АҚПАРАТ ХАТ
Анықтамасы:
Белгілі бір ортада атқарылатын жұмыстарға байланысты ақпаратты басқа мекемелерге тарататын жазбаша құжат.
Тапсырмалар:
1. М.Әуезов атындағы қазақ драма театры Жеңіс күнінің 65 жылдығы мерейтойына арналған концерт өткізетіндігі туралы ақпарат хат құрастырыңыз.
2. Студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы болатын- дығы туралы ақпарат хат құрастырыңыз.
3. Мұғалімдердің білімін жетілдіру институтының ұйымдастыруымен 2010 жылдың наурыз айында «Қазіргі білім беру және оқытудың жаңа технологиялары» тақырыбында аймақтық семинар өткізілмекші. Осы жағдайға орай ақпарат хат үлгісін жазыңыз.
4. Облыстық іскер әйелдер қоғамының ұйымдастыруымен «Әйел және іскерлік әлемі» атты дөңгелек үстел өткізілмекші. Осы жағдайға байланысты күнін, өткізілетін орнын, қарастырылатын мәселелерін көрсетіп, ақпарат хат үлгісін жазыңыз.
5. «Жұлдыз» республикалық дарынды балалардың орталығында нақты ғылымдардан республикалық олимпиада өткізілмекші. Осы жағдайға байланысты олимпиаданың күнін, орнын, пәндердің тізімдемесін көрсетіп, ақпарат хат үлгісін жазыңыз.
6. «Атамұра» республикалық баспасынан осы жылы жоспарланған әдебиеттерді көрсетіп, ақпарат хат үлгісін жазыңыз.
ЦИРКУЛЯР ХАТ
,Анықтамасы:
Достарыңызбен бөлісу: |