Көркем жазу минуты.
22-сабақ. Сұраулы сөйлем.
Жауап алу мақсатымен айтылатын сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады: Сенің атың кім?
Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Оқушыларға ат қой.
Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Сұраулы сөйлемнің астын сыз?
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Көркем жазу минуты.
23-сабақ. Лепті сөйлем.
Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Олар көтеріңкі көңілмен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады.
Суреттегі көңіл-күйлер жайында не айта аласың? Олар қандай сөздер айтты деп ойлайсың? Оларды жаз.
Өлеңді рөлге бөліп, дауыс ырғағына келтіріп оқы.
Сөз таптары.
Достарыңызбен бөлісу: |