Ж ұ мысба ғ дарламас ы пән: Микробиология Пән коды: Мiс 2207 Мамандық: 051103 «Фармация»


Дәрілік заттардың микробиологиялық бақылауы



бет137/176
Дата07.02.2022
өлшемі1,48 Mb.
#92007
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   176
Байланысты:
Микробиология-Фармация-2-курс-каз

Дәрілік заттардың микробиологиялық бақылауы. Көбейген микроағзалар дәрілік өсімдіктерден дайындаған препараттардың фармакологиялық қасиеттерін өзгертеді. Сол микроағзалардың көбеюін алдын алу үшін дәрілік препараттарды дайындаған кезде санитарлық ережелерді қатаң сақтауымыз керек, ол үшін өнеркәсіптің қоршаған ортасының объектілерінде шығарылып жатқан дәрілік формаларының әр серияларында санитарлық-микробиологиялық бақылау жүргіземіз.
Парентеральды егуге арналған инъекциялық дәрілер арнайы нормативті-техникалық құжаттар бойынша стерильді болуы тиіс. Бақылау жүргізу үшін дәрілік заттарды әр түрлі бактерияларды, оның ішінде анаэробтарды анықтау үшін тиогликоль ортасына егеміз. Саңырауқұлақтарды, әсіресе Candidа туыстығын анықтау үшін Сабура ортасына егеміз. Дәрілік заттардың стерильдігін тексеру үшін, дәріні мембранды фильтрден өткізу арқылы жүргіземіз, фильтрде қалған микроағзадағы сұйық қоректі ортаға егеміз. Егер микроағза ол жерде өспесе, дәріні стерильді деп санаймыз. Стерильдікті қажет етпейтін дәрілерде әдетте микроорганизмдер болады, сондықтан оны микробиологиялық тазалыққа сынақ жүргіземіз. Тірі бактерия мен саңырауқұлақтың сандық анықтауы кезінде гр. немесе мл. аралығындағы микроорганизмдерді анықтаймыз. Энтеробактериалар, Р-aireqinosee, S-aureus олар стерильсіз препараттарда болмауы тиіс. Ішуге арналған дәрілік заттарда бактериялар 1000, ал, саңырауқұлақтар мен ашытқы саңырауқұлақтар 100-ден аспауы керек. Ал мұрынға, құлаққа қолданылатын препараттарында бактериялық жасушасы 1гр. 11мл.- 100-ден аспауы тиіс. Таблеткаларда патоген болмауы керек, жалпы микроорганизм саны 1 таблеткада 1мыңнан аспауы керек.
Саңырауқұлақтардың симбиоз мицелиясы микориза астындағы (саңырауқұлақтамыры) жоғары сатыдағы өсімдіктер тамырында болады.
Микориза өсімдіктердің бойлап өсуін тездетеді. Көбіне орман және көгал өсімдіктердің өзінің тазалығымен ерекшеленетіндігі белгілі. Қоқыс әкелінетін жерлердегі, қи жиналған орындарға жақын жерлердегі және мал жайылатын орындардағы өсімдіктерде микроорганизмдер көп мөлшерде кездеседі. Сонымен қатар өсімдіктер патогенді микроорганизмдермен ластанады және дұрыс дайындалмаған жағдайда микроорганизмдердің көбеюіне жақсы көректік орта болуы мүмкін. Өсімдіктердің кеуіп кету процессі, олардың бойлап өсуіне кері әсер ететін әдістің бірі. Ауруларды тудыратын бактериялар – бактериоздар деп аталады. Қоздырғыш бактериялардың ішінде кездесетіндері: псевдомонадтар, микробактериялар, коринебактериялар, агробактериялар және тағы басқалары шіріктің бірнеше түрі, ұлпа некроздары, өсімдіктердің құруы, ісіктердің дамуы және т.б. бактериоздарға жатады.
Бактериоздар жалпы және жергілікті түрге ажыратылады. Жалпы бактериоздар бүкіл өсімдіктерге өлім тудырады (жояды). Олар өсімдіктердің тамырында (тамыр шірігі) немесе басқа маңызды жүйелерінде байқалады. Жергілікті бактериоздар өсімдіктердің жеке бөліктерін бұзумен шектеледі, олар паренхималық ұлпаларда байқалады.
Ервении туысына күйік, солу (қурау), ылғал немесе сулы шірік ауруларын тудыратын түрлері жатады. Erw. amylovora – алмада және алмұртта күйік тудыратындар, Erw. caratovora – сулы бактериялды шірік тудыратындар. Бактериялды дақтарды көбіне псевдомонадтар (Р.syringal және т.б.) тудырады, бұл кезде жапырақтарда түсі және көлемі әр түрлі дақтар пайда болады. Туберкулезді және сосудты бактериозды тудыратын қара дақтар – ксантамонад туысына жататын бактериялар болып табылады. Сонымен қатар өсімдіктерде ісік тудыратын агробактериялар болып табылады. Агробактериялардан өсімдіктерге жұғатын плазмидтер ісік тудырады. Зақымданған дәндер, ауру өсімдік қалдықтары, топырақ, су, ауа инфекция көздері болуы мүмкін, оларды жәндіктер және молюскалар таратады. Өсімдік ауруларын тудыратын вирустарды мозаика және сары ауру қоздырғыштары деп бөледі. Өсімдіктің мозаикалық ауруы кезінде зақымданған жапырақтарда және жемістерде мозаикалық (дақтар) түстер пайда болады, өсімдіктің өсуі бәсеңдейді. Сары ауру, яғни өсімдіктердің аласа бойлығымен, гүлдерінің және басқа бөліктерінің өзгерістерімен және тағы басқалары көрініс береді.
Фитопотогенді микроорганизмдермен күрес жүргізуде келесі шаралар жүргізілуде: төзімді өсімдіктерді бөліп алу, дәндерді тазалау және залалсыздандыру, топырақты зақымданудан қорғау, зақымданған өсімдіктерден арылу, өсімдіктерде тұрақтайтын ауру тарататын қоздырғыштарды жою.
Дәрілік заттарды микробиологиялық қадағалау. Көбейген микроорганизмдер, дәрілік өсімдіктерден алынған препараттардың фармакологиялық құрамының өзгерісіне алып келеді. Дәрілік өсімдіктерді жасауда санитарлық режимді сақтау үшін қоршаған орта ұйымының объектілеріне және шығарылатын дәрі түрінің әрбір сериясына санитарлы-микробиологиялық бақылау жүргізеді. Инъекциялар түріндегі, көзге тамызатын тамшылар, маздар, пленкалар және басқа да парентеральды жолмен ендірілетін дәрілік заттар, нормативті-техникалық құжатта белгіленген сәйкес нұсқаулары бойынша стерильді болуы тиіс. Дәрілік заттардың стерильдігін бақылау, түрлі бактерияларды анықтау үшін тиогликолдық ортаға ендіру жолымен жүргізіледі, сонымен қатар анаэробтарды; Сабур ортасына ендіру арқылы негізгі мақсатпен Candida туысының саңырауқұлағын алады. Антимикробты әсері бар дәрілік заттардың стерильдігін мембраналық фильтрация жолымен анықтайды: фильтрациядан кейінгі зерттелетін препарат фильтрін бөліктерге бөліп, сұйықты қоректі ортаға тежелген микроағзаларды өсіру үшін ендіреді. Өсуі тежелген жағдайда препарат стерильді деп саналады.
Стерильді қажет етпейтін дәрілік заттар құрамында әдетте микроорганизмдер болады, сондықтан оларды микробиологиялық тазалықты зерттеуде қолданады: 1гр. немесе 1мл. препараттағы өмір сүруге жарамды бактериялар және саңырауқұлақтар санын анықтауда, сонымен қатар стерильденбеген дәрілік заттарда кездесуге тиіс емес микроорганизмдерді (энтеробактерияларға жататын бактериялар, көк-іріңді таяқша, алтын түстес стафилококк) анықтауда жүргізіледі. Ішкі ағзаларға қолданылатын дәрілік шикізаттың 1гр. немесе 1мл.-де 1000 бактериядан және ашытқы саңырауқұлақтар саны 100-ден аспауы керек. Жергілікті қолдану кезде (құлақ іші, мұрын) микроорганизмдердің саны 1гр. немесе 1 мл.препаратта 100 (сумарлы) микробы клеткадан аспауы керек. Таблеткалы препараттарда патогенді микрофлора болмауы керек, ал жалпы микробтық клетка бір таблеткада 10 мыңнан аспауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет