Сананың қалыптасуы Ислами сана



бет5/13
Дата07.02.2022
өлшемі44,5 Kb.
#94973
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
МҰСЫЛМАН ТҮСІНІГІ

Мақсаты айқындалған сана

Біздің бұл өмірде бар болуымыздың мақсаты – Аллаға құл болу, Ол бұйырғандай өмір сүру. Өмірімізде не бар, соның барлығын Алла қалағандай жүзеге асыру. Яғни, Ол қалағандай ішіп –жеуіміз; Ол қалағандай жүріп-тұруымыз; Ол қалағандай киінуіміз; Ол қалағандай сөйлеуіміз; Ол қалағандай ойлауымыз; Ол қалағандай намаз оқуымыз; Ол қалағандай жұмыс істеуіміз - бүкіл өміріміз Оның қалағаныңдай болуы...

Алла Тағала бізді ерікті қылумен қатар, бұл әлемге жоқтан бар етіп, Өзіне құлшылық еткізу мақсатында жаратқаннан кейін, Оған жақсылап құлшылық жасап, әрбір айтқандарын мүлтіксіз орындай алуымыз үшін, бұл дүниеде жағдайларымызды жасады. Дем алуымыз үшін – ауаны, бойымызға қуат болуы үшін - тамақ-суымызды, ыстық пен суықтан қорған болар киіміміз бен баспанамызды, өмірден жалықпау үшін бала – шағаны, өмір сүруде бір-біріне жәрдемші болу үшін өзіміз тектес адамдарды, қажеттіліктеріне қарай қолдансын деп, жан-жануарлар мен табиғатты жаратты. Бұлардың бар болуының негізіне үңіліп қарасақ, барлығының мақсаты – біздерді Аллаға құл еткізуден тұрады екен. Яғни ауа, су бар болса, неге бар? Біздерді Аллаға құлшылық еткізу үшін бар. Киім, тамақ бар болса, неге бар? Біздерді Аллаға құлшылық еткізу үшін бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет