Қызықты қазақ тілі (7 сыныптарына арналған қазақ тілі пәнінен факультативтік курс бағдарламасы)



бет12/51
Дата06.02.2022
өлшемі2,69 Mb.
#79239
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51
Байланысты:
Қазақ тілі авт жұмыс ЖҰЛДЫЗ

4-жаттығу. Талқылау сұрақтары.
1. Қазақстанда туризмнің қай түрі жақсы дамыған?
2. Қазақстанның қандай көрікті жерлерінде болдың?
3. Қай қалаларды туризм орталығына айналдыруға болады деп ойлайсың? Не
себептен?
4. Бүгінгі сабақ туралы қандай жаңа ақпарат білдің?


5-жаттығу. Түйін сөздерді пайдалана отырып, диалог құрастыр.
Саяхат, туризм, көрікті жерлер, тарихи орындар.


6-жаттығу. Есте сақта!
Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.
Өз елің – алтын бесік.
Туған жердің күні де ыстық, күлі де ыстық.
Туған жер – тұғырың!


10.Қазақстанның киелі жерлері
1-жаттығу.Мәтінді түсініп оқыңдар. Әр абзацтың негізгі идеясын табыңыз.
Арыстан баб кесенесі
Бұл кесене XXI ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстан баб мазарының үстіне салынған. Кесененің бірінші құрылысы XIV-XV ғасырға жатады. Сол құрылыстан кесілген айван тізбектері қалған. XVIII ғасырда көне мазардың орнында жер сілкінісінен кейін екі кесілген ағаш тізбекке тірелген айванмен салынған екі күмбезді құрылыс орнатылды. XVIII ғасырда құрылыс қиратылып, фриз жазбалары бойынша 1909 жылы қайта салынды. 1971 жылы жоғары деңгейдегі грунт сулары салдарынан мешіт құлатылып, қайта орнатылды. Құрылыс алебастр ерітіндісінде күйдірілген кірпіштен қабырғаның сырт жағына салынды. Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады. Аңыз бойынша Арыстан баб Мұхаммед пайғамбардың елшісі болған. Қазіргі кезде Арыстан баб мазары үстінде ені 30, биіктігі 13 метр аумағы бар кесене тұр. Тарихи деректер бойынша XII-XVIII ғасырларда кесене бірнеше рет қайта салынып, қайта жаңартылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет