«Үй Ағаш Адам» тестіндегі белгілер бойынша талдау



Дата22.03.2017
өлшемі329,64 Kb.
#12089
Тұлғаны зерттеудегі Дж. Буктың «Үй – Ағаш - Адам» методикасы 1 бөлім

Бұл методика үлкендерге, балаларға және де топтық зерттеулерге арналған. 
Бұл методиканы жүргізудің негізі мынадан тұрады: сыналушы үйдің, ағаштың және адамның суретін салуы керек. Содан кейін құрастырылған жоспар бойынша сұрақтар қойылады.
Р.Бернс «ҮАА» тестін қолданғанда оған ағаш, үй және адамды бір суретте бейнелеуін сұрайды. Үй, ағаш және адам арасындағы әрекеттестік көру метафарасын көрсетеді деп саналады. Егер барлық суретті қимылға келтіретін болсақ, онда біз шын мәнінде өмірімізде не болып жатқанын байқай аламыз.
Талдаудың ерекше тәсілі үйдің, ағаштың және адамның суреті қандай тәртіппен салынуына негізделеді. Егер ағашты бірінші салса, ондай адамға ең негізгісі - өмірлік күш – жігер; ал егер бірінші болып үй салынса, онда бірінші орында – қауіпсіздік, табысқа жету немесе керісінше, бұл түсініктерді елемеу.

«Үй – Ағаш – Адам » тестіндегі белгілер бойынша талдау

Құлағалы тұрған ескі үй – кейде адам мұнымен өзіне деген қарым – қатынасты көрсетеді.
Алыста орналасқан үй – шеттеліп тасталғанның сезімі.
Жақында орналасқан үй – ашықтық, қол жетерлік және жылылық пен қонақжайлық сезімдерін білдіреді.
Үйдің жоспары ( үстінен қарағандағы сызбасы ) – (үйдің орнына) - көңіл қоюды талап ететін дау – дамай.
Әртүрлі қосымша салынғандар (постройки) – агрессивтілік үй иесіне қарсы бағытталған немесе субьект (адам) жасанды және мәдени стандарт деп санайтынға қарсы
Ставни ( терезе қақпағы ) жабық – интерперсональды қарым – қатынасқа бейімделуге (түсуге) субьект дайын.
Есіксіз дауалға әкелетін баспалдақтар – конфликтілі (дау – дамайлы) жағдайдың бейнеленуі, шындықтың дұрыс бағалануына зиян келтіреді. Қарым – қатынасқа түсуді мойындамауы ( өзі оны іштей қалап тұрса да ). 

Дауалдар.

Артқы дауал, басқа жақтан бейнеленген, өзгеше - өзін басқарудағы саналы мүмкіндіктер, конвенцияларға бейімделу, бірақ сонымен қатар күшті дұшпандық тенденциялары бар.
Артқы дауалдың сызығы жуанырақ ( ашығырақ, басқа бөліктермен салыстырғанда ) – субьект шындықпен (реальность) сақтауға ( жоғалтып алмауға ) ұмтылады.
Дауал, оның негізінің болмауы – шындықпен нашар байланыста ( егер сурет төмен жақта орналасса ).
Дауал ерекше көңіл аударарлық негізімен – субьект дау – дамайлы тенденцияларды ысырып тастауға тырысада, қиыншылықтар мен алаңдаушылықтарды ( қауіп – қатерді ) сезеді.
Дауал ерекше көңіл аударарлық, көлденең аумағымен – уақытқа нашар бейімделу ( өткеннің немесе болашақтың басым болуы ) Субьект орта қысымына өте сезімтал болуы мүмкін.
Дауал: бұрыш сызығы өте жіңішке – қауіп – қатерді алдын – ала сезіну.
Дауал: сызықтары ерекше көңіл аударарлықтай – саналы түрде бақылауды сақтауға ұмтылу.
Дауал: бір өлшемді көрініс – тек бір жағы ғана бейнеленген. Егер бұл дауалдың бұрыш жағы болса, онда көңіл қалауы талап ететін оппозициямен отнужденияның тенденциялары бар.
Түссіз дауалдар – белгісіз әуестік, ситуацияға әсер ету қажеттілігі (басқару, ұйымдастыру), қаншалықты бұл мүмкін болған жағдайда.
Дауал ерекше көңіл аударарлық тік аумағымен – субьект рахаттануды ең бірінші өзінің фантазиясынан ( елестетуінен ) іздейді және оның шындықпен байланысы өте аз, нежели желательно.

Есіктер.

Олардың болмауы – субьект басқалардың (әсіресе отбасы ортасында) алдында ашылуға ұмтылуда қиындықтарды сезінеді.
Двери ( Есіктер ) ( біреу немесе бірнеше ), артқы немесе жанындағы ( боковой ) – кері шегіну, қашқалақтау.
Есіктердің ашық болуы – Егер тұрғын үй болса – бұл жылылықты көп мөлшерде қажет ету және ашықтықты жариялауға ұмтылу.
Есіктер ( біреу немесе бірнеше) салтанатты (парадные) – Ашықтық пен жетістікке жетудің бірінші белгілері.
Бүйір жақтағы есіктер ( біреу немесе бірнеше) – жатырқау (жатсыну), жалғыздық, нақтылықты мойындамау. Тәккапарлықтың мәнділігі.
Өте үлкен есіктер – басқаларға деген тәуелділік немесе өзінің әлеуметтік коммуникабельділігімен таңдандыруға ұмтылу.
Өте кішкене есіктер - өзінің «Мен» - іне кіргізуді қаламау. Әлеуметтік жағдайлардағы сәйкессіздік, батылсыздық және шешім қабылдай алмаушылықтың сезімдері.
Есіктер үлкен құлыппен - өшпенділік, күмәнданғыштық, тұйықтық, қорғаныштық тенденциялары.
Өте қою түтін – едәуір іштей күштену. (түтіннің қоюлығына байланысты)
Ақырын шығып жатқан түтін – үйдегі жылылық сезімінің жетіспеуі.

Терезелер.

Терезелер – бірінші қабаты соңына қарай салынған – қызметаралық қатынастарды жеккөрушілік. Шынайлықтан оқшаулау тенденциясы.
Айқара ашылған терезелер – субьект өзін біраз бос және бірқалыпты ұстайды. Терезенің көп болуы қарым – қатынасқа түсудің дайындылығын көрсетеді. Ал перделердің жоқ болуы - өз сезімдерін жасыра алмау.
Жабық терезелер ( перделермен ) – ортамен әрекеттестікке түсуді уайымдайды. ( егер ол субьектке маңызды болса ).
Әйнексіз терезелер - өшпенділік, жатырқаушылық. Төменгі қабатта терезелер жоқ, бірақ жоғарғы қабатта бар – шынайы өмір мен қияли өмір арасындағы тұңғиық.

Шатыр.

Шатыр – қиял өрісі. Желден жұлынған шатыр мен мұржа – субьектінің өз еркімен, күшіне қарамастан , оның сезімдері басқарылады.
Шатыр, суреттің барлығында кездеспейтін жалпақ сызықта – қиял негізінде рахаттануға көңіл қойылу, әдетте қорқынышпен ере жүреді.
Шатыр, шеткі сызығының жіңішке болуы – уайымдау, қиялды бақылаудың төмендеуі.
Шатыр, шеткі сызығының жуан болуы – қиялды басқаруда шамадан тыс уайымдау.
Шатыр, төменгі қабатпен сәйкестігі нашар - өзін ұйымдастыра алудың төмен дәрежеде болуы.
Шатырдың карнизі, ерекше көңіл аударарлықтай ашық сызықпен немесе дауалдың артына созылған – күшейтпелі қорғанышты құру ( әдетте күмәнданғыштықпен ).
Бөлме.

Бұл жайлы түсіндірмелер мына жағдайда туындайды:
1. бөлмеде тұратын адаммен
2. бөлмедегі өзара қарым – қатынас
3. бұл бөлме не үшін орналасқанына байланысты (нақты немесе жазылып қойған)
Ассоциациялар эмоциялық бейнелеу кезінде жағымды және жағымсыз болуы мүмкін.
Қағаз бетіне сыймаған бөлме – субьект белгілі бір бөлмелерді салғысы келмейді, себебі сол бөлмелерден жағымсыз әсердің болуы немесе олардың тұрғындарымен.
Бөлме: субьект ең жақын бөлмені таңдайды – күмәнданғыштық.

Ванна бөлмесі.

Тазалық міндетін атқарады.Егер ваннаны бейнелеу үлгісі мәнді болса, мүмкін бұл міндеттердің бұзылуыда мүмкін.

Мұржа.

Мұржаның жоқ болуы – субьект үйдегі психологиялық жылылықтың жетіспеуін сезінеді.
Мұржа мүлдем көрінбейді деседе болады (жасырын) – эмоциялық ықпал жасаумен ешқандай іс - әрекет жасағысы келмейді.
Мұржа шатырда қиғаш орналасқан – балада бұл қалыпты жағдай; үлкендерде ол айтарлықтай агрессияны білдіреді.
Су ағызатын құбыр – күшті қорғаныш және әдеттегі күмәнданғыштық.
Су жүргізетін құбырлар – (немесе төбеден су ағызатын құбыр) – күшті қорғаныштықты мақсат етіп ұстау. (және әдеттегі жоғары күмәнданғыштық)

Қосымшалар.

Түссіз, «әйнекті» жәшік. Өзін басқалардың алдында көрсетуге қысылады. Оны өзін көрсетуге деген ықылас (желание) жетелейді, Бірақ тек көзбен шолу қатынасыменшектеледі.

Ағаштар.

Көбінесе әртүрлі адамдардың бет - әлпетін бейнелейді.Егер олар үйді «тығып» (жасырып), салғандай болса, әке – шешесіне деген тәуелділіктің мұқтаждығының күшті болуы.

Бұталар (кусты).

Кейде адамдарды бейнелейді. Егер олар үйді қоршап тұрса, онда субьект өзін қорғаныштық барьерларымен қоршап тұрғанын қалайды. 
Бұталар кеңістікте қалай болса солай ретсіз орналасса немесе жолдың еш жақ шетінде оналаспаған – нақтылықтың шетіндегі болмасын уайымға сілтейді және саналы түде оны басқаруға ұмтылу.
Жол, жақсы пропорциялар, жеңіл салынған – индивид басқалармен қарым – қатынаста ырғақ пен өзін - өзі басқаратынын тауып көрсетіп отыр.
Өте ұзын жол – қол жетерліктің азаюы, одекватты социализациямен жиі ере жүретін қажеттілік.
Бас жағы өте жалпақ, үйге жақындағанда тарылатын жол – жалғыз болуды қалауды жасыру, сырт жағынан достықпен үйлесіп тұрады.

Күн. 

Авторитарлық фигураның белгісі. Жылылық пен күштіліктің қайнар көзі болып қабылданады. 

Ауа – райы (қандай болып сипатталған).

Субьектің толығымен қоршаған ортаға байланысты уайымын көрсетеді. Ауа – райы жаман болып салынған сайын, субьект қоршаған ортаны өшпенділік, кісен салғыштықпен теңей қабылдайды.

Түс (цвет).

Түс конвенциялық, әдеттегі оның қолданысы: Жасыл – шатырға арналған, қоңыр – қабырғаға арналған. Сары, егер үйдің ішіндегі жарықты бейнелеуге қолданылса, сонымен қатар түнді немесе оның жақындап келе жатқанын (бейнелейтін) көрсетсе, онда субьектінің мынадай сезімдерін білдіреді:
1) орта оған өшпенділікпен қарайды.
2) оның іс - әрекеті бөтен көздерден тас болуы керек.
Пайдаланылатын түстер саны. Жақсы бейімделген, ұялшақ және эмоциясы тұрақталмаған субьект әдетте екіден аз емес, 5-тен көп емес түстер қолданады. Үйді 7-8 түрлі түспен бояушы субьект, жақсы жағынан қарағанда лабильді болып табылады. Тек бір түсті ғана қолданатыны – эмоциялық қозудан қорқады.
Түсті таңдау. Егер субьект түсті ұзақ уақытта, сенімсіздікпен таңдаған болса, онда өзіндік (жекелік) бұзылу мүмкіндігі жоғары болады.
Қара түс – ұялшақтық, қорқақтық.
Жасыл түс – қауіпсіздік сезімінің бар болуының қажеттілігі, қауіп – қатерден өзін алшақ ұстау. Егер жасыл түсті үйдің шатырына немесе ағаштың бұталарына қолданса, онда ол аса маңызды болмайды.
Сарғыш түс – сезімталдықпен өшпенділіктің комбинациясы.
Қара қошқыл немесе қан қызыл түс – басқаруға деген күшті қажеттілік.
Қызыл түс – асқан сезімталдылық. Қоршаған ортадан жылылықты қажет ету.
Түс, беттің (парақтың) ¾ штрихталған – эмоциясын көрсетуде контрольдің жетіспеушілігі.
Суреттен тыс шығып тұратын, штрих жүргізу – қосымша стимуляцияға деген импульсивті жауаптың тенденциясы.
Сары түс - өшпенділіктің күшті белгілері.

Тұлғаны зерттеудегі Дж. Буктың «Үй – Ағаш - Адам» методикасы 2 -бөлім



Жалпы түр (бейне).

Сурет парақтың ( беттің) шетіне қарай орналасқан – сенімсіздік пен қауіптілік сезімдерінің генерлизациялануы (топтануы). Белгілі уақыттың негізінде жиі біріктіріледі.
а) оң жақ шеті – болашақ, сол жағы - өткен шақ.
б) соған байланысты дайындалған бөлме немесе оның тұрақты тұрғынымен.
в) алаңдаушылықтың спецификасын көрсету: сол жақ шеті – эмоциялық, оң жағы – интеллектуалдық.

Көрініс. 

Субьектінің үстінен қарағандағы көрініс (төменнен жоғары қарау) – субьектінің қайтарып тасталуы, шеттеп тастау және үйінде оған ешкім мән бермеу сезімдері немесе субьект отбасына деген қажеттілікті сезінеді, бірақ оны қол жетерлік емес деп санайды.
Көрініс, сурет алыста салынған – конвенциялық қоғамнан алыстауды қалау. Оқшаулану, шеттелу сезімдері. Қоршаған ортадан шеттенудің анық тенденциясы.Шеттеуді қалау, сурет нені білдіретінін немесе суреттітолығымен мойындамау. Көрініс, «көріністі жоғалту» сезімдер ( тұлға үйдің бір бөлігін дұрыс салады, бірақ келесісінде (басқасында) шатыр мен дауалдың сызықтарын тік қылып салады – тереңдікті бейнелей алмайды) басталып келе жатқан интегралдық қиыншылықтар қиыншылықтар жайлы белгі береді, болашаққа деген қорқынышпен қарау ( егер тік бүйір сызығы оң жағында орналасса), немесе өткенде ұмытуды қалау (сызық сол жағында болса).
Үштүрлі көрініс ( үш өлшемді, субьект кем дегенде бөлек қабырға (дауал) салады, сол жоспарда тіпті ұқсас екеуде жоқ) – қоршаған орта ол жайлы не ойлайтындығы оны көп ойландырады. Барлық байланыстар жайлы білуге ұмтылу, тіпті болмасын болса да, сондай-ақ барлық кескіндер жайлы да.

Суреттің орналасуы. 

Сурет парақтың (беттің) ортасында орналасқан - егер сурет парақтың ортасына тіптен, жақынырақ орналасса, онда мыныдай болуы мүмкін:
1. субьект күресудің ауырлығын және қойған мақсатынажете алмаушылықты сезіну.
2. субьект қанағаттанарлықты қиялынан іздеуді ұнатады ( ішкі шиеленісушілік). 
3. субьект шетте тұруға ынталы. 
Сурет тура парақтың (беттің) ортасында орналасқан – қорғанышсыздық және қырсықтық. Психикалық теңшілікті сақтау үшін қамқоршылық бақылауды қажет ету.
Сурет беттің ортасынан төмен қарай орналасқан – сурет беттің ортасынан қаншалықты төмен орналасқанына байланысты, былай деп айта аламыз:
1. субьект өзін қауіпті және жайсыз сезінеді және бұл ондағы депрессиялық көңіл-күй тудырады.
2. субьект өзінің шектелген, шынайлықпен шырмалғандығын сезінеді.
Сурет беттің сол жағына қарай орналасқан - өткенге ерекше көңіл аударады. Албырттық (ырықсыздық).
Сурет беттің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан - жаңа ұйымдардан қалуға бейімділік. Өткенге қайта оралуды қалау немесе қиялға шомығу.
Сурет беттің оң жақ бөлігінде орналасқан – субьект рахаттануды интеллектуалдық өрістен (сфера) іздеуге бейім. Бақыланып отырған жүріс – тұрыс.Болашаққа ерекше көңіл аудару.
Сурет беттің сол жағына шығып кеткен - өткенге көңіл қою және болашаққа деген қорқыныш. Бос ашық эмоционалдық қайғыруларға мөлшерден тыс қам істеушілік.
Беттің оң жағына қарай шығып кету - өткеннен құтылу үшін, болашаққа қашып кетуді қалау.Ашық бос қайғырулар алдындағы қорқыныш.Қатал бақылауды сақтауға ұмтылу.
Беттің үстіңгі жағынан шығып кету – рахаттанудың бастауы ретінде ойлау мен қиялды белгілеп алу, бірақ оларды субьект шынайы өмірде сезініп көрмеген.
Өте түзу сызықтар – қырсықтылық.
Ылғида қолданылатын эскизді сызық - жақсы жағынан тиынсанағыштық, туралыққа ұмтылу, жаман жағынан нақты позийияға деген қабілетсіздікті көрсету.

Адам.

Басы – интеллект өрісі (сфера) (басқару). Елестету сферасы.
Үлкен бас – адамның ойлауы мен қимылының мәнінің сенімін білместіктен сызып тастау.
Бастың кіші болуы - интеллектуалдық (неадыкватность) уайымдау.
Басты дұрыс бейнелемеу – ұялшақтық, жасқаншақтық.
Басы ең соңында салынады – қызметаралық дау – дамай.
Қарама – қарсы жыныс, басының үлкен болуы – қарама– қарсы жыныстық жалған артықшылығы және оның жоғары әлеуметтік авторитеті.
Мойын – басқару (бас) сферасы мен әуестік сферасы (дене арасындағы байланысты бейнелейтін мүше). Бұл олардың келісімділік белгісі. 
Бір сызықпен сызылған мойын – қорғаныштық, интеллектуалдылық басқарудың қажеттілігі.
Мойынның жуан болуы – денесіндегі импульстарды түсіну және оларды басқаруға ұмтылу.
Ұзын, жіңішке мойын – тежелу, кері тартпалық.
Жуан, қысқа мойын - өзінің әлсіздігі мен қалауларына жол беру, басылмаған импульстің көрсетілуі.
Иықтар, олардың көлемі – физикалық күштің белгісі және билік етудің қажеттілігі.
Шамадан тыс үлкен иықтар – үлкен күшті сезіну немесе күш пен биліктің шамадан тыс қам істеушілігінің сезімі. 
Кішкентай иықтар – құны аздылық пен қуыс кеуделікті сезіну.
Тіптен қырланған иықтар – сақтық пен қорғаныштықтың белгісі.
Жайпақ иықтар – (көлбеу) – мұң, қажу (үміт үзу), кінәлілік сезімі, өмірге орайлықтың жетіспеуі.
Кең иықтар – күшті дене импульстары.

Кеуде (көкірек).

Кеуде бұрышталған немесе төртбұрышты – ержүректілік. 
Өте үлкен кеуде - субьект қанағаттандырылмаған қажеттіліктің бар болуын жете түсінуі.
Дұрыс емес кішкентай кеуде – кемсіту мен құн аздылық сезімдері.

Бет.

Бет әлпетіне көз, құлақ, ауыз, мұрын кіреді. Бұл сыртқы стимулдардың рецепторлары – шындықпен сенсорлық байланыс.
Бет анық сызылған – басқалармен қарым – қатынаста күшті қам істеушілік және өзінің сырт келбетінен.
Иек тым анық сызылған – басушылықтың қажеттілігі.
Өте үлкен иек – тартыншақтық пен әлсіздік сезімінің компенсациясы.
Құлақтары тым анық сызылған – есту галлюцинацияларының бар болуы мүмкін. Сынға өте сезімтал адамдарда кездеседі.
Кішкентай құлақтар – ешқандай сынды тыңдамау және оны өшіруге ұмтылу.
Көздері жабық және қалпақ астына тығылған – жағымсыз визуалдық әсерледен қашуға ұмтылу.
Көздер бос көз шарасы сияқты болып салынған – визуалдық стимулдардан қашуға ұмтылу. Өшпенділік.
Көздері бақырайған (адырайған) – дөрекілік, қатігездік.
Көздері кішкентай - өз - өзіне кетіп қалу (бату).
Сызылған көздер - дөрекілік, қатігездік.
Кірпіктердің ұзын болуы – назданғыштық, еріксіз қызықтыруға бейімділігі, еліктіру, өзі – өзін көрсету.
Ер адамның ернінің жуан (толық) болуы – нәзіктік, жұмсақтық.
Клоунның аузы – амалсыз жылы жүзділік, неадыкватный сезімдер.
Ішке кіріп кеткен ауыз – пассивті маңыздылық.
Кең мұрын, көрініп тұрған дөңесімен – жек көрушілік ұстанымдар, кекесінді әлеуметтік стереотиптермен ойлау тенденциясы.
Танау – арнайы агрессия.
Тістер анық салынған – агрессиялық.
Күңгірт, ашық емес бет – қорқақтық, ұялшақтық.
Бет - әлпеті жағымсыз сияқты (мәймөңке, жарамсақ) - қорғанышсыздық.
Беттің маскаға ұқсас болуы – сақтық, тұйықтық, жатырқаушылық пен деперсонализация сезімдері болуы мүмкін.
Сирек, қысқа қастар – жек көрушілік, нәзіктенуші.
Шаштар – ержүректілік белгісі (ерлік, күш, ержету және соған ұмтылу).
Шаштар қатты штрихталған – ойлау немесе елеспен байланысты уайым.
Боялмаған, штрихталмаған шаштары басын көмкеріп тұр – субьекті өшпенділіксезімдері басқарады.

Аяқ – қолдар.

Қолдары – қоршаған ортамен жақсы және нақты бейімделу қаруы ретінде, негізгі түрі қызметаралық қарым – қатынасқа.
Кең қолдар (қол пәрмені) – қозғалысқа интенсивті ұмтылу.
Қол алақан жағында кеңейген немесе иық жағында – қозғалысты басқарушылықтың жетіспеушілігі және импульсивтілік.
Қолдар, денемен бірге бітісіп салынбаған, керісінше бөлек, екі жаққа созылған – кейде субьект өзін басқаруынан тыс қалған іс – қимылдарын байқап отырады.
Қолдары айқастыра көкірегіне қойылған - өшпенділік, күмәнданғыштық құрылымы. Қолдары арт жағында – жол беруді қаламау, ымыраға келу (тіпті жолдастарымен де). Агрессиялық өшпенділіктің шығуын басқаруға бейімділік.
Қолдары ұзын және бұлшықеттілі – субьект физикалық күшті, жылдамдықты, ержүректілікті компенсация ретінде қажет етеді.
Қолдары аса ұзын – тым артық шамданушылық ұмтулулар.
Бос және иілгіш қолдар – қызметаралық қарым – қатынасқа жақсы бейімдеушілік.
Ынталы қолдар және денеге жабысқан – ебдейсіздік (ақырын қимылдаушылық), қырсықтылық.
Өте қысқа қолдар – ұмтылыстың жоқ болуы, сонымен қатар неадыкватность сезімі.
Тым ірі қолдар – жақсы әлеуметтік жағдайға бейімдеушіліктің қажеттілігі, импульсивтік қимылға бейімдеушілік және адекватты сезімі арқылы.
Қолдардың жоқ болуы – жоғарғы интеллекте неадыкваттық сезімі.
Сол жағындағы қолдың не аяқтың түр өзгерісі немесе ерекшелігі – әлеуметтік – рольдік конфликт.
Қолдар денеге жақын салынған - күштену немесе зорлану.
Ер адамдағы қолдың және аяқтың үлкен болуы – дөрекілік, мейірімсіздік.
Қолдар аяққа қарай тарылған – нәзіктік.
Ұзын қолдар – тәуелділік, қамқоршының қажеттілігі.
Қолдар бір жаққа қарай бұрылып, бір нәрсені алап жатыр – тәуелділік, махаббат қалауы, құштарлық.
Қолдар жан – жаққа қарай созылған - әлеуметтік контактағы қиыншылықтар, агрессиялық импульстар алдындағы қорқыныш.
Күшті қолдар – агрессивтілік, қайраттылық.
Жіңішке, әлсіз қолдар – жетістікке жетудің жеткіліксіз сезімі.
Қол, бокске арналған қолғап сияқты – ығыстырылып шығарылған агрессия.
Қолдары арт жағында немесе қалтасында – кінәлау сезімі, өз - өзіне көңілінің толмаушылығы.
Қолдары анық сызылмаған – іс - әрекет және әлеуметтік қарым – қатынаста өзіне - өзі сенушіліктің жетіспеушілігі.
Үлкен қолдар - әлсіздік және кінә сезімінің компенсациясы.
Әйел адамның дене бітімінде қолдардың жоқ болуы – аналық фигура жақсы көрмейтін, қайтарып тастайтын, қолдау көрсетпейтіндей болып қабылданады.
Саусақтар бөлектенген ( шабылған) – ығыстырылып шығарылған агрессия, тұйықтық.
Саусақтардың үлкен болуы – дөрекілік, мейірімсіздік, агрессия.
Саусақтардың 5 – тен көп болуы – агрессивтілік, шамданушылық.
Алақансыз саусақтар – дөрекілік, мейірімсіздік, агрессия.
Саусақтардың 5 – тен аз болуы – тәуелділік, күшсіздік.
Саусақтардың ұзын болуы – ашық агрессия.
Саусақтар жұдырыққа жиналған – бүлікшілік, қарсылық.
Жұдырықтар денеден алшақ орналасқан – ашық қарсылық.
Саусақтардың ірі, шегелерге ұқсас болуы - өшпенділік.
Саусақтар бір өлшемді, ілмектеп оралған – саналы түрде агрессиялық сезімге қарсы тұру.
Аяқтар тепе – тең емес, ұзын – тәуелсіздіктің күшті қажеттілігі және оған ұмтылу.
Аяқтары тым қысқа – физикалық және психологиялық ыңғайсыздық сезімдері. 
Сурет табан және аяқтан басталған – қорқақтық.
Табандары көрсетілмеген – тұйықтық, жсқаншақтық.
Аяқтары кеңінен қойылған – ашық менсінбеу (бағынбаушылық, елемеушілік немесе қорғанышсыздық).
Аяқтары бірдей мөлшерлі емес – тәуелсіздікке ұмтылудағы амбивалиттілік.
Аяқтардың жоқ болуы – тұйықтық, жасқаншақтық.
Аяқтар ерекше көңіл аударарлықтай – дөрекілік, мейірімсіздік.
Табандар – қызметаралық қарым – қатынаста ептіліктің белгісі (физиологиялық немесе психологиялық).
Табандардың тепе – тең емес ұзын болуы – қауіпсіздіктің қажеттілігі. Ержүректілікті көрсетудің қажеттілігі.
Табандардың тепе – тең емес кішкентай болуы – шырмалушылық (еркіндігі жоқ), тәуелділік.
Дене тұрысы. (қалпы, кейпі)

Беті солай салынған, тіпті желкесі көрініп тұрады – тұйыққа бағытталған тенденция.
Басы қырынан қарағандағы, денесі қарсы алдынан - әлеуметтік орта және қатынаста болудың қажеттілігінен туындайтын қорқыныш.
Орындықтың шет жағында отырған адам – бір жағдайдан шығудың жолын табудың күшті қалауы, үрей,жалғыздық, күмәнданушылық.
Жүгіріп келе жатқан адамның бейнесі – біреуден тығылып қалудың және қашып кетудің қалауы.
Адамның оң немесе сол жағындағы тепе – теңдіктің бұзылуы анық көрініп тұр - өзіндік тепе – теңдіктің жоқ болуы.
Адам денесіндегі белгілі бір мүшелерінің жоқ болуы – шеттелгенді көрсетеді, адамды толығымен мойындамау немесе оның жоқ мүшелерін ( актуалды немесе символды бейнеленгендер).
Адам белгісіз жүгіріс үстінде – үрейлі қорқыныштар болуы мүмкін.
Адам жай, жеңіл жүрісте – жақсы бейімделушілік.
Адам – абсолютті (қырынан қарағандағы көрініс) – қатаң безушілік, тұйықтық және аппозициялық тенденциялар.
Амбивалитті көрініс – дененің белгілі бір мүшелері басқа жағынан салынған, қалғандарымен салыстырғанда жан – жаққа қарап тұр – жағымсыз жағдайдан құтылуға ұмтылудың фрустрациясы.
Ұшқалақ тұрған фигура – күштену.
Қуыршақ – жұмсақтық ( көнгіштік ), қоршаған ортаның басым болуына уайымдау.
Ер адамның фигурасының орнына роботтың бейнеленуі – сыртқы басқару күштерін сезінудің деперсонализациясы.
Таяқшалардан құрылған фигура – жалтару мен мойындамаушылықты білдіруі мүмкін.
Мыстан кемпірдің бейнесі - әйел адамдарға деген ашық өшпенділік.
Клоун, карикатура ( біреуді келемеждеп көрсету ) – жасөспірімдерге тән толыққандылық еместік пен шеттелушілік уайымы, өшпенділік, өзін жек көрушілік.

Фон, қоршаған орта.

Бұлттар – қорқынышты уайым, сескенушілік, депрессия.
Сүйемелдеуге арналған қоршау, жердің контуры – қорғанышсыздық.
Адам бейнесі желге қарай – махабатты, құштарлықты, қамқоршы жылылықты қажет ету.
Жердің сызығы – қорғанышсыздық. Суреттің толықтылығы нүктенің қажеттілігіне байланысты көрсетеді. Оған тұрақтылықты береді. Бұл сызықтың мәне кейде субьект оған қандай сапа береді соған байланысты болады. Мысалы, « ұл бала жұқа мұздың үстінде сырғанап жүр ». Негізді жиі үйдің астынан немесе ағаштың астынан салады, адамның астынан сирек салады.
Қару – агрессивтілік.

Көпжоспарлық критерилар.

Сызықтың бөлінуі, өшіріліп қалған бөлшектер, қалып қалулар, ерекше көңіл аударарлық штрих жүргізу – дау – дамай өрісі.
Түймелер, белбеудің басы, сызылған, тік фигураның өсі, қалталар - тәуелділік.
Ашық, жеңіл, қатты сызықтардың комбинациясы, қолдағы саусақтардың үлкен болуы, көздер, саусақтар, шаш ерекше көңіл аударарлықтай. Аяқтарын кең қойған дене тұрыстары – дөрекілік, мейірімсіздік.

Сызық, басу, штрих жүргізу, орналастыру.

Иілген сызықтар аз, үшкір бұрыштар көп – агрессивтілік, нашар бейімделушілік.
Дөңгелектенген сызықтар – нәзіктік.
Сенімді, ашабыржу, ық және жеңіл сызықтардың комбинациясы – дөрекілік, мейірімсіздік.
Ашық емес, анық емес сызықтар – қорқақтық, жасқаншақтық.
Қайратты, нақты сызықтар – қайсарлық, қауіпсіздік.
Жіңішке, ұзартылған сызықтар – күштену.
Үзілмейтін, сызылған контур, фигураны көмкеріп тұрған – оңашалау.
Эскизді контур – абыржу, жасқаншақтық.
Контурдың үзілуі (ажырауы) – дау – дамай өрісі.
Асты сызылған сызық – абыржу, қорғанышсыздық. Дау – дамай өрісі. Регрессия (әсіресе асты сызылған нәрсеге).
Тіс тәрізді, түзу емес сызықтар – батылдану, өшпенділік.
Нақтылы қатты сызықтар - амбициялар, ұмытулар.
Ашық сызық – дөрекілік.
Қатты қысым – қайраттылық, өз дегенінде тұру.Үлкен күштену.
Жеңіл сызықтар – қуаттылықтың жеткіліксіздігі. Жеңіл қысым төменгі энергетикалық ресурстар, шырмалушылық (еркіндігі жоқ).
Қысыммен сызылған сызықтар – агрессивтілік, өз дегенінде тұрушылық.
Түзу емес, бірдей емес жуанданған сызықтар – циклотимиттілік, импульсивтілік, тұрақсыздық, қорқыныш, қорғанышсыздық.
Өзгермелі қысым (жуанданған сызық) – эмоцияның тұрақсыздығы, тұрақсыз көңіл – күй.

Штрихтардың ұзындықтары.

Егер пациент қозатын болса, штрихтар қысқарады. Егер жоқ болса ұзарады.
Түзу штрихтар – қыңырлық, өз дегенінде тұрушылық, табандылық.
Қысқа штрихтар – импульсивтілік қимыл.
Бірқалыпты штрих жүргізу – сезімталдылық, жан ашу, раскованность.
Қысқа, эскизді штрихтар – абыржу, сенімсіздік.
Штрихтар бұрышталған, шырмалған – күштену, тұйықтық.
Көлденең штрихтар – елеске көңіл аудару, жұмсақтық ( әйелге тән қасиет ), әлсіздік.
Анық емес, әртүрлі, өзгермелі штрихтар – қорғанышсыздық, қажырлықтың жеткіліксіздігі және өз дегенінде тұрушылықтық.
Тік штрихтар – қыңырлық, өз дегенінде тұрушылық, батылдық, гиперактивтілік.
Оңнан солға қарай штрих жүргізілген – интроверсия, оқшаулау.
Сызықтар солдан оңға қарай – мотивацияның бар болуы.
Өзінен қарай штрих жүргізілген – агрессия, экстраверсия ( ең жақсы пікір ).
Өшіру – уайымдаушылық, сақтанушылық.
Жиі өшіру – батылсыздық, өз - өзіне көңіл толмаушылық. Қайта салудағы өшіру ( егер қайта салғанда алдынғысынан да жақсы болса ) – бұл жақсы белгі.
Өшірген суреттің бұзылып, нашарлауы – күшті эмоциялық әсердің болуы, салынып жатқан обьектіге немесе ол субьект үшін нені білдіретіндігінде.
Өшіру қайта салу мүмкіндігі үшін емес ( түзету ) – ішкі дау – дамай немесе осы бөлшекпен дау – дамай ( немесе ол не білдіретіндігімен ).
Үлкен сурет – сабырсыздық, мансап құмарлыққа, менменділікке бейім болу.
Кішкентай фигуралар – үрей, эмоциялық тәуелділік, жайсыздық пен шырмалушылықтың (еркіндік жоқтың) с

Тұлғаны зерттеудегі Дж. Буктың «Үй – Ағаш - Адам» методикасы 3 -бөлім

Бөлшектер.

Бұл жерде олардың білімдері маңызды, өмірдің нақты практикалық жағдайларына бейімделулері. Зерттеуші мынана ескеруі керек: субьектінің заттарға қызығушылығының деңгейі қандай, шындықтың деңгейін ол қалай қабылдайтындығын, ол оларға қандай мәнділікті беретіндігін; Осы бөлшектерді бір жинаққа қосу әрекеті.
Маңызды бөлшектер.Субьектінің суретіндегі маңызды бөлшектедің жоқтығы, бізге мәлім қазіргі мен өткендегі орташа немесе тым жоғары интеллектпен сипатталуы, жиі интеллектуалдық деградацияны немесе қатаң эмоциялық бұзылуларды көрсетеді.
Бөлшектердің жетіспеушілігі - өзіне тиым сала алмаушылық, барлық жағдайды дұрыстаудың қажеттілігін көрсетеді, қоршаған ортаға деген шамадан тыс қамқоршылдық. Бөлшектердің мінездемесі ( маңызды, маңызды еместілігі және біртүрлілігі) спецификалық сезімталдықты анықтауға көмектеседі.
Бөлшектердің артық екі еселенуі – субьект адамдармен тактикалық және пластикалық қарым – қатынасқа үсе алмайды.
Нақтылаудың жетіспеушілігі – тұйықтыққа деген тенденциялар.
Аса кінәмшіл нақтылау – шырмалғыштық, педанттылық.

Үйден хабардар болу (үй жайлы білу).

Суретті критикалық бағалауға қабілеттілігі, егер оның қателерін сынауға сұраныс болса – шынайлықпен қарым – қатынастың жоғалмауының белгісі.
Тапсырманы аз мөлшердегі қарсылықпен қабылдауы – бастамы жақсы, бірақ оның соңынан шаршаңқылық пен суреттің бөлінуі ( тоқтатылуы ) ере жүреді.
Суреті үшін кешірім сұрау – жеткіліксіз сенімділік.
Суретті салу барысында оның шапшаңдылығы мен өнімділігі азаяды – тез әлсірегіштік.
Суреттің аталуы – экстраверсия, қолдаудың қажеттілігі. Тиын санағыштық.
Суреттің сол жақ бөлігінің асты сызылған - әйел жынысымен теңестіру ( ұқсастыру ).
Қиыншылықтарға қарамай, жігермен сурет салуда – жақсы болжам, қуаттылық.
Қасарысу, сурет салудан бас тарту – проблемасын жасыру, өзін ашуды қаламау. 

Ағаш.

К. Кох бойынша талдау К. Юнгтың жағдайынан шығып отыр ( ағаш – тұрған адамның белгісі ).
Тамыры – ұжымдық, санасыздық.
Сабағы – импульстар, инстинктер, алғашқы арнайы сатысы.
Бұтақтары – пассивтілік немесе өмірге қарсы тұру.
Суреттегі ағашты талдағанда, оның ылғидағы мұрасы ( тамыры, сабағы және бұтақтары ) және әдемілеп тұратын элементтері ( жапырақтар, жемісі, әсем көрінісі ) болады.
Жоғарыда айтып кеткендей, К. Кохтың талдауы негізінен патологиялық белгілерді шығаруға және психологиялық дамудың ерекшеліктерін анықтауға бағытталған. Біздің көзқарасымыз бойынша, талдау кезінде қарсыластық кездеседі, сонымен қатар кейбір түсініктерді пайдалану кезінде, нақтылауда кейбір қиыншылықтар туындайды. Мысалы, келесі белгілерді талдағанда «дөңгелектелген ағаштың басы», «қуаттылықтың жеткіліксіздігі», «қалғу», «қалғып отыру» және лезде «байқағыштық қабілеті», «елестің күштілігі», «жиі өтірік айтқыш» немесе «жеткіліксіз шоғырлану» - ненің? Бұл түсініктің артындақандай шынайылық тұр? Ол белгісіз болып қалады. Сонымен қатар белгілерді талқылауда, ол үйреншікті анықтамаларды пайдаланудан құралады. Мысалы, «бастық», «қоқаюшылық», «лепірмелік», «жалпақ», «пасық», «ұсақ», «алыс емес», «қылымсу», «сайқалсу», «тәкаппарлық», «астарлылық», «жалғандық» және лезде «конструктивтілік қабілеті», «систематикаға бейімділігі», «техникалық дарындылық»; немесе «өзіндік дисциплина», «өзін басқару», «тәртіптілік» - «қоқаюшылық», «менмендік», «қатыссыздық», «немқұрайлылықпен» байланыстырады.
Біз көңілімізді мынаған аударғымыз келеді, қалыпты жағдайдағы адамдармен қарым – қатынаста психологиялық кеңес беру кезінде осындай эпитеттерді айту мүмкін еместігіне.
Бұл жағдайда біз талдаудың келесі түрін ұсынамыз, ол туралы қазіргі әдебиеттерде жазылған, біздің ойымызша оны күнделікті психологиялық кеңес беру практикасында қолдануға болады.
Жер парақтың оң жағына қарай көтерілген – жалын ( албырт ), ынта.
Жер парақтың оң жағына қарай түсірілген – күштің кемуі, ұмтылудың жеткіліксіздігі.

Тамырлар.

Тамырдың сабақтан кіші болуы – жабық тұрған, тығылып тұрған нәрсені көруді қалау ( көргісі келуі ).
Тамыры сабақпен бірдей – үлкен күшті әдістік, тіптен енді поблеманы көрсететін.
Тамырдың сабақтан үлкен болуы – интенсивті әуестік, қорқынышты шақыруы мүмкін.
Тамырлар сызықпен белгіленген – құпияда сақталған нәрсеге, балалық іс - әрекет қатынасы.
Тамырлар екі сызық түрінде – шынайылықты бағалаудағы ақылдылықпен айырмашылығын білудің қабілеттілігі; осы тамырлардың формасының әртүрлілігі өмір сүргісі келумен байланысты болуы мүмкін, белгісіз немесе жақын қоршаған ортадағы кейбір тенденциялардың басымдылығы немесе көрсетілуі.
Симметрия – сыртқы әлеммен жақсы қарым – қатынаста екенін көрсетуге ұмтылу. Агрессивтілікті ұстауға ашық көрсетілген тенденция ( Амбивалиттілік ) сезімдердің қатынасының позициясын таңдауға ауытқушылықтар, амбивалиттілік, ішкі дау – дамайдың негізі болуы мүмкін. Тоқтатылған моральдық мәселелер.
Парақта орналасуы екі жақты - өткенге көңіл бөлу, суретте не бейнеленгеніне, сол сияқты өзінің қылығына.
Екі еселенген қалау: қоршаған орта рамасындағы тәуелсіздік пен қорғаныш. Орталық позиция – қоршаған ортамен келісім мен тепе – теңдікті табуды қалауы. Қылықтарға сүйенетін қатаң және міндетті қажеттіліктерді көрсетеді.
Солдан оңға қарай орналасуы – сыртқы әлемге, болашаққа деген бағыттылық ұлғаяды. Беделдік үшін сүйеніштік қажеттілігі; сыртқы әлеммен келісімнің ізденістері; атаққұмарлық, өзін басқаларға байлауға ұмтылу, тасталып кеткендікті сезіну, мінез – құлығында ауытқушылықтар болуы мүмкін.

Жапырақтардың формасы.

Ағаштың басының домалақ болуы – шаттық билегендік, эмоционалдық.
Жапырақтағы домалақтар – жұбататын және сый беретін сезінулерді іздеу, тасталып кеткендік және көңіл қалушылық сезімдері.
Бұтақтары салбыраған – ер жүректіліктің жоқтығы, күш салудан бас тарту.
Бұтақтары жоғары қараған – ынта, екпін, билікке ұмтылу.
Бұтақтары жан – жаққа қараған - өзін сендірудің, қарым – қатынастардың, өзіндік оянудың, әбігерліктің ізденісі, қоршаған ортаға деген сезімталдығы оған қарсы тұрмайды.
Торлы жапырақ, азды – көпті қалың – проблемалық жағдайлардан қашудағы үлкен немесе кіші ептілік.
Қисық сызықтардан құралған жапырақ – қабілеттілік, қоршаған ортаны ашық қабылдау.
Бір суреттегі ашық және жабық жапырақ - әділдіктің ізденістері.
Жабық жапырақ - өзінің ішкі әлемін балалық жолмен қорғау.
Жабық қалың жапырақ – білінбейтін агрессивтілік.
Жапырақтың бөлшектері, барлығымен байланысты емес – толық құбылыстың мінездемесі ретінде аз мағыналық бөлшектерді қабылдайтын, пікірлер.
Бұтақтар сабақтың бір жерінен шыққан – қорғаныш іздеудің балалық түрі, жеті жасар балаға бұл – норма.
Бұтақтар бір сызықпен салынған – шынайылықтың жағымсыз жақтарынан қашуы, оның өзгеруі және әдеміленген болуы.
Жуан бұтақтар – шындықты жақсы ажырата білу.
Петельки, жапырақтар - өзінің жарқындығын пайдалануды қалайды.
Жапырақтағы иректер – қауіпсіздік және тұйықтық.
Торлы жапырақ – жағымсыз сезінулерден қашу.
Өрнекке ұқсас жапырақ – нәзіктілік, жылы шырайлылық, жарқындылық (әсемдік ).
Пальма - тұрғылықты жерін өзгертуге ұмтылу.
Бұтағы салбыраған тал – албырттық пен қуаттылықтың жеткіліксіздігі, жағымды қатынастарды іздеуге және мықты тірекке ұмтылу; өткенге және болғын шақ тәжірибесіне оралу; шешім қабылдаудағы қиыншылықтар.
Қараю, штрих жүргізу – күштену, уайымдаушылық.
Қарайған сабақ – ішкі уайым, күмәнданушылық, тасталып қалудың қорқынышы, жасырылған қорқыныш.
Сабақ ( дің ) – анасына ұқсағысы келу, барлығын сол сияқты істеу немесе әкесіне ұқсағысы келу, онымен күшпен сынасып көру, сәтсіздік рефлекциясы.
Дің ( сабақ ) сынған күмбез формасында – сыртқы күштеудің ащы сезімталдығы және оған қарсы тұра алмаушылық.
Жапырақтағы бөліп тұратын сызық – пассивтілік, жұмсақтық, көнгіштік.
Бір сызықты дің ( сабақ ) – заттарға шынайы көзбен қараудан бас тарту.
Діңі ( сабақ ) жіңішке сызықтармен салынған, ағаштың ұшар басы жуанмен - өзін сендіре алады және емін – еркін әрекет ете алады.
Жапырақ жіңішке сызықтарымен – нәзік сезімталдық, иланушылық.
Сабақ қысылған сызықтарымен – шешім қабылдағыштық, активтілік, өнімділік.
Сабақтың сызықтары түзу – ептілік, тапқырлық, уайымдататын фактілерде тұрып қалмайды.
Сабақтың сызықтары қисық – активтілік, уайымдаушылық және бөгеттен шыға алмай қалушылық ойларымен тоқтатылған.
«Вермишель» - қиянат ету үшін арналған тұйықтық тенденциясы, елемеген шабуылдар, жасырын қатты ашу.
Бұтақтар сабақпен байланыспаған – шынайлықтан қашу, оның қалауларына сәйкес келмеуі, одан арман және ойынға қашып кету әрекеті.
Сабақ ашық және жапырақтармен байланысқан – жақсы интеллект, қалыпты даму, өзінің ішкі әлемін сақтап қалуға ұмтылу.
Сабақ ( дің ) жерден жұлынған – сыртқы әлеммен қатынастың жеткіліксіздігі, күнделікті және рухани өмірі арасындағы байланысы нашар.
Сабақ ( дің ) аяқ жағынан шектелген – бақытсыздықты сезіну, қолдау іздеу.
Сабақ ( дің ) аяғына қарай кеңейеді - өзінің ортасынан сенімді орынды іздеу.
Сабақ ( дің ) аяғына қарай жіңішкереді – ортада қауіпсіздікті сезіну, бірақ ол қалаған сүйемелдеуді бермейді; тынышсыз әлемде өзінің «менін» бекітудегі оңашалау және ұмтылу.
Ортақ биіктік – парақтың төменгі бөлігі – тәуелділік, өзі - өзіне сенудің жетіспеушілігі, билікті компенсаторлы қиялдау.
Парақтың төменгі жартысы – аз мөлшерде көрсетілген тәуелділік, жасқаншақтық.
Парақтың үш бөлігі – ортаға жақсы бейімделу.
Парақ толығымен пайдаланылған – байқалып қойғысы келеді, басқаларға сену, өз - өзіне сенушілік.

Жапырақтың биіктігі ( парақ 8 бөлікке бөлінеді ).

1/8 – рефлексия мен контрольдің жеткіліксіздігі. 4 жастағы балаға қалыпты жағдай.
1/4 - өзінің тәжірибесін түсіну және өз қимылдарына тежеу қою қабілеттілігі.
3/8 – жақсы контроль және рефлексия.
1/2 – интериоризация, үміттер, компенсаторлы қиялдар.
6/8 – жапырақтың биіктігі интеллектуалдылық даму мен рухани қызығушылықтың тәуелділігінде болады.
7/8 – жапырақ парақтың барлық жерін дерлік алып жатыр – қиялға қашу.

Бейнелеудің манерасы.


Үшкір шың ( басы ) – қауіп – қатерден қорғанады, шынайы немесе жалған, өзіндік ұмтылу болып қабылданады.; 
Басқаларға әсер етуді қалау, шабуыл жасайды немесе қорғанады, қатынастағы қиыншылықтар; 
Толымсыздық сезімін орнына келтіргісі келеді, билікке ұмтылу;
Тасталып кеткен нақты сезіміндегі нақты жағдай үшін қауіпсіз жер іздеу, мейірімділіктің қажеттілігі.
Ағаштардың көп болуы ( бір парақта бірнеше ағаштың болуы ) – баланың іс – қимылы, сыналушы берілген инструкция бойынша жүрмейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет