дәуірінде ардақталып,ата-бабадан әулетке мұра болып ауысып,рудан- руға,ұрпақтан-ұрпаққа жетеді.Онсыз халық бет-әлпетсіз бейне,болымсыз тас мүсін тәрізді...”
В.Г.Белинский
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің маңыздылығын, адам қарым-қатынасындағы ролін көрсетіп, ұлт жанашыры болатын азамат тәрбиелеу.
Білімділік.Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері туралы оқушыларға баяндап түсіндіріп,маңызын көрсету.
Дамытушылық.Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту, түрлі проблемаларды көріп, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру
Тәрбиелік.Адамгершілігі мол ,парасатты, ұлттық рухы биік тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, видеоролик;
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау;
ІІІ. Жаңа сабақ;
ІV. Жаңа сабақты бекіту;
V. Қорытынды;
VІ. Бағалау;
VІІ. Үй тапсырмасы.
Үй тапсырмасы:
«БІЛГІР ДОСТАР»
1.”Батыр ерлерін балбал етіп қойды” деп қандай ескерткішке жазылған?
(Күлтегін ескерткішіне)
2.Айшабибі,Бабаджа хатун,Қарахан ғимараттары қай қаланың жанына салынған?
(Тараз қаласының)
3.ӘбуНасыр әл-Фараби қай жылдары өмір сүрді?
(870-950 жылдары)
4.Жамал Қарши қай жылдары өмір сүрді?
(1230-1315 жылдары)
5.Мұхаммед Хайдар Дулати қай жылы,қай қалада туған?
(1499 жылы,Ташкентте)
6. Ресей патшасы Ораз Мұхамедті қай қаланың ханы етіп тағайындайды??
(Қасым қаласының)
7. “Шыңғыснаманың”авторы кім?
(Өтемісқажы)
8.”Қазақ поэзиясы- халық өмірінің айнасы” деген пікірді айтқан қай ғалым?
(Ш.Уәлиханов)
9.Асанқайғыны қазақ-ноғай халқының философы деп айтқан кім?
(Ш.Уәлиханов)
10.Есім ханның ең жақын жорық жырауы?
(Марғасқа жырау)
11.”Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді”кімнің сөзі?
(Г.Потанин)
12.Балаларды тәрбиелеу қандай жырдан басталған?
(Бесік жырынан)
13.Жарапазан қай айда айтылады??
(Рамазан айында)
14.Халық тың музыкалық аспаптарында ойнау қай ғасырдан бастап өмірге берік ене бастады?
(ХY- ХYІ ғасырлардан)
15.Қазақтың күй өнерінің қандай түрлері бар?
(2 түрі:төкпе күй және шертпе күй)
ІІІ. Жаңа сабақ Қызығушылықты ояту
Сұрақтар:
Қазір қандай ай?
-Наурыз айы
Наурыз айында қандай ұлттық мерекелеріміз бар?
-Наурыз тойы,аналар мерекесі т.б
Бұл мерекелер несімен құнды?
-әдет-ғұрып, салт-дәстүрімен құнды.
Олай болса мен сендерге күнделікті өмірде кездесіп жүрген салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар бойынша сұрақ қойғым келіп тұр
Топтастыру «Әдет-ғұрып,салт-дәстүр»
-Жанды нәрсеге берілетін сый (көрімдік)
- Қонаққа берілетін ас(қонақасы)
-Қуанышты хабар айтқан адамға берілетін сый(сүйінші)
-Жансыз нәрсеге берілетін сый(байғазы)
-Қиын жағдайға тап болған адамға ақысыз берілетін мал-мүлік(жылу )
-Ауылға жаңадан көшіп келген отбасыға көрсетілетін құрмет(ерулік)
-Алыс сапардан келген жолаушының әкелетін сыйы(базарлық)
-Той-мерекеге келе алмай қалған адамға беріп жіберілетін кәде(сарқыт)
-Үйге бас сұққан адамға берілетін дәм. (дәм ауыз тию)
Жаңа сабақты схема бойынша түсіндіремін.
“Әдет-ғұрып замандар бойы сыннан өтеді.Өз дәуірінде ардақталып,ата-бабадан әулетке мұра болып ауысып,рудан- руға,ұрпақтан-ұрпаққа жетеді.Онсыз халық бет-әлпетсіз бейне,болымсыз тас мүсін тәрізді...”
В.Г.Белинский
Сабақты бекітуге сыныпты 3 топқа бөліп оқулықпен жұмыс жасатамын.(Бағалау парақшасы таратылады)
Әр топ сұрақтар дайындайды.
1 топ.Ұлттық салт-дәстүрлер,әдет-ғұрыптар.
1.Ұлт дегеніміз не?
2.Түркітілдес халықтардың әдет-ғұрып,салт-саналарының ұқсастығы неде?
3.Қандай ұлттық салт-дәстүрлерді білеміз?
4.Отпен тазарту, «Қарақаралы көш», отау қағу, қазық байлау,бие мұрындық сөздеріне түсінік беріңдер.
5.Құрық,желі,көген,жүген,ноқта, бақта – олар не үшін қажет,оларды басуға неге тиым салынған?
Көрініс дайындау (Отпен аластау)
2 топ Отбасына байланысты әдет-ғұрыптар, салт-саналар
1.Бата аяқ, қарғыбау,немесе үкітағар,киіт кигізу,ұрын бару,қыз қашар,желі тарту,есік ашар,т.б ырымдар қай кезде жасалады?
2.Ат тергеу дегенді қалай түсінесіңдер?
3.Жылу,немеурін,үме,асар деген не?
4.Қоштасу,кешірім сұрау,естірту,жұбату,көңіл айту,жоқтау,ас беру,т.б қай кезде өткізіледі?
5.Наурыз көже жылдың қай кезінде пісіріледі,оған қандай тағамдар қосылады?
Көрініс дайындау (Ат тергеу)
3 топ.Ұлттық ойындар,діни салт-рәсімдер
1.Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?
Оның маңызы қандай?
2.Халқымыздың спорттық ойын түрлерінен бүгінге жеткені қайсылары?
3.Исламға дейінгі діни рәсімдер қандай?
4.Ислам дінімен келген діни салт-дәстүрлер.
Көрініс дайындау (Айға сәлем беру)
Көрініс: 3 оқушы (2 қыз,1 ұл) қатысады.
1 оқушы:Алло, Шынар! Привет! Кал калай,как ты?
2 оқушы:Ничего ақырындап.
1 оқушы:Шынар-ка сен неге бүгін на занятия не пришла?
2 оқушы:Да,бүгін поздно жатып едім,не выспалась,а мектепте что нового?
1 оқушы: Ничего нового,бәрі бұрынғыдай.Бүгін тарихтан салт-дәстүрлер туралы сабақ өттік.
2 оқушы:Не туралы болады?Интересно
1 оқушы:Да очень интересно
2 оқушы:Как всегда наша апайка про древних предков или сол сияқты что-то еще айтқан шығар
1 оқушы:Жаль,что ты сегодня сабаққа келмедің.Оказывается наши предки были очень цивилизованными и грамотными дюдьми.Мен даже солай болғанын білмейді екенмін.Но теперь буду знать.
2 оқушы:Ну ладно, Пока,чао
1 оқушы:Пока,чао Көрініс:
Сұрақ: қандай ой түйдіңдер?
3 оқушы Соншама шешен сөйлеп,сөз өнерінің биік шыңына шыққан,сұлу сөйлеп,сыпайы киінген,үлкенге ізет,кішіге қамқор болған ұлы халықтың ұрпақтары өкінішке орай кейде осылай сөйлеп жатады.Сондықтан осындай жат тілде сөйлеп,өз дәстүр-салтымыздан жерінуден сақ болайық.достар!
Бағалау
Үйге тапсырма:
1. §27 Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері мазмұндау,оқу
2. “Халқымның дәстүрлері-ай” ойтолғау жазу