8. Көтермелеу шаралары мен тәртiптiк шаралар
8.1. Кәсiпорын қызметкерлерiн көтермелеу шаралары:
— алғыс айту;
— бағалы сыйлықтармен, ақшалай сыйлықақылармен марапаттау;
— лауазымдық жалақыны көтеру және дербес үстемеақы белгiлеу;
— лауазымын көтеру болып табылады.
8.2. Кәсiпорын қызметкерлерiне қолданылатын тәртiптiк шаралар:
— ескерту;
— сөгiс;
— тәртiп бұзуына немесе кәсiпорын жұмысын дұрыс орындамағаны
үшiн еңбек шартында көрсетiлген мерзiмнен бұрын қызметтен босату болып
табылады.
9. Жұмыстан босату
9.1. Кәсiпорынның басшы қызметкерлерi мемлекеттік басқару
органының келісімі негiзiнде шығарылған директордың бұйрығы бойынша
жұмыстан босатылады.
9.2. Кәсiпорынның басқа қызметкерлерi директордың бұйрығы арқылы
жұмыстан шығарылады.
9.3. Кәсiпорын қызметкерi мынадай жағдайларда жұмыстан босатылуы
мүмкiн: еңбек шарты (келiсiмiнiң) мерзiмiнiң аяқталуына байланысты және
еңбек шартының мерзiмi бiткенге дейiн, яғни мерзiмiнен бұрын жұмыстан
шығарылуы мүмкiн.
9.4. Еңбек шартының мерзiмi бітпей жұмыстан шығару мынадай
жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкiн:
— қызметкер атқарып келген лауазымның қысқаруына байланысты
қызметкердi басқа лауазымға ауыстыруға лауазымдық қызметтердi бөлуде
белгiленген қызмет шеңберіне оның бiлiмiнiң сәйкес келмеуi және
тәжiрибесiнiң аздығы себеп болады;
— атқарып отырған қызметiне қызметкердің сәйкессiздiгi;
— кәсiпорын жұмысына лайықсыз әрекет жасауына байланысты;
— өзара келiсiм бойынша.