Қызметтік хаттар



бет13/14
Дата01.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#107482
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
a0daa36d-0854-4877-8f5d-070cfba9e7d1

1. Ресми. 2. Бейресми.

,Анықтамасы:



Ресми құттықтаухат – ресми ұйымдар мен мекемелерді және лауазымды адамдарды құттықтаған жағдайларда арнаулы ресми құттықтау (адресат) түрінде жазылып, жолданады.

,Анықтамасы:



Бейресми құттықтаухат – жеке адамдарды маңызды мерекелерде, мерейтойларда, тағы басқа жағдайларда жазылады.

Құттықтаухат құрметті, қадірлі, аса қадірлі, қымбатты деген сөздермен басталады.

Содан кейін құттықтау себебі жазылады. Сосын құттықтаушы қуаныш иесінің жетістіктері туралы хабардар екенін білдіруі қажет.

Мысалы:


Сіз осы жылдар аралығында зор жетістіктерге (табыстарға) жеттіңіз.

Біз сізді әділ басшы, іскер маман ретінде жақсы білеміз.

Қызметкерлер арасында сіздің беделіңіз жоғары.

Сіз өзіңізді іскер маман ретінде көрсете білдіңіз.

Сіздің медицина (экономика, филология т.б) саласына, фирманың (кәсіпорынның, мемлекеттің) өркендеуіне қосқан үлесіңіз зор т.с.с.

Осыдан кейін ізгі тілектер жазылады. Соңында құттықтаушының аты- жөні шын жүректен, ізгі тілекпен, шынайы көңілден деген сөздермен аяқталады.

Құрылымы:


  1. Қосымша сөздерден басталып, (мерейтой иесінің) аты-жөнінің жа­зылуы.

  2. Құттықтау себебі.

  3. Құттықтау иесінің жетістіктері жайлы ізгі тілектер.

  4. Қосымша сөздермен аяқталады, құттықтаушының аты-жөні.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет