Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты



Pdf көрінісі
бет61/70
Дата31.01.2022
өлшемі0,79 Mb.
#116733
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   70
Байланысты:
Инклюзивті-білім
Инклюзивті-білім, tebenova-arnaiy-psih, 8 SQL тілінің компоненттері, annotation169253, Эпилепсияның жалпы клиникалық-психологиялық ерекшеліктері
Екінші    айында

  балаға    біреу  жақындаса    бала  жылап  айқайлайды, 

шыңғырады. 

Үшінші  айда  бала

    ешкіммен    қарым-қатынасқа  түскісі  келмейді.  Егер 

алты ай анасынан бөлек жүрсе  бала ешкімді қаламайды. 

Ата-анасыз  өскен    бала    үлкендермен    әңгімелескісі    келіп  тұрады,  яғни 

«қайта  жандану    комплекісі»  пайда  болады.  Баланың  психикалық  дамуының 

түрліше  болуына,  олардың  қабілеттерінің  қалыптасуына  тұқым  қуалаушылық 

ерекшеліктерінен  гөрі  тұрмыс  жағдайында  тәрбие  мен  оқытудағы 

айырмашылықтар  көбірек  әсер  етеді.  Өмірінің  алғашқы  күндерінен  бастап 

балалар үйіндегі баламен ата анасы бар баланың даму ерекшелігі жермен көктей 

екені  анық.  Қарым-қатынасқа  деген  қажеттілік  бір  айға  толар  толмас  шақта 

байқалады.  Әрине,  ондай  қарым-қатынас  жасайтын  анасының    жоқтығынан 

сыртқы  ортадан  алатын  бала  әсерінің  ауқымы  шектеулі  болады.  Мұндай 

сенсорлық  оқшаулану  дамуды  кешеуілдетеді.  Атап  айтқанда,  қозғалысының 

дамуы  баяулайды,  тілі  кеш  шығады,  кей  жағдайларда  ақыл  ойының  дамуы  да 

тежеледі. 

Балалар үйінде  өскен  сәбилердің айырмашылықтары  өте  үлкен. Мысалы: 

ынтасының  болмауы

сөйлеудің артта  қалуы

сезімдерінің төмендігі

• үлкенге  деген  құрметтің жоқтығы

• өзімен-өзі  жеке өмір  сүргісі  келуі; 

• ойыншықтарымен  жалғыз өзі  ойнағысы келуі

Баланың  тұлға  ретінде  қалыптасуына  өмірінде  «Ата-ана  -  бала»  қатынас 

жүйесіне  түспеуі  әсер  етеді.  Мінезінде  қырсықтық,  бірбеткейлік  сияқты 

қасиеттер ерте көріне бастайды. 

Балалар үйінде - психиаторлық, неврологиялық зерттеулердің  нәтижесінде  

балалардың    тез  агрессияға  түсуі    анықталған.  Дәл    қазіргі    уақытта    баланы  

тәрбиелеуде  жанұяның  болуы  өте  маңызды. Әлеуметтік қорғау мекемелерінде 

балалармен  жасөспірімдерге  тығыз  жұмыс  жүргізілуде,  бірақ  әр  бір  баланың 

басындағы қиын жағдайды шешу өте  күрделі  мәселе. Ата-ананың  қарауынсыз  

қалған  балалардың  жалпы    психикалық    және    әлеуметтік  дамуының 

бұзылуының себебін анықтап, психикалық ауытқуы бар балалармен жұмыс істеу 

барысында  оларды  көмекпен  сүйемелдеуіміз  керек.  Сол    себепті      балалармен  

жас  өспірімдерге    қатысты    кемшіліктерін    жою  үшін    олармен    өзара  

әңгімелесіп  дискуссия,  диагностикалық  әдістемелер  мен  тренингтер  жүргізу 

кезінде балалардың бойындағы агрессивтілік, қорқыныш, үрей сезімдері, жүйке  

жүйесінің    шаршауы,  жеккөру  сезімдері,  өзіне  деген  сенімсіздік    қасиеттерін 

жоюда психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмысы өте қажет. 




72 

 

Осы мақсатты жүзеге асыру барысында балалар үйінде тәрбиеленушілердің 



агрессивтілігін,  мазасыздығын  «Кракодил»  проективті    тест,    «Өмірде  жоқ 

жануар»  көңіл-күйді  анықтау  тесті,  Басс-Дарки  сауалнамасын  түзете-дамыту 

жұмыстарында пайдалануға болады. 

Зерттеулер  нәтижесі  балалар  үйі  тәрбиеленушілерінің  бойындағы 

жағымсыз,  теріс  мінез-құлық  бар  екендігін  көрсетті.  Осы  жағымсыз  мінез-

құлықтар мен бойларындағы ұнамсыз сапаларды жойып, оны түзету мақсатында 

сол  балаларға  қазіргі  таңда  психологиялық-коррекциялық  сүйемелдеу  

жұмыстары жүргізілуде. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


73 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет