Ж ұ мысба ғ дарламас ы пән: Микробиология Пән коды: Мiс 2207 Мамандық: 051103 «Фармация»


Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)



бет136/176
Дата07.02.2022
өлшемі1,48 Mb.
#92007
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   176
Байланысты:
Микробиология-Фармация-2-курс-каз
Жалпы жертану 20-21 силлабус соңғы, Жалпы жертану 20-21 силлабус соңғы
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Топырақ микрофлорасының санитарлық көрсеткішін атаңыз?

  2. Су арқылы қандай жұқпалы аурулар таралады?

  3. Қалыпты жағдайда адам ағзасында қайсы органдар стерилді?



Дәріс № 4.
1. Тақырыбы: Дәрілік өсімдік шикізаттың микрофлорасы. Фитопатогенді микроорганизмдер.
2. Мақсаты: Студенттерді экосистеманың негізгі факторларымен таныстыру, оларға анықтама беру. Микробтардың басқа биогенді элементтермен байланысы және оның орны.
3. Дәріс тезисы.
Дәрілік заттардың және дәрілік формаларының микробтармен ластануы, яғни санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтамау, дәрілердің химиялық тұрақтылығының бұзылуына алып келеді. Себебі микробтық контаминация. Бактериялардың ферменттерінің әсері дәрілік заттардың ыдырауын жылдамдатып, оның бұзылуына алып келеді. Әсіресе бұл жағдай дәрілік заттардың активті компоненттері микроағза үшін қоректік орта болса, бұл процесс ұлғая түседі. Бұл заттарға өсімдіктерден және жануарлардан дайындалған, перроральды және парентеральды т.б. жолдармен қолданылатын препараттар жатады, олар жүрек гликозиттері, гормондар т.б. органопрепараттар. Сонымен қатар бұл мәселенің яғни микроағзалардың ластануының актуальдығы мен күрделілігі биопрепараттардың қауіпсіздігімен эффективтілігін қамтамасыз етуімен байланысты.
Бірқатар зерттеушілердің ойынша дәрілік өнімдердің ластануын 2-позициямен қарастыру керек:
1. Адам және жануарлардың ауруларының потенциальды көзі болып табылуы.
2. Дайындау, яғни өндіру жағдайының бұзылуының көрсеткіші болып табылуы.
3. Ластанудың көзі, механизмі және себебі әр түрлі болады.
Микробтық ұрықтанудың көзін екі топқа бөлуге болады:
1. Технологиялық материалдардың ағынымен ластануы (су, еріткіштер, көмектесуші заттардың қосындылары, газдар; СО2 , N , Аr т.б.) және ластанған бұйымдар мен аппараттарды қолдану.
2. Қоршаған ортадан ластануы (экзогенді контаминация). - жұмыс бөлмелеріндегі ауа, жұмыскерлер.
Контаминацияның себептері мынамен байланысты:
а. Субъективті факторлар: мысалы, санитарлық-гигиеналық ережелерге және асептикалық талаптарға немқұрайлы қарау.
б. Техникалық факторлардың (кемшіліктері) аппараттардың дұрыс жабылмайтындығы, дамымаған жабдықтар.
II. Дәрілік өнімдердің микробпен ластануын келесі шаралар арқылы алдын алуға болады:
1.Алдыңғы шикі заттарды және көмекші материалдарды (өңдеу)-залалсыздандыру.
2.Жабдықтарды дұрыс дайындап қолдану.
3.Профилактикалық шаралар жүргізу: бөлмелерді жабдықтарды залалсыздандыру, технологиялық және вентиляцилық ауаны тазалау,бөлмелерді арнайы тазалап зонаға бөлу, бокс жүргізу, бөлмелерді жабдықтау, керекті ылғалдықты, t 0C, қысымды сақтау, жұмысшыларды арнайы дезинфекцияланған киімдермен жабдықтау.
Дәрілік заттардың микробты ұрықтануына тұрақтылығын жоғарылату үшін микробтарға қарсы стабилизаторлар (консерванттар қолданамыз). Консерванттарды қолданудағы өндірістік процессте санитарлық ережені қолдану керек. Консерванттар микробының өсуінің ингибиторлары болады, бірақ олар спораларға әсер етпейді. Олар стерильді дәрілік заттардың стерильдігін және патогенсіз микробтың стерильсіз дәрінің формасында рұқсат етілген санының сақталуын қамтамасыз етеді. Консерванттарға қойылатын талаптар: дәрілік заттар үшін химиялық индиферентті, макроағзалар үшін биологиялық қауіпсіз, токсикалық және аллергиялық әсері болмауы керек;

  • дәрілік препараттардың органалептикалық қасиетіне кері әсері болмауы тиіс, дәмімен иісі талапқа сай болуы тиіс т.б.

Вакциналарға, сарысуларға, инъекция ретінде қолдану (инсулин ісікке қарсы препараттар, жүрек гликозидтері) консервант ретінде фенол, этил спирті, метиолат, нипагит, нипазол, сорбин қышқылы.
- Консерванттарды тек Мемлекеттік стандартқа сүйене отырып қосуымыз керек, мысалы жүрек қуысы, көздің іші, жұлын сұйықтығына ендіретін препараттар және 15 мл. Артық доза кезінде косерванттар болмауы керек.
III. Көптеген антибиотиктерді микроағзалық биосинтезі арқылы бөліп аламыз (актиномицеттер., саңырауқұлақтар, бактериялар) бұл кезде асептика мен антисептиканы қатаң қолданамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет