6. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
1.Стафилококтардың патогенділік қасиеті немен айқындалады?
2. Менингиттен кейінгі иммунитеттің түрі қандай?
Дәріс № 7.
1. Тақырыбы: Токсинемиялық инфекция қоздырғыштары.
2. Мақсаты: Клостридиялардың, газды гангренаның, сiреспенiң, ботулизм, дифтерия, көк жөтелдің, туберкулездің, микробиологиялық диагностикасын меңгеру.
3. Дәріс тезисі.
Клостридиялардың жалпы сипаттамасы.
Clоstridium туыстығана жататын бактериялар сопақша не болмаса домалақ споралар түзедi. Споралар субтерминальды, ортасында, терминальды орналасады. Споралалардың жуандығы таяқшалармен бiрдей болады. Клостридиялар жарақат инфекциясы болып саналады, олар жарақатқа енгенде ғана. ауру туғызады. Тағаммен бiрге түссе, тағам токсикоинфекциясын туғызады.
Сiреспе қоздырғыштарының морфологиялық және дақылдық қасиеттер Сiреспе қоздырғышы – Cl. tetani, тiке таяқшалар, перетрихтер, споралары домалақ, терминальды орналасқан, капсула түзбейдi, Грам оң. Китта–Тароцци ортасында бiртегiс лайланып, тұз түзiп, баяу өседi. қанды агарда колоиялалардың мөлшерi 4-6 мм домалақ, жалпақ, шеттерi тегiс емес, жартылай мөлдiр, сұр түстi. Колонияның айналасында – гемолиз зонасы болады.
Газды гангренаны қоздырғыштарының биохимиялық қасиетi мен антигендiк құрылымы.
Cl. perfringens – қышқыл мен тұз түзiп глюкоза, сахароза, мальтозаны т.б. ферменттейдi, мынаны ферментемейдi. Протеолитикалық активтiлiгi әлсiз, желатин сұйылтады, казеиiндi бұзбайды. Сүттi iрiтедi, 6 сероварға бөлiнедi (А,В,С,Д,Е,F), экзотоксин бөлетiн антигендiк қасиеттерi бойынша бөлінеді.
3. Газды гангрена қоздырғыштарының патогендiлiк факторлары. C. perfringens жоғары инвазивтiк және жоғары токсигендiк қасиетке ие. Бiрiншiсi олардың гиалуронидаза және т.б. ферменттер бөлуiне байланысты олар дәнекер ұлпаның және бұлшық ет жасушаларының бұзылуына алып келедi. Патогендiлiгiнiң басты факторы олардың күрделi құрамды экзотоксин бөлуiне байланысты. Энтеротоксин бөлетiн бактериялар тағам токсикоинфекциясымен энтерит тудырады. Ботулизмнiң резистенттiлiгi мен эпидемиологиясы. Ботулизм қоздырғыштың спорасы төменгі және жоғарғы температураны жақсы көтередi. құрғатылған түрiнде 10 жылдар бойы сақталады. 100ºС температурада 5 сағатқа дейiн сақталады, бактериоциттi заттарға тұрақты.
4. Ботулизм қоздырғышының патогендiк факторлары. Ботулизм қоздырғышының негiзгi патогендiлiк факторы экзотоксинге байланысты. Олардың антигендiк қасиеттерi бойынша ерекшеленетiнболғандығымен биологиялық активтiлiгi бiрдей. Бұлардың бәрi- бiр нейтротоксиннiң варианттары болып табылады. Нейтротоксикалық активтiлiгiнен бөлек қоздырғыштардың әр түрлi типтерi лейкотоксикалық, гемолитикалық , лейцитиндi активтiлiкке ие.
Микобактериум туыстығының өзiне 40 түр кiредi. Патогендiлiк қасиетi бойынша бұл туыстық 2 топқа бөлiнедi: 1. Патогендi және шартты патогендi. 2 Сапрофиттер.
Патогендi және потенциалды патогендiлерге 24-түрi кiредi. Туберкулез қоздырғышының ең көп кездесетiндері мыналар: M. tuberculosis, M. bovis, M. avium, M. africanum, M.cansosii, M. microti.
Туберкулездің морфологиясы және тинкториялдық қасиетi. Туберкулез қоздырғышы- M. tuberculosis, - жiңiшке қысқа, ұзын түзу не болмаса иiлген таяқшалар, ұзындығы 1,0-4,0 мкм/дм, 0,3-0,6 мкм. қозғалмайды, спора және капсула түзбейдi, Грамм оң, полиморфты қасиетке ие. Арнайы бояу әдісі; Циль-Нильсен әдiсi. Концентратты боятылған карболды фуксинмен бояйды. Туберкулез бактериологиясы боялғаннан соң басқа бактериялар сияқты спирттiң қышқылдық, сiлтiлiк әсерiнен түссiзденбейдi.
Ескi қоректiк орталарда жiпше және өрiлген тәрiздi колониялар түзедi. Туберкулез бактериялалардың қабылдау әдiстерi. Туберкулез бактериясын 37ºС-та өсiру үшін 5-10% СО2 бар ауамен және ортаға 0,5% глицерин қосу арқылы күшейтемiз. Туберкулез бактерияларының дақылдау үшiн әр түрлi қоректiк орталарды қолданады. Глицериндi, ет қосылған, жұмыртқа қосылған, жасанды және жартылай жасанды. Осылалардың iшiндегi ең қолайлы Левенштеин-Иенсен ортасы болып саналады. Глицериндi сорпада сарғыш түстес пленка түзедi, өсе келе жуандайды, сынғыш болып бетi бұдыр әжiмделген түрге ие болып, кейiн сорпа таза тұнық түске енедi. Глицериндi ортада 7-10 күннен кейiн, құрғақ мүйiзделген, шеттерi қисық колониялар түзедi. Туберкулез микобактерияларының биохимиялық қасиетi және антигендiк құрылымы.
Лепра ауруының патогенезi. Лепрының инкубаторлық кезеңi 3-5 жылдан, 20-30 жылға дейiн болуы мүмкiн. Бiрнеше клиникалық формалары байқалады.1. Лепраматозда - бетте, бiлекте, аяқта көптеген лепраның инфильтарттары келiп шығады, олар ыдыраған кезде өте баяу жазылатын жараны тудырады. 2. Туберкулоидты формасы – жеңiл түрде өтедi, терiнi ғана. зақымдайды, нерв бағана.сын және iшкi мүшелердi сирек зақымдайды. Терi беткейiнде майда папула түрiнде бөртпелер пайда болады.
Лепра кезiндегi иммунитеттiң ерекшелiктерi. Лепра ауруы кезінде иммунокомпетентті жасушалар үлкен өзтеріске ұшырайды. Т-лимфоциттердің саны азайып, белсенділігі төмендейді, нәтижесінде лепра микобактерияларының антитндеріне әсер егу қабылетін жоғалтады. Гуморальды иммунитет өзтеріссіз қалады, мұндағы түзілетін антиденелердің қорғаныштық қызметі мардымсыз болады.
Аурудың даму кезеңiнде имунокомпотенттi жасушалар үлкен өзтеріске ұшырайды. Бұл кезде лепра микобактериларында лимфоциттi қабiлетi жоғалады. Гуморальды иммунитет өзгерiссiз қалады. Ауру қан құрамында жоғары титрлi антиденелер анықталады.
Лепраның зертханалық диогностикасының ерекшелiктерi. Бактериоскопиялық әдiс арқылы кiлегейлi қабатпен жарақатталған терiнiң қортындысын зерттеп белгiлi пiшiнi бойынша микобактерияларды анықтаймыз. Жұқпаны Циль-Нильсен әдiсi арқылы бояймыз, басқа диагностиклық тәсiлi жоқ. Лепраны туберкулез қоздырғышынан ажырату үшiн, ақ тышқандарға биологиялық сынақ жүргiземiз, себебi оларға лепра микобактериялары патогендi емес.
Лепраның алдын алу және емдеу. Лепраның арнайы алдын алу жоқ. Лепрамен ауырғандарды клиникалық жазылғанынша лепразориеларда емдеймiз, одан кейiн амбулаторлы емдеуге болады. Лепраны сульфаниламидтi препараттармен және туберкулезде қолданатың препраттармен емдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |