Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты


Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім



Pdf көрінісі
бет8/70
Дата31.01.2022
өлшемі0,79 Mb.
#116733
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   70
Байланысты:
Инклюзивті-білім
Инклюзивті-білім, tebenova-arnaiy-psih, 8 SQL тілінің компоненттері, annotation169253, Эпилепсияның жалпы клиникалық-психологиялық ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім 

берудегі нормативтік-құқықтық базасы. 

 

ҚР «Білім туралы» Заңы, 2007 ж.; 

ҚР «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу 

арқылы қолдау туралы» Заңы, 2002 ж.; 

ҚР «ҚР Балалардың құқықтары туралы» Заңы, 2002 ж.; 

2011-2020  жылдарға  арналған  ҚР  Білім  беруді  дамытудың  мемлекеттік 

бағдарламасы; 

2011-2015  жылдарға  арналған  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің 

Стратегиялық жоспары; 

2012  жылғы  23  тамыздағы  №  1080  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті 

стандарты; 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 8 қарашадағы «Қазақстан 

Республикасында  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  берудің  үлгілік  оқу 

жоспарларын бекіту туралы» № 500 бұйрығы; 




19 

 

ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің  2004  жылғы  26  қарашадағы 



«Стационарлық емдік-профилактикалық, оңалту және басқа да денсаулық сақтау 

ұйымдарында  емдеу  курсынан  өтетін  мүгедек  балаларға  арналған  оқыту, 

мүгедек балаларды үйде оқытуда оқыту-тәрбелеуді ұйымдастыруға ата-аналарға 

жәрдемдесу тәртібін реттеу туралы қағидаларды бекіту туралы» ҚР Білім және 

ғылым министрлігінің № 974 бұйрығы. 

2011-2020  жылдарға  арналған  ҚР  білім  беруді  дамытудың  мемлекеттік 

бағдарламасы шеңберінде 

2015  жылы  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  тәрбиелеу  мен  оқытуда  тең 

мүмкіндік  беру  үшін  жергілікті  атқарушы  органдар  2235  жалпы  білім  беру 

мектептеріне  жағдай  тудыратын  болады:  2011  жылы-768  мектеп,  2012  жылы- 

1068 мектеп, 2013 жылы-1462 мектеп, 2014 жылы-1846 мектеп және 2015 жылы 

-2235 мектеп. 

2020  жылға  қарай  инклюзивті  білім  беруге  жағдай  жасалған  мектептердің 

үлесі 70 пайызға дейін ұлғаятын болады. 2016 жылы-2726 мектепте, 2017 жылы-

3217  мектепте,  2018  жылы-3708  мектепте,  2019  жылы-4199  мектепте,  2020 

жылы-4690 мектептерде өседі. 

Жалпы  балабақша  санынан  2020  жылға  қарай  балабақшаларда  кедергісіз 

орта тудыру үлесі 30 пайызға дейін артады. 

Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  білім  берумен  қамтамасыз  етудің  ең 

маңызды  мүмкіндіктерінің  бірі  қашықтықтан  оқыту,  электронды  оқыту  жүйесі 

болып табылады. 

Үйде оқитын мүгедек балаларды жұмыс орнымен қамтамасыз етудің негізгі 

шарттары:  мүгедек-балалардың  жеке  ерекшеліктеріне  қарай,  компьютерлік-

техникалық  кешенмен,  бағдарламалармен,  сонымен  қатар  Интернет  желісіне 

қосу қарастырылған. (2011-2020 жылдары Білім беруді дамытудың мемлекеттік 

бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар 

жоспары). 

2011  жылдың  басында  Мемлекеттік  бағдарлама  шеңберінде  үйде  оқитын 

мүгедек-балалар,  жеке  білім  алу  марштрутынан  табысты  өту  үшін, 

бағдарламалық-  техникалық  құралдармен  жабдықтауға  4  млрд.  170  млн.  теңге 

қаражат жұмсалды. 

Тірек-қимыл  аппараттары  бұзылған  балаларға  арналған  қозғалысын 

қамтамасыз  етумен  қоса,  бүгінгі  күні  арнайы  пернетақталар  және 

манипуляторлар,  есту  бұзылыстары  бар  балаларға  арналған  жеке  есту 

аппараттары,  дыбысты  қатайтатын  микрофоны  бар  тифлотехникалық  құралдар 

сатып  алынуда.  Білім  алуға  мүкіндіктердің  бірі  ақпараттық  қамтамасыз  ету, 

сонымен  қатар  принтерлер,  Браиль  дисплейі,  оқитын  машиналар  және  ұлғайту 

құрылғысы,  электронды  лупа,  сөйлейтін,  экранды  ұлғайтатын  мобильді 

құрылғылармен қамтамасыз ету маңызды. 

Бүгінде  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  оқытуға  ынталандыру  үшін  43% 

арнайы  білім  беруді  ұйымдары,  оның  ішінде  мультимедиялық  оқыту  (Eduplay, 



20 

 

Multikid,  Sound  beam)  жүйелерімен  жабдықталған.  Арнайы  мектептердің                



20 пайызында интерактивті тақта орнатылған. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет