Дәріс №1
1. Тақырыбы: Кіріспе. Микроорганизмдердің жіктелуі. Жүйелендіру негіздері.
2. Мақсаты: Студенттерге микробиология пәнінің мақсаты мен міндеттерін, микробиология, вирусология және иммунологияның тарихи дамуын, сонымен қатар микрорганизмдердің морфологиясын ультрақұрылымын, жүйелілігін үйрету.
3. Дәріс тезистері.
Микробиология иммунология медицинада іргелі-теориялық және клиникалық пен медициналық профилактикалық пәндер арасында аралық орынды алады. Микробиология барлық медициналық пәндермен тығыз байланысты (хирургия, терапия, онкология, жүйке жүйелері аурулары, урология, офтольмалогия, эндокринология, эпидемиология, педиатрия, стоматология, жұқпалы аурулар, медицина-алдын алу, фармациялық пәндермен). Кез келген дәрігер негізгі микробиология және иммунологияны жете меңгеріп оны практикада ауруға микробиологиялық диагноз қоюда пайдалана білу керек.
Қазіргі уақытта статистикалық мәліметтер бойынша 70 % ауру жұқпалы ауру, сондықтан дәрігер микробиологиялық әдістерді (бактериологиялық, бактериоскопиялық, серологиялық, вирусологиялық, биологиялық) бактериялардың, вирустардың морфологиясын жете меңгеру керек.
Бактериялар прокариоттарға жатады. Бактериялар пішініне қарай кокк тәрізді, таяақша тәрізді, иілген, бұралған, жіпшелі болып бөлінеді.
Шар тәрізді бактерияларға микрококтар, диплококтар, пневмококтар, стрептококтар, стафилококтар, сарциналар. Таяқша тәрізді бактериялар спора түзетін және спора түзбейтін болып бөлінеді. Иілген бактериалар - спираль тәрізді бактериялар спириллалар, спирохеталар.
Спирохеталар 3 түрге бөлінеді. 1.Трепонома, 2. Боррели .3. Лептоспиры.
Риккетсиялар адамда риккетсиоз ауруын шақырады, цитоплазмада қосарланып көбейеді, биттердің, бүргелердің, кенелердің ағзасында жақсы көбейеді. Романовский-Гимзе әдісімен боялады.
Хламидиялар–облигатты жасуша ішілік паразит, тек тірі ағзада көбейеді, олар (АТФ) және (ГТФ) синтездемейді. Адамдарда хламидиялар көзді зақымдайды трахома, коньюктивит, урогенитальді ағзада және өкпеде ауруды шақырады.
Актиномицеттер – тармақталған жіпше және таяқша грам оң бактериялар. Патогенді актиномицеттер актиномикозды, нокардии-нокардиозды, микобактерия туберкулезді алапесті, коринобактерия-күлді шақырады.
Микоплазмалар-майда бактериялар жасуша қабырғасы жоқ, адамдарда атипті пневмонияны шақырады.
Бактерия жасушасының құрылымы – цитоплазмалық мембрана, жасуша қабырғасынан, нуклеоид, капсула, микрокапсула, жіпшелер, кірпікшелер, споралардан тұрады.
Вирустардың классификациясы мен морфологиясы; Вирустар РНҚ және ДНҚ түзуші болып екі түрге бөлінеді. Вирустардың морфологиясын электронды микроскоптың жәрдемімен үйренеміз. Қалыптасқан вирус бөлшектерін вириондар дейміз. Вириондардың пішіні таяқша, оқ, сперматазоид, жіп, сфера тәрізді болып бөлінеді.
Вирустар қарапайым және күрделі құрылымды болып екіге бөлінеді. Қарапайым құрылымды вирустар нуклеин қышқылынан және капсидтен ал күрделі құрылымды вирустар нуклейн қышқылынан, капсидтен және липопротеин қабықшасынан тұрады.
Капсид және қабықша вирионды сыртқы орта әсерінен сақтайды.
Вирустардың жіктелу негізі келесі жіктелуге байланысты; нуклеин қышқылының түріне (РНҚ, ДНҚ) оның құрылымы мен жіпшелерінің саны (біреу немесе екеу) вирус геномының ерекшелігіне, көлемі мен пішініне, капсомер санына нуклеокапсидтің симметрия типіне, қабықшаның барлылығына, жасушада көбею орнына, антигендік қасиетіне.
Достарыңызбен бөлісу: |