Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл
Дайындаған қазақ тілі мен
әдебиеті пән мұғалімі: Аскарова Г.Б.
2015-2016 оқу жылы
Мақсаты: Ақынның өрісті ой, өшпес көркем мұрасын насихаттау, ақынды еске алу, оқушыларға ұлттық, адамгершілік тәрбие беру, оқушының мәнерлеп оқу шеберлігін шыңдау және «ҚР - дағы Тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру.
1 - жүргізуші:
Сырым да - осы,
Жырым да - осы,
Алдыңда.
Байқашы бір
Бықсыдым ба, жандым ба?
Махаңдар жоқ,
Махаңдардың сарқыты -
Мұқағали Мақатаев бар мұнда,- деп бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында М.Мақатаев ұрпақтарға ұланғайыр мұра қалдырып кеткені баршамызға мәлім.
2 - жүргізуші: Бүгін біз сіздермен айтулы, дара ақын, халқының қара өлеңін құдіретке айналдырған Мұқағали өлеңдері мен әндерін тыңдау үшін бас қосып отырмыз. Қош келдіңіздер!
1 ведущий: Мукагали Макатаев – сын своей эпохи, в чуткой душе которого вмешались все тревоги и боли. Правдивый, прямой. Иногда резкий в своих суждениях и поступках, он был неудобен, неугоден для тех, кто стремился понукать поэтами. Его сердце не вынесло нравственной перегрузки. «Прекрасно знаю, - писал поэт, - что все в крови…».
2 - жүргізуші: Аламан бәйгеде оза шауып, шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағалидің өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз біле бермейміз.
1 - жүргізуші:
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Саф алмастай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді.
Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салу үшін келіп отырсақ, бастайық!
Ведущий 2. М.Макатаев жил с надеждой на будущее своего народа.
Желанье жить меня томит, сжигая,
Живу грядущим, счастья ожидая,
Дыша надеждой, не жалея сил,
Корысти и наживы не желая.
1жүргізуші
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы
Бұдан артық рақат табылмайды.
Бұлдырасын өткен күн сағымдай бір,
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы.
Ведущий 2. Человек по словам Айтматова, должен думать обо всем. Вопросы смысла жизни, ее быстротечности нашли отражение и в творчестве М.Макатаева.
Что значит жить? Жить – значит чувствовать и мыслить, страдать и блаженствовать. Способность страдания усиливает в нас способность блаженства, не плакавший, не возрадуется.
1 - жүргізуші:
Қырансың, аға, топтан сен бөлек дарасың,
Хантәңірі сынды заңғар боп мәңгі қаласың.
Жырларың сенің таулардай биік тұлғалы
Шарлап жүр бүгін көк пенен жердің арасын.
2 ведущий
О, степь моя! Земля без края!
Лежишь ты, маревом играя,
Вместив и небо, и людей,
Всю жизнь, весь мир в себя вбирая…
О степь моя, земля без края!
Да есть ли где-нибудь другая,
Хоть в чем-то схожая с тобой,
Величественная такая?!
Тт
(
1 - жүргізуші:
Аузын ашса, жүрегі көрінетін,
Көмейінен отты жыр төгілетін,
Қайран Мұқа, аруақты ақынсың ғой
Қас тұлпардай жер тартып тебінетін.
Бейнет кешіп жасыңның жастығында,
Көрдің талай пақырдың қастығында.
Мазақ қылды-ау біреулер іші күйіп,
Сәттеріңді айналған тас тұғырға.
Қазақ талай қазақпен кектеседі,
Керек емес біреудің от көсеуі.
Тілден безіп жүргендер бір сөзіңнің,
Дәмін алса ешқайда кетпес еді.
Ақиық ақынның ұрпаққа ұран болған жырларын елі де, ақынның ой мен сезім астасқан жырларын жаттаған жас қауым да ешқашан естен шығармайды деп сенеміз.
2 ведущий: Движется, живет по своим законам мир поэзии – Вселенная души человечества. Беспрерывно рождаются и вспыхивают в этом чудесном мире новые поэтические «звезды и звездочки». Одни сгорают и навсегда затихают еще при жизни их «хозяина», свет души от других доходит к нам на протяжении десятилетий, а лишь немногие, очень немногие согревают народную, живую душу в веках, разгораясь со временем все ярче и ярче. Имя одной из таких прекраснейших лучезарных звезд в бессмертном поэтическом мире – имя Мұқағали Мақатаева. Оно – вечно.
1-жүргізуші:
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
Иә ,ақын туралы естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда.Алдымен ақынның өз өмір жолы туралы жазылған «Менің анкетам» өлеңін тыңдап көрелік.
- Туған жерің?
- Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.
- Туған жылың?
- 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
- Жынысың кім?
- Еркекпін ғой, еркекпін! Және-дағы тәуірмін...
- Партияда барсын, ба?
- Жоқпын.
Бірақ, коммунистік көзқараспен қараймын.
- Шыққан тегің?
- Шаруамын.
Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
- Білімің ше?
- Орташа ғой.
Алайда өзім жоғарыға балаймын.
- Ана тілің?
- Қазақша.
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.
- Қайда істедің?
- Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.
Оқымаған, дипломсыз демесең,
Бір басымнан бар мамандық табылар.
- Міндеттісің бе әскерге?
- Міндеттімін.
Біздің әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой,
Жанын қиған Мәскеуге.
- Сөгіс алып көрдің бе?
- Ол жағынан періште едім дей алмаймын
Мен мүлде.
Ойлы-қырлы бүл өмірде болады ғой мүлт кету,
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...
- Шетелдерде болдың ба?
- Болғамын жоқ.
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,
Осы отырған орнымда-ақ.
- Мекен-жәйің?
- Мекен-жәйім - жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгемін!
1-жүргізуші: Ақын жүрегі сезімтал ғой. Ол өз замандастары мен кейінгі ұрпағының өзін өлеңдерімен бірге есіне алып жүрерін алдын ала сезді ме?
Туған жерге, елге, халқына, досына, Отанына, әкесіне, әжесіне, ана тіліне деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеді.
Ведущий 2. Поэт Макатаев не имел верных и настоящих друзей, искренне верящих в него, в его поэтический талант. Он жаждал дружбы, но был одинок. В самые горькие минуты он всю печаль свою, сомнения и тайны поверял другу – поэтессе Фаризе Онгарсыновой.
Песня « Фариза»
Ведущий 2. Талант – достояние народа, достояние требует к себе бережливого отношения. Идут годы. Пройдет еще много лет и люди беспристрастно взвесят и оценят вклад каждого в поэтическую сокровищницу народа. Они скажут восторженное слово не только о нашем времени, но и о людях, чей гений помогал стремительному развитию науки и культуры. Среди золотых имен еще больше зазвучат имена поэтов, чья поэзия была полна высокой гражданственности.
1-жүргізуші:Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар деп ойлаймыз.
Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары- БІЗ! (хормен).
Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.
Олай болса, жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізі.
/оқушылар әріптер алып шығады/
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз. –барлығы бірге.
Рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |