Дақылдылық қасиеті. Вирусты дақылдық жасушаларда өндіреміз.Репродукциялық циклы ұзақ уақыт, цитопатогендік нәтижесі анық емес.
Иммунитеті. Жұқпалы аурудан кейін IgG-ге байланысты өмірлік тұрақты иммунитет қалыптасады ол 4 - 6 айға дейін сақталады диагностикалық маңызы жоғары.
Микробиологиялық диагностикасы. Тексеру үшін қан, нәжіс алынады.
Диагностика қандағы ИФА, РИА және иммунды электронды микроскоппен IgM анықтауға негізделген. Бұл әдістермен вирус антигенін нәжістен анықтауға болады.
Алдын–алу емдеу әдістері. Арнайы–алдын алу үшін вакцина қолданылады. Қазіргі таңда гепатитке қарсы ген-инженерлі вакцина өндірілген. Гепатитке қарсы егілетіндер жаңа туған нәрестелер, медициналық оқу мекемелерінің студенттері,мед қызметкерлері,қан және оның компоненттерінің реципиенттері, созылмалы В гепатит ошағындағы жанасқандар. Вакцина бұлшық етке жасалады. Індет ошағында күнделікті және ауру ауруханаға салынғаннан кейін қортынды дезинфекция жасалынады. Жанасқандармен санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |