Ж №9 дәріс Тақырыбы: Мектептегі әдістемелік қызмет. Мұғалімдерді аттестациялау Методическая работа школы. Аттестация учителей Methodical work of school. Certification of teachers



бет2/2
Дата08.02.2022
өлшемі3,73 Mb.
#123967
1   2
Глоссарий

 

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

1.

Әдістемелік жұмыс

Методическая работа

Methodical work

2.

Әдістемелік қызмет

Методическая служба

Methodical service

3.

Мектептің әдістемелік қызметі

Методическая работа школы

Methodical work of school

4.

Әдістемелік қызметтің формалары

Формы методической работы

Form of methodical work

5.

Әдістемелік қызметтің қағидалары

Принципы методической работы

Principles of methodical work

6.

Жас мұғалімдер мектебі

Школа молодого учителя

School of young teachers

Глоссарий

7.

Тәлімгерлік

Наставничество

Coaching

8.

Педагогикалық шеберлік

Педагогическое местерство

Pedagogical skill

9.

Педагогикалық шеберлік мектебі

Школа педагогического мастерство

School of pedagogical skill

10.

Педагогикалық тәжірибе

Педагогический опыт

Pedagogical experience

11.

Озат педагогикалық тәжірибе

Передовой педагогический опыт

Advanced pedagogical experience

12.

Озат педагогикалық тәжірибені жинақтау

Обобщение передового педагогического опыта

Generalization of advanced pedagogical experience

Глоссарий

13.

Озат педагогикалық тәжірибені тарату

Распространение передового педагогического опыта

Dissemination of advanced pedagogical experience

14.

Өзіндік білімін жетілдіру

Самообразование учителя

Teacher self-education

15.

Мұғалімдердің білімін жетілдіру курстары

Курсы повышения квалификации учителя

Teacher training courses

16.

Мұғалімнің портфолиосы

Портфолио учителя

Teacher's portfolio

17.

Мұғалімдерді аттестациялау

Аттестация учителя

Certification of teacher

Глоссарий

18.

Аттестацияға дайындық

Подготовка к аттестаций

Preparation for certification

19.

Аттестацияның талаптары

Требование к аттестаций

Requirements for certification

Әдістемелік жұмыс- бұл кадрларды оқыту және дамыту, барынша құндылық тәжірибелерін анықтау, оқу-тәрбие үдерісін қамтамасыз етуге арналған жеке әдістемелік әзірлемелерін құру жөніндегі қызмет.

Мақсаты: Мұғалімнің және жалпы ұжымның педагогикалық шеберлік деңгейінің өсуі. Міндеті: - мұғалімдерге білім беру мен тәрбиелеудің ұстанымдары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмектеседі; - ұстаздарды шығармашылық педагогикалық ізденушілікке тарту; - озық педагогикалық тәжірибені ұйымдастыру, зерттеу және қорыту, үздік жетістіктерді насихаттау; - аттестаттау-диагностикалық міндеттерді жүзеге асыру.


Әдістемелік жұмыстың формалары
Әдістемелік кеңес
Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктері
Әдістемелік бірлестіктер

Әдістемелік кеңес- оның негізгі қызметі әрбір мұғалімнің педагогикалық қызметінің ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеру болып табылады. Әдістемелік кеңеске директордың орынбасары жетекшілік етеді.

Әдістемелік бірлестіктер- оның құрамына әдетте бір немесе аралас пәндердің 4-5 оқытушысы кіреді. Олар ұстаздардың оқытылатын ғылым саласындағы жаңа жетістіктердің нәтижелерін зерттеуін, олардың жаңа әдістемелік тәсілдермен және технологиялармен танысуын, жаңа оқу бағдарламалары мен сұрақтарын талқылауын ұйымдастырады, мұғалімдердің сабақтарын талдайды.

Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктері- тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теоретикалық және әдістемелік деңгейін көтеру мәселелерін қарастырады; тәрбиелеудің заманауи тұжырымдары мен бағдарламаларын, мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нормативтік құжаттарды зерттейді; сынып жетекшілері қызметінің жеке бағыттары бойынша әдістемелік ұсыныстарын жасайды.

Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктері- тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теоретикалық және әдістемелік деңгейін көтеру мәселелерін қарастырады; тәрбиелеудің заманауи тұжырымдары мен бағдарламаларын, мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нормативтік құжаттарды зерттейді; сынып жетекшілері қызметінің жеке бағыттары бойынша әдістемелік ұсыныстарын жасайды.


Жас мұғалімдер мектебі
Озық тәжірибе мектебі
Тәлімгерлік мектебі
Әдістемелік қызметтің формалары
Жас мұғалімдер мектебі
Жас мұғалімдер мектебі- бұл мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетуге арналған, жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес ұстаздар бірлестігі
Мақсаты: жас педагогтердің кәсіби биік армандарын, өзін-өзі тұрақты дамыту мен жетілдіруге деген сұраныстарын қалыптастыру, әдістемелік жұмыс арқылы тұлғалық және кәсіби дамуға жағдай жасау.

Міндеттері:


Жас мамандардың әдістемелік сауаттылығын арттыру;
Заманауи сабақ технологияларын зерттеу;
Сабақты тренинг сабақтар арқылы өткізу;
Өзін-өзі кәсіби тәрбиелеу;
Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту;
Белгіленген мақсатқа сәйкес нәтижелерді диагностикалау.
1
2
3
4
5
6
Озық тәжірибе мектебі
Мақсаты:
Мәселенің мамұнын зерттеу, оны ұжымның педагогикалық іс-тәжірибесіне енгізу жолдарын белгілеу және ұсыну.
Міндеттері:
  • Оқытылатын пәннің ерекшеліктерін зерттеу;
  • Әзірленген материалды ескере отырып, өзінің педагогикалық технологиясын жаңарту;
  • Оқушы тұлғасын дамыту, жоғары нәтижеге жету.

Аттестация (фр. attestation, лат. attestаtio – куәгерлік, растау)
Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау- педагогикалық қызметкерлердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкес келуін анықтау мақсатымен жүргізілетін рәсім. Педагогикалық қызметкерлер әр 5 жыл сайын аттестациядан өтеді.

Аттестациялаудың мақсаты: кәсібилік деңгейді көтеруге ынталандыру, оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру, шығармашылық ынтасын дамытып, нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында жекелеген еңбек жалақысын беру жолымен педагогтардың әлеуметтік қорғанысын қамтамасыз ету.

Мұғалімдердің өздігінен білім алуын жетілдіру


Біліктілікті арттыру- базалы мамандықтар аумағындағы кәсіптік білім мен тәжірибелік білімді жаңарту және тереңдетуге мақсатты түрде бағытталған процесс.
Әрбір мұғалімнің өздігінен білімін көтеруі ой-еңбегінің техникасын білу негізінде құрылады. Мұғалімнің өздігінен білімін көтеруі оның бос уақыты дұрыс ұйымдастыру, дербес жұмыс жоспарын құрып, оны іске асыра алуына тікелей байланысты.

«Өрлеу» БАҰО АҚ басты қызметі- әлемдік және Қазақстандық озық тәжірибені енгізу негізінде жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететін педагог кадрлар біліктілігін жүйелі түрде арттыру. «Өрлеу» БАҰО АҚ жыл сайын түрлі деңгейдегі 73,3 мың педагог қызметкерлер біліктілігін арттыруды жүзеге асыруда.

Мұғалім портфолиосы- мұғалімнің өз қызметіндегі әр түрлі-оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық, өз білімін көтерудегі нәтижелерін жинауына көмек береді.

Мұғалім портфолиосы


Портфолионың негізгі мақсаты- мұғалімнің кәсіби өсуінің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің талдауын қамту.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • http://studopedia.org/9-199428.html
  • Педагогикалық менеджмент. Панышина Т.В. 223-бет
  • http://lib.kstu.kz
  • http:// m.edu.mcfr.kz
  • http:// main.tpkelbook.com
  • http://wikipedia
  • http://kazmkpu.kz


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет