6. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
Фитопатогенді микробтар – бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, олардың айырмашылықтары қандай?
Дәрілік заттар арқылы болатын аурулар белгілері, себептері қандай?
Микробты асқынудың себептері және фитопатогенді микроорганизмдермен күресу жолдарын атаңыз?
Дәрі-дәрмектердің залалдануын болдырмау ережелері қандай?
Сұйық дәрілік заттарға микробтардың түсу белгілерін атаңыз?
Дәріс № 5.
1. Тақырыбы: Иммунитет. Иммунитеттің спецификалық факторлары. Антигендердің жалпы сипаттамасы. Антиденелер.
2. Мақсаты: Студенттерге иммунология бөлімінің маңыздылығын, иммунитет түрлерін, организімнің бейспецификалық қорғаныс факторларын түсіндіру. Фагоцитоз стадияларын талдау. Комплемент жүйесіне түсініктеме беру.
3. Дәріс тезисі.
Иммундық жүйенің спецификалық факторына қарсы денелер, иммунды фагоцитоз, лимфоциттердің цитотоксигендік функциясы тез және баяу жоғарғы сезімталдық, толеранттылық, иммунологиялық есте сақтау. Иммунитет түрлері туа пайда болған, жүре пайда болған болып бөлінеді. Негізгі бейспецификалық қорғаныс факторлар бұл тері және кілегей шырышты қабат, ферменттер, фагоциттеуші жасушалар, комплемент, интерферон, қан сары-суы ингибиторлары. Фагоцитоздың негізгі қызметі: 1. ағзадан жойылған жасушаларды және оның құрылымын алып тастайды. 2. ішкі ағзаға түскен тыныс жолдары арқылы (көмір, минералді және басқа шаңдарды) алып тастайды. 3. Бактерия және вирустардың бөлінді уларын және өнімдерін жояды. 4. лизоцим, комплемент компоненттерін ,интерферонды, интерлейкинді синтездейді. 5. иммундық жүйенің қалыптасуында қатысады. 6. Т-хелперлер мен антигендердің кездесуін жүзеге асырады.
Комплемент гуморалді иммунитеттің негізгі факторы болып табылады. Комплемент қызметі 1. микробтардың лизисінде қатысады. 2. хемотоксигендік белсенділікке ие. 3. анафилаксияда қатысады. 4. фагоцитозда қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |