Измухаммедова Сарсенгул Мустафаевна
Маңғыстау облысы білім басқармасының
«Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған № 1 арнайы балабақшасы» КМ мекемесінің кітапханашысы
Поэзия! Менімен егіз бе едің?
(Мұқағали Мақатаев өлеңдері бойынша мектепалды даярлық топтары арасында мәнерлеп оқу сайысы)
Мақсаты: Ақынның өрісті ой, өшпес көркем мұрасын насихаттау, ақынды еске алу, балаларға ұлттық, адамгершілік тәрбие беру, балалардың мәнерлеп оқу шеберлігін шыңдау. Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын бала жүрегіне ұялату, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, ақын жырларын, әндерін айта отырып, өз елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу.
Барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті әріптестер және де балабақша бүлдіршіндері! Биыл шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі – Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев атамыздың туылғанына 85 жыл толып отыр. Осыған орай мектепалды даярлық топтар арасында ұйымдастырылған «Поэзия! Менімен егіз бе едің?» атты мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер!
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Саф алмастай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері, өзі айтқандай, талай болашақтарға көшеді. Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салу мақсатында осы сайысты ұйымдастырып отырмыз.
Достарыңызбен бөлісу: |