ТОКСИНДІК ҚАСИЕТІ. Стафилокок төмендегі қасиетке ие токсин бөліп шығарады.
1. гемотоксиндік.қасиеті–эритроциттерді лизиске алып келеді.
2. лейкоцидин лейкоциттерді жоюшы
3. некротоксин-ұлпаны некрозға алып келеді
4. летальді токсин-жануарларды өлтіруші қасиеті
5. энтеротоксин тағамнан улануды шақырушы токсин
Пигмент түзу түріне қарай
1 Stafilococcus aureus – алтын түсті пигмент
2 Stafilococcus albus – ақ түсті пигмент
3 Stafilococcus citreus – лимон сары түсті пигмент
Адамдарда жиі патогенді – қасиетін көрсететін стафилококк түрі бұл алтын-сары тусті стафилококк
Стафилококктар 3 топқа бөлінеді.
1 патогенді.
2 шартты патогенді
3 патогенді емес(сапрофитті)
Патогенділік белгісі болып маннитті ыдыратуы, гемотоксин, некротоксиннің барлығы патогенділік көрсеткіші болып табылады. Стафилококтар бізді қоршаған ортада, ауада, шаңда, адам терісінде ауыз мұрын қуысында, жарақаттарда кездеседі.
СТРЕПТОКОКТАР ( Streftococcus) моншақ тәрізді тізіліп орналасады. Стрептококтар қозғалмайды, споралары жоқ. Грам әдісімен бояғанда оң, физикалық және химиялық факторлардың әсеріне төзімсіз.
Стрептококтардың көпшілігі аэробтарға және факультативті анаэробтардың қатарына жатады, бірақ арасында қатаң анаэробты түрі де болады. Организімнен бөлініп шыққан стрептококтар жасанды қоректік ортаға біртіндеп үйрене бастайды. Қоректі ортаға қан сарысуын, болмаса қан қосқанда көбеюі жақсарады. Стрептококтар келесі токсиндерді бөліп шығарады (гемолизин, лекоцидин, фибринолизин). Диффузды фактор ұлпа арасындығы кеңістіктен бактериялардың өтіуіне жәрдем береді. Патогенді стрептококтардың патогенді емес стрептококтардан айырмашылығы қанды агарда гемолиз береді және фибролинолитикалық белсенділікке ие.
МЕНИНГОКОКК-өткір инфекциялық аурулардың қатарына жатады, қоздырғышы NEISSERIA MININGITIDIS, ауа-тамшы жолымен таралып мұрын жұтқыншақ кілегей шырышты қабатында жергілікті қабынуды артынша менингитті септицемия (менингококцемия) және мидың жұмсақ қабықшасын қабындырады (менингококты менингитті шақырады).
МОРФОЛОГИЯСЫ- дөнгелек пішінді диаметірі 0,6-1,7 мкм жұптасып орналасады, жоғарғы жағы бір-біріне қараған, иілген тегіс орналасқан. Жасушалар полиморфты. Гр – жіпшелері жоқ,спорасы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |