Аталмыш бұл қағидалар дұрыс немесе бұрыс болып та қалыптасуы мүмкін, әрі бұлар көбінесе жаттандылыққа негізделеді.
|
Айналамызда болып жатқан оқиғалар, атап айтсақ: сөйлеген сөзіміз, естіген әңгімеміз, ішіп-жеген тамақ – сусындарымыз, салған үйіміз, киген киіміміз, оқыған оқуымыз, істеп жүрген жұмыстарымыз тағы басқа осындай істеріміздің барлығы – жалпы адам баласының басында терең ойдың нәтижесінде орнықпайды. Керісінше, жаттанды түрде жүзеге асып жатады. Ал енді адамдардың жаттанды қағидаларына кереғар пікір айтылып немесе бір іс істелсе - ол іс немесе пікір дұрыс болса да: «Адамдардың бәрі ақымақта, сен ақылды болып қалдың ба?» - деген сөздер айтыла бастайды. Өйткені, сен олардың басындағы жаттап алған қағидаларына қарама-қайшы келіп тұрсың.
|