4) шығармашылық деңгей – оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді.
Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1. Жаттап алуға лайықталған болуы керек; алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс;
2. Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.
Қазақ тілі пәнінде мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында орындаған жаттығуларға ұқсас жаттығулар орындау арқылы орындалады және олар оқушының өзі шығарған ереже, анықтама, заңдарын бекітуге арналады. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызықтылық жақтарына ерекше көңіл аударған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |