«Өзімнің есебімше», «Несіне ойланасың?» өлеңімен ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар.
2. Қазақ тілі маманы Ақсауле Қалмаханбетқызын «Бақыт деген не өзі?» өлеңімен ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар.
3. Тәрбиеші Жаңылсын Құралбекқызы «Арыз жазып кетейін» өлеңімен ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар.
Жүргізуші:
Аузын ашса, жүрегі көрінетін,
Көмейінен отты жыр төгілетін,
Қайран Мұқағали, аруақты ақынсың ғой
Қас тұлпардай жер тартып тебінетін.
Бейнет кешіп жасыңның жастығында,
Көрдің талай пақырдың қастығында.
Мазақ қылды-ау біреулер іші күйіп,
Сәттеріңді айналған тас тұғырға.
Қазақ талай қазақпен кектеседі,
Керек емес біреудің от көсеуі.
Тілден безіп жүргендер бір сөзіңнің,
Дәмін алса ешқайда кетпес еді.
Ақынның ұрпаққа ұран болған жырларын елі де, ақынның ой мен сезімі астасқан жырларын жаттаған жас қауым да ешқашан естен шығармайды деп сенеміз.
Ендеше келесі сайыскерлерімізді шақырайық.
1. Махмудов Нұрасыл - «Батар күн».
2. Бисенғали Аружан - «Өмір».
3. Адилова Диана - «Кешіріңдер», «Күндестік құрысын!».
4. Ізбас Қасымжомарт - «Әйелдер-ай!».
Достарыңызбен бөлісу: |