Ү. Саяхат және көрікті жерлер.
9. Қазақстанның көрікті жерлері
1-Тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз, мәтіннің әр бөлігі бойынша досыңмен сұхбаттас.
Қазақстанның көрікті жерлері.
І. Бурабай
Құстың көптігіне қарап «Орманды» (Боровое) қазақтар «Бурабай» деп атап кеткен.Бурабайдың ауасы таза, әрі хош иісті. Бурабайдағы алғашқы сауықтыру орны 1910 жылы ашылды. Сол Көкшенің төбесіне тек бура ғана шығыпты деген аңыз бар. Бір күні Абылайдың баласы Қасым хан садағынан жараланған бура көлге жете алмай өліп, тасқа айналыпты. Тас мәңгіліктің, беріктің сұлулықтың символы. Бурабайда қарағай өспейтін жері жоқ. Бурабайды екінші Швейцария деп атайды. Бұл жерге адамдар Қазақстанның түпкір-түпкірінен келіп жатады.
ІІ. Оқжетпес
Абылайхан әскерлері қалмақ қызын қолға түсіріп, бәрі «мен аламын», «мен
аламын» деп таласқанда,қыз оларға өз шартын қояды. «Көкшенің ең биік шыңының басындағы найза ағашқа байланған шәйі орамалды атып түсірсе соған тұрмысқа шығамын дейді, «шіреніп садақтарын шыңға кезегенімен», ешқайсысы сыннан өте алмай, шың «Оқжетпес» деп аталған. Оқжетпес – ең биік шың.
ІІІ. Жұмбақтас
Жұмбақтас – Оқжетпестің дәл қарсысында, судың ортасындағы жартас. Пішіні пирамида тәріздес, жиектері дөңгеленген граниттен тұрады.
Биіктігі 18 м. Жұмбақтастың пайда болу тарихы туралы халық жадында сақталған аңызда: 17 жастағы тұтқынға түскен қалмақ қызы Оқжетпес шыңынан Бурабай көліне секіріп кетеді де, сұлудың түскен жерінен таңғажайып жартас пайда болған. Егер Жұмбақтасқа көгілдір шығанақтан қараса, қыздың бейнесі байқалады, ал қарама-қарсы жағынан қараса мыстан кемпірдің бейнесін көруге болады.
2-тапсырма. Мәтін бөлімдерінің реттік нөмеріне сәйкес мақал-мәтелдер мен қанатты сөздердің білдіретін мағынасына қарай реттік номерімен қойыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |