Ақша
Ақша — айырбас құралы ретінде барлық адамдармен қабылданатын және басқа тауарларды (қызметтерді) бағалауға қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ.
Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік – экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді.
Қызметтері:
1.Ақшаның –құн өлшемі екенін көрсетеді.
Ақша құн өлшемі ретінде «құнды көрсету үшін, яғни мөлшер жағынан аттас, сапасы жағынан бірдей және саны жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын көрсететін» материал қызметін атқарады.
2.Ақшаның– айырбас құралы екенін дәлелдейді.
Бұл қызметінде ақша айналыста дәнекер рөлін атқарады. Тауар өндіруші өз товарын сатқаннан кейін басқа тауарды сатып алуды кідіртіп,ақшаны айналысқа жібермей өз қолында ұстауы мүмкін. Айналыс құралы ретінде ақша өткінші сипатта болады: демек ол қолдан-қолға өтеді. Т-А-Т; А-Т-А; -деген заңдылыққа сүйенеді.
3.Ақша-төлем құралы.
Тауарлар нақты ақшаға сатылып қана қоймай,сонымен бірге несиеге сатылады.Сатып алушы ақшаның орнына өз тарапынан борышқорлық міндеттемелер береді.Осы міндеттеменің мерзімі жеткен соң ақша төленеді,сөйтіп ақша төлем құралы қызметін атқарады.
4.Ақша-қазына жинау және қорлану құралы
Ақша жалпыға бірдей байлықтың бейнесі болғандықтан,оны кез келген уақытта кез келген уақытта кез келген тауарға айналдыруға болады.
5.Дүниежүзілік айналыста ақша ең алдымен төлем ретінде қызмет атқарады
Дүниежүзілік нарықта ақша халықтардың төлем қаржысы ретінде төлем балансының сальдосын өтеуге,халықаралық төлем қаржысы ретінде шетелден нақты ақшаға тауар алу кезінде бір елден екінші елге көшірудің құралы ретінде қызмет етеді.
Жалпыға тікелей айырбасталу
Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңіді.
Ақшаның айырбас құны
Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізуімен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б.
Еңбектің сыртқы заттық өлшемі
Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің, олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |