20.Наурыз мерекесіндегі салт-дәстүрлер. 1- тапсырма.Мәтінді тыңда Мәтінде не туралы айтылған? Өз ойларың мен пікірлерініңді білдіріңдер.Төменгі тапсырмаларды орындаңыз. Наурыз- шығыс халықтарында жыл басы мерекесі. Парсы тілінен "нау" - "жаңа", "руз" - "күн" деп аударылады. Жаңа жылдыңбірінші күні дейді. Халық наурыз мерекесіне дайындалады. Олар бұлақтарды тазартады, бақта ағаштарды отырғызады. Әдемі ұлттық киімдерін киеді. Адамдар бір - бірін мерекемен құттықтайды, сыйлық сыйлайды. Жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіреді. Бұл күні жер иесі Қыдыр Ата даланы аралап, баршаға бақыт пен береке тілейді. Мерекеде жастар ән айтады, би билейді және ұлттық ойындар ойнайды. Үлкен кісілер бата береді. Мереке көңілді өтеді.
Ә) Сөздік жұмысы:
Шығыс халықтырында – у восточных народов Парсы тілінен – с персидского языка Жер иесі - «хозяин» земли Аралайды - обходит Баршаға – всем Бата – благословение 2 – тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.
Күн мен түн .................................... .
Әр үйде наурыз көже ....................... .
Наурызда адамдар ұлттық ойындар ......................... .
Керекті сөздер : пісіреді, теңеледі, ойнайды