Изтилеуова А. Ш. 5В012000, 6В01450-«Кәсіптік оқыту» мамандығы студенттеріне арналған



бет15/23
Дата05.09.2023
өлшемі5,44 Mb.
#180294
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Байланысты:
Дәріс кілем

Бақылау сұрақтары:

  1. «Бос», «тығыз» тоқу сөздеріне түсінік беріңіз.

  2. Жұп жіптерді санау, арқау жіптеріне байланысты кілемнің тығыздығын қалай есептейді?

  3. Кілем тоқу барысындағы қателіктерді қалай жоюға болады?

  4. Кілем енінің кеміп кетуін қалай жөндейді?

  5. Гүлдің қолтықшаларын санап шығару қалай орындалады?



Дәріс №9. Тақырыбы: Тақыр кілемді құру және оны тоқу әдісі.
Мақсаты: Тақыр болып келетін кілемдерге сипаттама беру, олардың атаулары мен бір-бірінен өзгешілігі жолдарын әдістерін меңгерту .
Дәрісті өткізу түрі: Ақпараттық.
Тірек ұғымдар: «желі жіп», «күзу жіп», «түр жіп», «арқау», «шатыс», «сирексіту», «адарғы», «белағаш», «тоқпақ».
ТОҚ, мультимедиялық әдістер: Таратпа материалдары
Жоспары:

  1. Тақыр болып келетін кілемдерге сипаттама, олардың атаулары мен бір-бірінен өзгешілігі.

  2. Тақыр кілемге қажетті құрал-жабдықтары мен жіптері.

  3. Тақыр кілемнің суреттерін дайындау.

Әдебиеттер:
1. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері.- Алматы: Өнер, 1987.-128 бет.
2. Әбдуалиева Ш. Халық қолөнері. -Алматы: Рауан, 1992.-120 бет.
3. Изтилеуова А.Ш. Кілем және гобелен тоқу шығармашылық негіздері практикумы. Әдістемелік құрал Шымкент ЮКГУ 2004 ж
4. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. –Алматы: Қазақстан 1995.-256 б.
5. Мұқанов К. Жүннен жасалатын бұйымдар.Алматы: Қайнар, 1990.-144бет.
Тықыр кілем (кілем, палас, сухама, шпалер, терме алаша және т.б) бір өріс жібінен бір қабатты екі жақты тығыз етіп тоқылады. Түгі қырқылмаған (түз ақшалы), кейде түгінің жартысы қырқылып, жартысы қырқылмаған аралас кілемдер де шығарылады. Сонымен қатар тоқыма емес (түгі тігілмелі, шыбықшалы, желімді кілемдер), түскиіз, ою — өрнек салынған тері кестелі өрме кілемдер де болады.
Тақыр тоқу немесе тақыр кілем тоқу әсіресе Қызылорда облысында көп дамыған өнер. Оған түк орамай, өрнек беретін жіпті ерсі мен қарсының өз бойында бояп алады да, жай өрмек әдісімен тоқи береді. Тақыр кілемді кейде жіптерін боямай-ақ, ақ жіп пен қара жіпті кезек келтіріп тоқиды. Сөйтіп кейде көлденең жолақ, кейде ұзын жолақ, сондай-ақ кеңірдек өрнектер тоқылып шығады.Түктеп теру әдісімен енсіз шағын кілем, кілем қоржын, түрлі төсеніштер тоқылады. Мұндайда өрмектің өрнектеуіш жіптері ерсі мен қарсыға аралас бойлай тоқылады. Бой жіптер қатарында тұрған өрнектеуіш жіп өрмек бетінде бос қалып отырады да, соңынан ол кесермен қырқылып тасталады. Осыдан өрмек бетінде түк пайда болады.
Тақыр тоқу немесе тақыр кілем тоқу әсіресе Қызылорда облысында көп дамыған өнер Оған түк орамай, өрнек беретін жіпті ерсі мен қарсының өз бойыңда бояп алады да, жай өрмек әдісімен тоқи береді. Тақыр кілемді кейде жіптерін боямай - ақ, ақ жіп пен қара жіпті кезек келтіріп тоқиды. Сөйтіп көлденең жолақ, кейде ұзын жолақ, сондай - ақ кеңірдек өрнектер тоқылып шығады.
Тақыр кілем түріне арналған тоқыма жіп, желі жібіне ұқсас бастау иіріліп ширатылып дайындалады. Кілем өрнегіне қарай әр түсті ретіне орай арқау орнына өткізбелей отырып тоқылады. Тоқудың бұл түрін теріп тоқу деп атайды.
Тоқылу барысында тақыр кілемді тоқу түкті кілемдей көп уақытты алмайды. Тек желі жүргізілетін кезде тақыр кілемнің, түкті кілемге қарағанда желі жіптерінің арасы сәл-пәл ғана алшақтау болады. Тақыр кілемге салынатын өрнекке алдын-ала шаблон дайындалып, соған қарап отырып түсіреді. Тәжірибелі шеберлер өзінің ойымен тоқыма өрнегін шығаруындағы жіп санына әбден қанығып алған шаблонға қарамай тоқи береді. Кілемдердің аталуына қарай тақыр кілемге түк шалынбайды, түкті түк шалынып тоқылады. Түкті кілем ою өрнегіне, сапасына, бояуының түріне қолдануына қарай әр алуан атауларға ие болады. Сонымен қатар, өзге елден әкелінген кілем түрлеріне еліктеп тоқылғандарына да лайықтап атау берілген. Әндіжан кілемі, түркімен кілемі, парсы кілемі және араб кілемі болып аталған.
Түксіз кілемнің өрнегіне атынан көрініп тұрғанындай түк салынбайды, кілем түріне арналған жіп желі жібіне ұқсас иірліп, ширатылады. Арқау орнына түрдің жібі қолданылады. Осы әр түсті жіпті кілем өрнегінің ретіне қарай арқау орнына өткізбелей отырып кілем тоқыла береді. Тоқудың бір түрі теріп тоқу деп аталады.

10-сурет. Көлденеңінен және тігінен тоқитын кілем станогы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет