2) Пәннің мақсаты: Студенттерге білім беруде микроорганизмдердің адамдардағы жұқпалы және жұпалы емес аурулардағы орнын, дәрілік заттармен, дәрілік шикізат микрофлорасын, инфекциялық үрдістің алдын алуын және арнайы емдеу ұстанымын, клиникалық диагнозды бекітуде қолданылатын микробиологиялық әдістерге түсінік беру.
3) Оқыту мақсаттары:
Патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің классификациясына биологиялық қасиетіне түсінік беру;
Микроорганизмдердің табиғатта таралуына және оның адам өміріндегі орнына жұқпалы аурулардың туындауына түсініктеме беру;
Дәрілік шикізаттардың фитопатогенді микроорганизмдердің зақымдалуын және эпифит флораның орны туралы ақпарат беру;
Әртүрлі қоршаған орта объектілеріндегі, медициналық препараттарда, дәріхана мекемелерінде, фармацевтикалық фабрикаларда дәрілік шикізаттар мен дайын дәрі-дәрмектердің микроорганизмдердің шектеулі көрсеткіші жөнінде білім беру;
Микроорганизмдердің химиотерапиялық препараттарға сезімталдығы, төзімділігі туралы түсінік беру;
Макро- және микроорганизмдердің өзара қарым-қатынасының молекулалы механизмдеріне түсінік беру;
Макроорганизмдердің инфекциялық агентерге қарсы қорғаныс механизмдер негізіне және иммунологиялық реакция типтеріне сипаттама беру;
Микроорганизмдер тудырған аурулардың спецификалық профилактикасы мен терапия туралы түсінік беру;
Кеңінен таралған инфекциялық және микробтар шақырған инфекциялық емес аурулардың қазіргі заманғы микробиологиялық диагностика әдісітерімен таныстыру;
Студенттерді дәрілік шикізаттар мен дайын дәрілік формалардың микробтармен ластануын бағалау әдістерін үйрету, патогенді және шартты-патогенді микроағзалармен болған биологиялық контаминацияны болдырмау шараларын жүргізуін үйрету;
Студенттерге гендік инженерия және биотехнология жөнінде түсінік беру;