Ж. А.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы Жоспар



бет6/6
Дата09.01.2022
өлшемі58,5 Kb.
#110620
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ЖПТ. СБМ-31. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы.

Бірінші деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушыларға екінші деңгейдің тапсырмалары; екінші деңгейдің тапсырмаларын орындаған оқушыларға одан да жоғары деңгейлік тапсырмалар беріледі; тағы сол сияқты деңгейден деңгейге көтеріле береді.

Ең жоғары деңгейдегі шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларды, әрине, дарынды да еңбекқор оқушы орындай алады. Әр оқушы төмендегідей үлгідегі бағалау парағын сызып алып, өзін-өзі бағалайды. Мұғалім ара арасында бақылап отырады.




Мерзімі

І деңгей

ІІ деңгей

ІІІ деңгей

Ұпайлар

Баға

үй

сынып

үй

сынып

үй

сынып

үй

сынып

үй

сынып
































Осылайша, әр тақырып бойынша оқушыларға, сыныптан тыс уақытта, жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы көбірек ұпай жинап көтеріңкі баға алуға мүмкіндік беріледі және дамыта оқыту принципі орындалады. Нәтижесінде оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына жақсы жағдай жасалады.

Сонымен, әр деңгейдегі тапсырмаларды оқушылар (дұрыс орындалғандығын мұғалімге тексертіп алып) тақта жанында ілулі тұратын жалпы ведомостьта және өздеріндегі арнайы деңгейлік жұмыс дәптерлерінің соңындағы ведомостьта (+)-пен белгілеп отырады.

Бұл оқушылар арасында, олардың бір-бірінің үлгерім деңгейлерін бақылап отыра алатындықтарынан, өзара жарыс тудырады. Бірақ, оқушылардың өзара көмегіне және мұғалім тарапынан жасалатын демеп жіберуге жол беріледі. Сондықтан бақылау мен бағалау ішкі бақылау мен ішкі бағалау болып табылады. Сабақ дұрыс орындалған барлық тапсырмалар үшін жиналған ұпайларды есептеумен аяқталады.

Тақырыптық бақылау жұмысы да әр деңгейлі тапсырмалармен беріледі. Бұл жағдайда ол өзге біреудің көмегінсіз орындалады және мұғалім тарапынан оқушылар қатаң бақыланып, өздерінің нақты алған білімдеріне тиісті ұпайларын алады. Осындай бақылау мен бағалауды біз сыртқы бақылау мен сыртқы бағалау ретінде қарастырамыз.

Оқушының даму мониторингі, оның жеке басының қабілетіне қарай, тақырып бойынша игерген білім сапасының объективті сипатын көрсетеді. Осы жағдайда оқушының даму деңгейі – басқалармен емес, уақыт өткен сайын, өзімен-өзі салыстыру арқылы анықталғандықтан, ол оқушыларға деген ізгілік қатынасты көрсетеді.

Сонымен, оқытудың педагогикалық технологиясын қолдану жағдайында, бағалау процесі арнайы «қосу» әдісімен жүзеге асырылады. Бағалау жүйесінің негізі болып оқушы білімінің ең төменгі деңгейі алынады және ол деңгей мемлекеттік стандарттың ең төменгі талабына сәйкес келеді. Бұл деңгейдегі тапсырмаларды дарындылығына да, бейімділігіне де, жоғары даму деңгейіне де қарамастан оқушылардың барлығының дұрыс орындауы міндетті.

Бірінші деңгейдегі барлық дұрыс және мезгіліне орындалған тапсырмалар «есеп-зачетқа» алынып отырады дедік қой. «Сынақтың» «екіліктен» айырмашылығы осы бірінші деңгейдің «есепке алынбаған» тапсырмаларды қашан «есепке алынғанша», міндетті түрде, қайта-қайта тапсыра береді.

Өзін-өзі бағалау «қосу» әдісімен жүргізілгендіктен оқушы бұрынғыдай «екілік» аламын деп қорықпайды. Оқушы да жоғары ұпай жинауға ұмтылушылық пайда болады. Бұл дұрыс орындалған тапсырмалардың санына тікелей тәуелді.

Сонымен: технологияның принциптері оқытуды ізгілендіру мен демократиялық жағдайына, өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігімен дұрыс шешім қабылдай алтын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болды.

Ж.А. Қараев технологиясының тиімді жақтары:

1. әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;

2. оқушының қабілеті айқындалады;

3. талпынысы, ұмтылысы байқалады;



4. күрделі тапсырмаға байланысты оқушының ойлау қабілеті артады;

5. оқушылар деңгейлік тапсырманы орындап болған соң, жинаған ұпайы бойынша әр баланың деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады. Демек, әділ баға қойылады. Баланың деңгейін біліп отырасыз. Өз балаңыздың жетістігін және өзіңіздің балаға берген деңгейлік тапсырма арқылы өз жетістігіңізді көресіз;

6. әр сабақты қорытуға, жинақтауға немесе бағалауға арналған кесте көрсетілген, сол кестеге әр бала деңгейді орындаған болса белгі қойып, жинаған ұпай санын өздері жазып, сол бойынша бағаланады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет