Сананың қалыптасуы Ислами сана



бет7/13
Дата07.02.2022
өлшемі44,5 Kb.
#94973
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
МҰСЫЛМАН ТҮСІНІГІ

Мақсат пен қосымша

Адам баласы өмірде мақсатсыз өмір сүрмейді. Адамның өмірде үлкен-кіші, маңызды-маңызсыз әйтеуір бір мақсаты болады. Мақсатсыздық адамдарды жалықтырады. Мысалға ойлайық, таңертең тұрып, еш мақсат жоқ Астанаға барайық, бізді ол жерде адамдарымыз күтіп алып, жақсы қонақжайлылық жасап, ең қымбат қонақ үйге жатқызып қойса да, біз бір-екі күн өткеннен кейін жалыға бастаймыз. Өз-өзімізге сұрақ қойып, «мен бұл жерде неге жүрмін, неге жатырмын, бір нәрсе істемеймін ба немесе кетпеймін ба» дей отырып, өзіміздің жалыққандығымызды білдіре бастаймыз. Неге? Өйткені біз ол жерге мақсатсыз барғанымыз үшін. Ал егер, үйден Астанаға бір мақсатпен шықсақ, ол мақсат еткен ісімізде, құрылыс секілді ауыр жұмыстардан болса, әрі жағдайымыз жөнді жасалмаса да, біз ол жерде, жалықпай жылдап қала аламыз. Неге? Өйткені біз, ол жерге бір мақсатпен барғанымыз үшін. Дәл осы айтылғандар секілді өмірге келуімізде де бір мақсат бар. Адамдар өмірде дұрыс-жаңылыс, үлкен-кіші, маңызды-маңызсыз бір мақсатпен өмір сүріп жүрген жайы бар. Олай болмағанда яғни, мақсатсыздық болған кезде, адамдар бұл өмірде қалуды армандамақ тұрмақ, жасағысы да келмейтін еді. Өйткені адамның табиғаты жалығуды жақтырмайды. Ал енді Өмірдің барлық нәрсесі біз үшін орындауымыз керек болған мақсаттарымыздан болуы мүмкін бе? Әрине жоқ, өмірдің барлық нәрсесі біз үшін мақсат болып табылмайды, әрі бұл мүмкін де емес. Егер олай болса, адамдар өмірдің әрбір ісің орындаймыз деп, шаршау мен қиындықтың қыстауында қалған болар еді. Бұл да адамның табиғатына жат дүние. Өйткені адамның табиғаты қиналуды қаламайды. Әрі адамдар өмірде бір мақсатын орындағанмен, екінші мақсатын орындау мүмкіншілігін табулары қиын болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет