№ 7есептің шешуі:
Азот оксидтерінің сутекпен тотықсыздануы.
Азоттың сутекті қосылыстары: аммиак, гидразин, гидразингидрат, аммоний азиді және т.б. оттекпен тотығуы (немесе озонмен). Азоттың сутекті қосылыстарының сутек пероксидімен тотығуы. Азоттың сутекті қосылыстарына азоттың оксидтерімен және азоттың оттекті қышқылдарымен әсер ету.
Аммоний нитратының ыдырауы.
N2O + H2 реакциясы газкөлемдік анализде қолданылады.
Нитраттың ыдрауы – азоттың алынуы.
Азотқышқылды зауыттарда бөлінген NO газын басқа газдардан бөліп алу үшін NH3 пен жүргізілетін химиялық реакция қолданылады. Ракеталық техникада = гидразин мен оттектің, сутегінің асқын тотығы мен азот қышқылының реакциялары қолданылады.
8-есеп. А деген жай затты Б деген газда жаққан кезде В деген өнім түзіледі, ол өнім ылғал ауада “түтінденеді” және бірден булана алады. Егер ерітіндінің белгілі мөлшеріне аммноний карбонатын қосатын болсақ, ақ түсті Г тұнбасы пайда болады. Аммоний карбоанатын эквимолярлы мөлшерде натрий карбонатымен алмастыратын болсақ, құрамы дәл сондай, бірақ салмағы азырақ мөлшерде тұнба пайда болады. Егер Г тұнбасын қатты қыздыратын болсақ, қышқыл мен сілтіде еритін қасиетін жоғалтады. Жоғарыда айтылған процестерді түсіндір.
Достарыңызбен бөлісу: |