Бақылау сұрақтары:
Тақыр болып келетін кілемдердің атаулары мен бір-бірінен өзгешілігі қандай?
Тақыр кілемге қажетті құрал-жабдықтарды ата.
Тақыр кілемге қандай жіптер қолданады?
Тақыр кілемнің құру әдісін түсіндір.
Тақыр кілемнің тоқылу өзгешілігін ата.
Арқауға байланысты тығыздықтарды қалай анықтайды?
Дәріс №10. Тақырыбы: Тақыр кілемді құру әдісі.
Мақсаты: Тақыр болып келетін кілемдерге сипаттама беру, олардың атаулары мен бір-бірінен өзгешілігі жолдарын әдістерін меңгерту .
Дәрісті өткізу түрі: Проблемалық.
Тірек ұғымдар: «желі жіп», «күзу жіп», «түр жіп», «арқау», «шатыс», «сирексіту», «адарғы», «белағаш», «тоқпақ».
ТОҚ, мультимедиялық әдістер: Таратпа материалдары
Жоспары:
Түкті және тақыр кілемдерді құрудағы айырмашылықтар.
Тақыр кілемнің тоқылу өзгешілігі.
Тоқыма талшықтарына мәлімет.
Желі жіп, арқау жіптерін ширатып дайындау.
Кілемге түсірілетін түр жіптерін әзірлеу.
Арқауға байланысты тығыздықтар.
Өрмек халық қолөнерінің тоқу ісінде қолданатын өте қарапайым әдісі, яғни мұны тоқу станогы десе де болады. Күрделі техникасыз, кез келген жағдайда қолданылып, керекті жабдықтары оңай табылатын өрмектің екі түрі бар. Оның біріншісін аспалы немесе термелі өрмек дейді. Ондай өрмекте кілем сияқты тұтас, енді заттар тоқылады, екіншісін жай өрмек дейді. Жай өрмек шекпен, алаша, қап, қоржын, белбеу, терме бау, басқұр сияқты енсіз нәрселерді тоқуға арналады. Өрмекке арналып иірілген жіптер істелетін бұйымдарға, жасалатын жолақтарға, өрнектерге қарай бірнеше түсті болады және ол түстер бөлек-бөлек домалақтанады. Тоқылғанда заттың ұзын бойына жұмсалатын бұл жіптер кейде жалаң қабат, кейде екі қабат иіріледі. Шекпен жіптерін жиек жіптер сияқты оңқай, солақай етіп иіре береді. Өрмекшілер тілінде үстіңгі жіпті «ерсісі» деп, астыңғы жіпті «қарсысы» деп атайды.
Тақыр кілемнің жібін терме алашаға иіргендей екі тіндеп ширатады. Бір кілем желісіне 6 кг (тақыр кілемге 14 кг) жіп керек. Желі жібінің мықты болуы үшін көбінесе ешкінің қылын немесе түйенің шудасын жүнге қосып иіреді. Ширатылып, келептелген соң міндетті тұрде шыңдалады. Ол үшін біраз уақыт кайнап тұрған ыстық суға салып қояды немесе бір қайнатып алады. Содан кейін арасы 0,5 м қашықтыққа қағылған екі қазыққа керіп тастайды. Жақсы шындалған кілем жібі кілем тоқылып біткенше созылмай немесе ұзындығын жоймай, бір қалыпта тұрады. Мұндай кілемнің бетіне түскен өрнегі де ойдағыдай шығады. Бір айтатын жай-шындалатын жіпті екі қазыққа айналдыра орағаннан кейін мықты ағаштан бұрау салып тастайды. Осы бүраудан жеті-он күнге дейін тұрған жіп әбден бабына келіп шындалған деп есептеледі.
Тақыр кілемнің құрылуында түкті кілемнен айырмасы жоқ. Тек желі жүгіртілген кезде түкті кілемге қарағанда желі жіптерінің арасы сәл-пәл ғана алшақтау болады.
Өрмекке жеңіл әрі жиі қолданылатын өрнектің екі түрі бар. Оның біріншіден «су» өрнегі де, екіншісі «тіс» өрнегі. «Су» өрнегін өрмектің белгілі бір шетінен ерсі жіп пен қарсы жіптің өнбойын бір түсті етіп жүгірту арқылы тоқиды. «Тіс» осы екі жіптің екеуін екі түсті түрмен жүгіртіп тоқиды.
Өрмекте мүйіз, өсімдік, геометриялық фигуралар тәрізді күнделікті өрнектер тоқу кездеседі. Мұндай тоқуды «терме» атайды. Терме өрнегіне жоғары да айтылған жабдықтарды қосымша «ілмек», «өткерме», «мәймөңке» деген жабдықтар қолданылады. Мәймөңке өте жұқа етіліп, жып – жылмағай, бұдырсыз істеледі. Өрмек жіптерін қиып, үзіп, не шатыстырып алмас үшін мәймөңкені өте ептілікпен қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |