Мадина: Мақал-мәтелдерді жақсы біледі екенсіңдер, енді жаңылтпаш айтып тілімізді жаттықтырайық. Мен әр топқа жаңылтпашты айтамын, сендер жаңылмай қайталауларың керек! Дайынсыңдар ма? Балалар: Иә.
4. Жаңылтпашты жаңылмай айтып, тілімізді жаттықтырайық. Дарындылар Шеңбер,шеңбер доп емес
Доп сияқты, доп емес
Доп деп, доп деп шеңберді
Ойлама шеңбер ол емес.
Білімділер
Бес түп алма,”бестік” алғандікі
Төрт түп алма,”төрттік” алғандікі
“Төрттік” алған бес түп алма алмайды
“Бестік” алған төрт түп алма алмайды.
Аяулым: Қандай ақылды балалар, бұндай жаңылпашты қалай жаңылмай тез-тез айтуға болады. Енді келесі кезекті жұмбақтарға берейік! Балалар сендер берілген жұмбақтың жауабын 3 тілде айтуларың керек. Дайын болсаңдар, кеттік.