Сананың қалыптасуы Ислами сана



бет1/13
Дата07.02.2022
өлшемі44,5 Kb.
#94973
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
МҰСЫЛМАН ТҮСІНІГІ



Сананың қалыптасуы

    • Ислами сана

Адам баласы дүниеге келген кезде басы мағлұматтардан бос боп туылады. Ол өсе келе көру, есту, оқу арқылы және тағы басқа жолдармен мағлұматтар басында жинала бастайды. Осы мағлұматтар арқылы дүниеге деген көзқарас, дүниетаным қалыптасады. Бір қызығы, жанағы мағлұматтар түйіні нәтижесінде қалыптасқан дүниетаным оның басында мызғымастай қағида болып орнығады. Бұдан былай ол өмірге осы қағидамен қарай бастайды. Енді ол көрген, естіген, оқыған хабарларын басындағы қағидамен салыстырып, өлшейтін болады. Бұл бейне бір матиматикадағы есептерді өлшейтін қағида секілді. Шығарылған есеп қағидаға сәйкес келсе – дұрыс деп, сәйкес келмесе – дұрыс емес деп қабылданғандай, басындағы қағидаға көрген, естіген, оқыған хабарлары сәйкес келсе – дұрыс деп, сәйкес келмесе – дұрыс емес деп қабылдайтын болады. Сол сияқты, біздің де бұдан былай айтқар ақылымыз, пікіріміз, ойлаған ойымыз, ниетіміздің барлығы – осы қағидадан бастау алады. Егер, басымызда түзілген қағида дұрыс болса - ақыл, пікір, ой, ниетіміз және өмірге деген көзқарасымыз да дұрыс болады. Ал, егер, түзілген қағидамыз жаңылыс болса - ақыл, пікір, ой, ниетіміз және өмірге деген көзқарасымыз да жаңылыс болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет