Изучение подлежащего как структурно-семантического компонента простого двусоставного предложения

Бұл ретте қатаңдар мен ұяңдарға қарағанда үнділер (дауыстылар сияқты) басқа дауыссыздармен, әсіресе қатаңдармен тіркесуге бейімдірек екенін байқаймыз. Мысалы

бет11/13
Дата27.03.2023
өлшемі130,35 Kb.
#173066
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
№7лекцияФ

Бұл ретте қатаңдар мен ұяңдарға қарағанда үнділер (дауыстылар сияқты) басқа дауыссыздармен, әсіресе қатаңдармен тіркесуге бейімдірек екенін байқаймыз. Мысалы:

Үнді/қатаң: алқа, арқа, алты, желке, қалта, қалқа, ерке, күлкі; тол+тыр, кел+тір т.б.

Үнді/ұяң: бол+дыр, жел+дір т.б.

Үнді/үнді: сан+ның, адам+мын т.б.

Осы заңдылықтың дәлелі болу керек, қазақ тілінің түбір сөздерінде негізінен екі дауыссыз дыбыс қатар (көршілес) тұрмайды. Түбір сөздерде екі дауыссыздың қатар тұруының бір-ақ заңдылығы бар. Ол – үнді мен қатаңның тіркесі. Мысалы: зырқ, күрк, гүрс, былқ, селк, жалт, қалш, шаңқ, күңк, томп, тәйт т.б.

Бұлардың көпшілігі – еліктеуіш сөздер мен одағай сөздер. Арасында бірлі-жарым зат есімдер мен етістіктер де кездеседі. Мысалы: кілт, даңқ, реңк, жент, өрт, жайт, жорт, ерт, шерт, кенелт, ойлант, айт, бадырайт, едірейт т.б.

Екі дауыссыздың тіркесі туралы айтқанда бір дыбыстың екі рет қайталанып (екіленіп) қолданылуын естен шығаруға болмайды. Мұндайлар – қайталама дыбыстар деп аталынып жүр. Мысалы: қатты, ыссы, аппақ, мәссаған т.б.

Қайталама дыбыстар қазақ сөзінде сөз бен қосымша жігінде жиі ұшырасқанымен түбір ішінде сирек кездеседі. Ал сөз бен қосымша жігінде, сөз бен сөздің аралығында қайталама дыбыстар молынан ұшырасады: баққа, текке, атта, атты, шаппа, баппен, таппады, бассыз, кессе, шешші, шаммен, алғаннан, аққала, көккептер, бес сом, төрт түлік, үш шал, сөз зергері, он нар т.б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет